Просмотр содержимого документа
««Дәмді алмалар» сурет салу»
Ортаңғы «Бәйтерек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 06.09.18
Тәрбиеші: Крекеш А.С
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Өтпелі тақырып: Менің балабақшам
Кіші саласы: Сурет салу
Тақырыбы: «Дәмді алмалар»
Мақсаттары:
Білімділік: Алманың суретін сала білуді үйрету
Дамытушылық:Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Жеміс-жидектерге деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, салыстырып әңгімелеу, сұрақ- жауап.
Қолданылатын көрнекіліктер мен қажетті құрал-жабдықтар:
Сөздік жұмысы: «Дәмді алмалар» балалардың сөздік қорын дамыту
Билингвалдық компонет: алма-яблоко, дәмді-сладки.
Іс-әрекет кезеңдері
Ұйымдастырыушылық –ізденістік
Шаттық шеңбері.
Қызыл- жасыл, қарасын Қолға кезек аласың. Қарындашпен әртүрлі, Алуан сурет саласың. Қарындаштың көмегі, Міне, қандай көп еді. Ұштай біл де, ұстай біл, Түрлі өрнек төгеді.
( Н. Айтов.)
Балалардың іс- әрекеті
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді. Қылқалам мен қарындашты естеріне түсіріп,ұстап көріп, сұраққа жауап береді.
Педагогтың іс-әрекеті
Тақтаға «Күз» мезгілінің суреті ілінеді. Күз мезгілі туралы білім дерін кеңейту үшін әңгіме жүргізіледі. Балалар сурет қарап әңгіме құрайық. –Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? «Домалақ», «әдемі», «қызыл», «сары»,»жасыл»деген сөздермен сөз тіркесін құрастырады.
Ондай болса алманың суретін ақ қағаз бетіне саламыз:
-Қылқаламды үш саусақпен ұстап, суға батырып, артық суды стақан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қалаған бояуымызға салып, қылқаламның ұшымен жоғарыдан төмен қарай сызықтар жүргізе отырып, алманы толық бояп шығамыз .Енді қылқаламды жуып, қоңыр бояуға салып, алманың сабағын саламыз. Алманың ішін бояу үшін қылқаламды бояуға толық батырып жоғарыдан төмен қарай жүргіземіз.
Балалардың іс- әрекеті
Балалар суретке қарап әңгіме құрайды. Алманың пішіні оның дәмді түсі қызыл, сары, жасыл екендігін байқайды.
Балалар тәрбиешінің көмегімен алманың суретін ақ қағаз бетіне салады.
Қорытынды: Ал балалар қазір жылдың қандай мезгілі:
-Қазір күз мезгілі. Себебі айналаның барлығы сары түсті болып тұр. Күзде жемістер, көкөністер піседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Балалар біз сендермен бүгін не өттік. Алманың пішінің, дәмін, түсін, иісін үйрендік. Алма жемісін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай біледі. Жоғарыдан төмен қарай сызық сызуды, алманың суретін салуға дағдыланады.