kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Дені сау ?рпа? - болаша? кепілі "

Нажмите, чтобы узнать подробности

      " Дені сау ?рпа? - болаша? кепілі "                          

Ма?саты: Бір орта?  ма?сатты ж?мыла бірігуге, ?йымшылды??а баулып, ?имыл-?рекетке жатты?тыру. Салауатты ?мір салтын насихаттау?а ж?не спортпен ш??ылданып т?ру?а ша?ыру. Сымбаттылы??а, шымыр болу?а, ептілікке т?рбиелеу. К?ш ?уат пен секіргіштікті дамыту.

?діс-т?сілдері: к?рсету, т?сіндіру, с?ра?-жауап, монтессори, д?ст?рден тыс т?сілі.

К?рнекіліктер: интерактивті та?та, кішкене доптар, шелектер, к?ректер, ?уе шарлары, кубиктер, тая?шалар, шы?ыршы?тар, орамалдар, жіптер, г?лдер, к?белектер, ?ыстыр?ыштар, кедергілер,кеглилер.

Ж?ру барысы: С?леметсіздер ме ??рметті ата-аналар, апайлар, б?лдіршіндер! Б?гінгі ?ткелі т?р?ан «Баланы? денсаулы?ы-?лт саулы?ы» атты спортты? ойын-сауы?ымыз?а  ?ош келді?іздер! Ендеше спортты? ойын-сауы?ымызды бастамас б?рын ?діл-?азы ал?асын таныстырып ?тейін:

Ендігі кезекте орта?а сайыс?а ?атысушы «К?штілер» ж?не «Шымырлар» топтарын ша?ырайы?. Балалар зал?а біріні? артынан-бірі тізбектеліп ?олдарына жалау ?стап кіреді. Енді мен спортты? ойын-сауы?ты? кезе?дерімен тансытырып ?тейін:

1. «К??ілді ?уе шарлар» ойыны.

2. «Кім ??ыпты» ойыны.

3. «Т?йілген орамал» ойыны.

4. «К?лімде, К?н» ойыны.

5. «Шыны?айы? шымыр болайы?» ойыны.

- Балалар екі ?арсылас топ бір-бірлері?е  с?лемдемелері?ді жолда?дар.

Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезе?. «К??ілді ?уе шарлар» ойыны. Ойын шарты: ?уе шарларын ?олымыз?а ?стап, кеглилерді? арасымен ?тіп, межені айналып, ?айтарда ж?гіп келу.

 – Б?ркелді балалар не деген шапша?сы?дар.!

2-кезе?. Келесі  ойынымыз «Кім ??ыпты». Шартымен таныстырып ?тейін: шы?ыршы?тан секіріп, жерде жат?ан к?белектерді жо?арыда т?р?ан г?лге орал?ан жіпке, ая?ты? ?шы к?теріп, ?олдарымызды созып  ?ыстыр?ышты ашып ілу.

-?те тамаша балалар!

3-ші кезе?.  «Т?йілген орамал» ойыны. Ойын шарты: шы?ыршы?тан ортасынан ?тіп, отыр?ышты? ?стінен т?йілген орамалды алып келу.

?діл?азы ал?асы ?діл ба?алары?ызды берсе?іздер!

4-ші кезе?. Ойнайы? та, ойлайы?та ойнайы?,

                    К?шімізді к?рсетейік, сынайы? –деп «К?лімде К?н» ойынын ойнайы?. Шарты: Кубиктерді? арасымен ?тіп, ше?берге, шашылып жат?ан тая?шалардан к?н бейнесін  ??растыру.

-Жарайсы?дар балалар ?андай ?демі К?н!

5-кезе?. «Шыны?айы? шымыр болайы?» ойыны. Ойын шарты: мына ?олымызда?ы к?рекке салын?ан допты жерге т?сірмей шапша? шелекті? ішіне т?сіреміз.

-Балалар сендер б?гінгі спортты? ойын?а белсенді атсалысты?дар.

Ендігі кезекті ?діл-?азы ал?асы сіздерге с?з берейін. Балалар же?істерін ??тты болсын. ?р?ашан биіктерден к?рне бері?дер.

Осымен "Дені сау ?рпа? - болаша? кепілі" атты спортты? ойын-сауы?ымыз т?м?мдалды. Басымыз аман, бауырымыз б?тін болсын! Келіп тамашала?андары?ыз?а рахмет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Дені сау ?рпа? - болаша? кепілі "»

Үш тұғырлы тіл

«Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының қажетті шарты. Ол əрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады»,- деп К.Аханов айтқандай, тіл – біздің өміріміз бен қоғамымыздың ажырамас бөлігі. Қазіргі Қазақстанда тіл мəселесіне көп мəн беріледі. Əсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды . Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Біздің халқымыз үшін қазақ тілінің маңыздылығын жəне оның еліміздегі орын алуы туралы қазақ халқының зиялы азаматтарының ерте заманнан бастап айтқандары белгілі. Қазіргі уақытта да бұл мəселеге мемлекет тарапынан аса назар аударылатындығы баршамызға мəлім. Мысалға айтатын болсақ, Елбасымыз өз еңбектерінде бұл мəселені назардан тыс қалдырмайды. Соның ішінде Президентіміздің біз үшін аса маңызды 2012 жылғы Жолдауындағы тіл мəселесіне байланысты ойларын айтуға болады. Оның айтуы бойынша: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруымыз керек. Бұл – өзін қадірлейтін əрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Келер ұрпақтың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тіл саясатын сауатты жəне дəйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек». Осыдан Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс деген талап қойып отыр. Бұл талаптарды орындауда елімізде шаралар жасалып жатыр. Соның нəтижесінде қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Осындай шараның қолданылу барысында, біздің ойымызша, елімізде он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сенімдеміз. Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Əрине, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Себебі, əрбір ұлт өз ана тілін меңгеріп, күнделікті өмірде кеңінен қолданбаса, оны жекеленген ұлт деп толық айта алмаймыз. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев бұл мəселеге ерекше назар аударады. Ол өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ елі» деп атайтын боламыз» — деді . Осыған орай, қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады деген үміттеміз.

Енді келесі кезекте біздің республикамызда мемлекеттік тілмен бірдей дəрежеде қолданылатын орыс тіліне тоқталамыз. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан Ресей империясының, кейіннен КСРО-ның құрамында болды. Сол уақытта орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып бекітілді. Қазақстандағы орыс тілділіктің ерекшелігі осы тілде сөйлейтін адамдардың көпшілігі этникалық орыстар еместігінде болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының 2-бабында мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірдей дəрежеде орыс тілі қолданылатындығы жазылған . Орыс тілі жаңа Қазақстан жерінде ХХ ғасырдың басында кеңес билігі орнауымен, түрлі этникалық топтардың көшірілуімен, орыстандыру саясатының орнатылуының нəтижесінде кең таралды жəне ұлтаралық қатынас тіліне айналды. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Бұл жайлы қазақтың біртуар ақыны ұлы Абай да айтып өткен болатын. Ақын «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыста зор», «сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады» дейді.Дəл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тəтті ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Осыған байланысты Елбасымыз тіл саясаты бірде-бір тілге қысым көрсетілмей жүргізілу қажеттігін айтып өтті. Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі, орыс тілінің ресми мəртебесі жəне барлық этностар мен олардың мəдениеттерінің тең жағдайда дамуы туралы мəселе шешілген. Болашақта бүкіл азаматтардың мемлекеттік тілді білуі бізді бұрынғыдан бетер теңдестіріп, бірлікті нығайта түседі. Ширек ғасырдан бері біз тіл саясатында айқын бағытпен келеміз – мемлекеттік тілді біртіндеп дамытудамыз жəне бүкіл этностар тілдерінің дамуы үшін жағдайлар жасаудамыз. Бүгінде Қазақстан тұрғындарының көпшілігі кем дегенде екі тілде сөйлейтін елдердің бірі. Мемлекеттік тілдің жоспарлы дамуы орыс тілінің дəрежесіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы үшін ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады”, -деді ол . Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі. Ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі əлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім де дау айта алмас. Сондай-ақ, əлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бəсекеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы тиіс деген отандық ғалым Н. Кекілбекованың пікірімен келісуге болады. «Үш тұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру – ғаламдық ақпараттар мен инновациялық технологиялардың ағынына кіру деген сөз. Əлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында ағылшын тілін оқыту өзекті болып отыр. Əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мəдени қатынастарды калыптастыруы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, əр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы ағылшын тілінің рөлін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер жəне интернет жүйесі арқылы тілдесу əр түрлі мамандықтағы, əр түрлі жастағы адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Тіл – тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Осы мəселені қолданысқа алуда елімізде ағылшын тілін игеруде серпіліс жасау мақсатымен 2013 жылдың 1-қыркүйегінен бастап ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту енгізілді. Бүгінгі күні тəуелсiздiкке қол жеткізген жылдардан берi əлемдегi көптеген елдермен саяси-əлеуметтiк, экономикалық жəне мəдени байланыс жасауға кеңiнен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нəтижелi болуы, ел мен елдiң, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бiрлiгiн өркендеуге тiл бiлудiң мəнi күн сайын арта түсуде. Елімізде бұл жайлы біраз қоғамдық пікірлер айтылуда. Мысалы, ағылшын тілінің мəртебесі жөнінде мынадай пікір бар: «Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік».

Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі жəне дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ-ның алты ресми тілінің біреуі. Дамыған отыз елдің ішіне кіру үшін бəсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мəн берілуде. «Ағылшын тілі бізге əлемдік аренаға шығу үшін қажет. Бүгінгі таңда əлемдегі шығарылатын оқулықтардың 85 %-ы ағылшын тілінде. Қазақстанда 3,5 мың шетелдік компаниялар жұмыс істеуде. Біз олармен қандай тілде сөйлесеміз? Үштілділік біз үшін қалыпты жағдай болуы тиіс», — деді Елбасы Н.Ə. Назарбаев. Расында да, ағылшын тілін білу жастарға əлемнің ең үздік ЖОО-да білім алуға, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде тəжірибе жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл əлемнің əр түкпірінде кəсіпкерлікпен айналысудың, іскерлік қарым-қатынас жасаудың маңызды талабы болып табылады. Бірнеше тілді меңгерген азаматтардың өз елінде де, шетелде де бəсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз. Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамда ағылшын тілін білу жас ұрпақтың жаңа ақпарат алуында үлкен мүмкіндіктер береді деген пікірмен де келісуге болады. Тəжірибе көрсеткендей, тіл – мəдениеттің кілті, ұлттық бірліктің жалпы механизмі, ұлттың əлеуметтік құрылым болуының басты құралы. «Тілі бірдің – тілегі бір», «тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету – парыз», — дейді Д. Ғаббасова. Сондықтан да, «жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып-білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылысын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу басты міндетіміз болып табылады» — деп жалғастырады осы отандық ғалым. Жоғарыда айтылғандырдың барлығын ескере отырып, тіл тағдыры – ел тағдыры деп айтсақ қателеспейміз. Өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Əлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тəрбиелеу болып табылады. Ол дегеніміз – өз ана тілін терең меңгерген, сол тілде еркін сөйлей алатын, сонымен қатар бірнеше халықтың тілін білетін ұрпақты тəрбиелеу. Білім мен ғылымның, инновацияның, жалпы Қазақстанның дамыған жағдайында Елбасы біздің алдымызға үш тілді меңгеру қажеттігін қойды. Қазақстан азаматтарының, яғни, біздің парызымыз – «өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, шет тілдерді де білу деп ойлаймын. Сонымен, біз көрсеткендей тілдердің үштұғырлылығы – уақыт талабы. Үш тілді білу жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады. «Үш тұғырлы тіл» идеясы – жарқын болашақтың кепілі. Тілдердің үштұғырлылығы мəдени жобасында көрсетілгендей «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі». Біз осы істің тек жанашыры ғана емес, орындаушылары болуымыз керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
" Дені сау ?рпа? - болаша? кепілі "

Автор: Сраилова Алима Ордабековна

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 313273

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Дені сау ?рпа? - жар?ын болаша?"
    ["seo_title"] => string(36) "dieni-sau-u-rpak-zhark-yn-bolashak-1"
    ["file_id"] => string(6) "312213"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459319769"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Баяндаманы? та?ырыбы: Білімді де дені сау ?рпа? т?рбиелеу-басты ма?сатымыз. "
    ["seo_title"] => string(81) "baiandamanyn-tak-yryby-bilimdi-die-dieni-sau-u-rpak-t-rbiielieu-basty-mak-satymyz"
    ["file_id"] => string(6) "186306"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426322315"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(163) "?ылыми жоба "К?ркем гимнастика -болаша? дені сау ?рпа?ты? кепілі ж?не ?лтты? на?ышты? бейнесі" "
    ["seo_title"] => string(107) "g-ylymi-zhoba-korkiem-ghimnastika-bolashak-dieni-sau-u-rpak-tyn-kiepili-zh-nie-u-lttyk-nak-yshtyn-bieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "246851"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446466759"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "«Еліміздің болашағы – дені сау отбасы мен бала бақытында»"
    ["seo_title"] => string(59) "ielimizdin_bolashag_y_dieni_sau_otbasy_mien_bala_bak_ytynda"
    ["file_id"] => string(6) "452853"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517048397"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "«Еліміздің болашағы – дені сау отбасы мен бала бақытында»"
    ["seo_title"] => string(61) "ielimizdin_bolashag_y_dieni_sau_otbasy_mien_bala_bak_ytynda_1"
    ["file_id"] => string(6) "452860"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517050342"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства