kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сурет салу ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:  «Шы?армашылы?».

Б?лімі:  Сурет салу.

Та?ырыбы:  Д?мді алмалар.

Ма?саты: а) Алманы? суретін сала білуді ?йрету. Алма жемісін салуда ?з еркімен бояу т?стерін та?дай білу. Жо?арыдан т?мен ?арай ?ыл?аламмен сызы?тар ж?ргізе отырып толы?, тегіс бояу?а ?йрету. ??ыпты ж?мыс жасау да?дыларын ?алыптастыру. Жеміс-жидектерге деген с?йіспеншілік сезімдерге т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар:  к?з мезгіліні? суреті, ыдыста?ы алманы? суреті.

?ажетті ??рал-жабды?тар:  бояулар, ?ыл?алам, ?а?аз, су, с?лгі, магнитофон, баяу ?уенді к?йтаба?, сурет д?птер.

С?здік ж?мысы:  алуан, ?р т?сті, ?рт?рлі, терек, б?та?тар.

?діс – т?сілі: с?ра?-жауап, к?рнекілік, т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сурет салу ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы»

1 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Дәмді алмалар.

Мақсаты: а) Алманың суретін сала білуді үйрету. Алма жемісін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай білу. Жоғарыдан төмен қарай қылқаламмен сызықтар жүргізе отырып толық, тегіс бояуға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Жеміс-жидектерге деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреті, ыдыстағы алманың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: алуан, әр түсті, әртүрлі, терек, бұтақтар.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қызыл-жасыл, қарасын

Қолға кезек аласың,

Қарындашпен әртүрлі,

Алуан сурет саласың.

Қарындаштың көмегі,

Міне, қандай көп еді.

Ұштай біл де, ұстай біл,

Түрлі өрнек төгеді.

/Н.Айтов/.

Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді, қылқалам мен қарындашты естеріне түсіріп, ұстап көріп, сұраққа жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тақтаға «Күз» мезгілінің суреті ілінеді. Күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту үшін әңгіме жүргізіледі.

Педагог балаларға сурет бойынша әңгіме құратады.

  • Балалар, мынга суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Алма туралы сұрақтар береді. Балалар алманың суретін салады.

«Домалақ», «әдемі», «қызыл», «сары», «жасыл» деген сөздермен сөз тіркесін құрастырады.

«Әртүрлі», «алуан түрлі» сөздерін қайталатады.

Педагог алманың суретін салу жолдарын түсіндіреді.


/Баяу ойнайтын әуен қоюға болады/.

  • Қылқаламды үш саусақпен ұстап, суға батырып, артық суды стақан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қалаған бояуымызға салып, қылқаламның ұшымен жоғарыдан төмен қарай сызықтар жүргізе отырып, алманы толық бояп шығамыз.

  • Енді қылқаламды жуып, қоңыр бояуға салып, алманың сабағын саламыз. Алманың ішін бояу үшін қылқаламды бояуға толық батырып жоғарыдан төмен қарай жүргіземіз.




Бой сергіту жаттығуы:

Қолды үстерлге қоямыз,

Саусақтарды санаймыз.

1,2,3,4,5 – 1,2,3,4,5

Екі қолды қос,

/Екі рет қайталауға болады/.

/Балалар толық жауап беруі тиіс, бір рет хормен айтады, сосын жеке-жеке сұрау қажет/.

  • Қазір күз мезгілі.

Себебі, айналаның барлығы сары түсті болып тұр.

Күзде жемістер, көкөністер піседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Мысалы: Алма – домалақ, қызыл алма, дәмді алма, алмада көп дәрумендер болады т.б.


Ьалалар педагогтың үйретуі б/ша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды.

Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Педагог сұрақтар арқылы оқу іс-әрекетін пысықтайды.

  • Қараңдаршы, балалар, алмаларымыз әр түсті болып шықты / тақтаға балалардың жасаған жұмыстары ілінеді/. Қызыл, сары, жасыл алмалар – бір сөзбен әр түсті, алуан-алуан түсті деп атауға болады.

  • «Алуан» сөзін қайталатып айтқызады.

  • Балалар жұмысын талдап, мадақтайды.

Балалар толық жауап береді. Жеке-жеке жауап алынады.

Мысалы: Мен алманың суретін салдым. Алма – жеміс, ол ағашта өседі.

/Дыбыстарды дұрыс айтпаса, педагог өзі бір рет айтып, балаға қайталатады/.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: алма жемісін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай біледі;

Игереді: жоғарыдан төмен қарай сызық сызуды;

Меңгереді: алманың суретін салуға дағдыланады.










































2 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Алма бағы.

Мақсаты: а) Алма ағашының суретін сала білуге үйрету; Алма ағашының құрылысына, ерекшелігіне сәйкес оның бөліктерін, бір-біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрету. Ағаш діңін қылқаламмен бастыра сызу және жапырақтары мен алмаларын әдемі бояуға жаттықтыру. Көріністі қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: алма бағының көрінісі.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: дің – ағаштың ең негізі бөлігі.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне деген жылы тілектерін айтқызады. Алма ағашының гүлі немесе алманы бір-біріне бере отырып тілек айтады.

Балалар бір-біріне мейірлене қарап гүл сыйлайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші күз мезгілі туралы тақпақты мәнерлеп оқиды.


Берекесін сыйлауға,

өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздеді.


Тақпақтың мазмұны б/ша әңгіме жүргізеді.


«Кім көп жеміс жинайды?» дидактикалық ойыны:

Балалардың екі топқа бөліп, жемістерді шашқызып, жинатып, санатып, түстерін ажыратқызып, салыстырып ойнатуға болады. Педагог бақшадағы алма ағаштары туралы әңгіме жүргізеді: оларды бір-бірімен салыстырады: санатады.

Жеміс-жидектердің түрлерін атақызады.


Сргіту сәті: әуен ырғағымен қимылдар жасайды.

Тақтадағы суретке қарап, алма бағындағы ағаштардың суретін салуды ұсынады.

Мына түрдегі түсіндіру жұмысын жүргізеді: суретке алдымен ағаштың діңін қоңыр бояумен салып аламыз, қылқаламды қаттырақ басып діңін толық бояймыз, содан кейін бұтақтарын саламыз және жапырақтарын жасыл, сары түспен қылқаламның ұшымен сүйкей жаға отырып бояймыз, соңында қызыл, сары түсті алмаларды қылқалам ұшымен домалақтап салып бояймыз, қосымша жанына гүлдер, шөптер салуымызға болады.

Сөздік жұмысын жүргізеді.


  • Себебі, жеміс-жидек күз мезгілінде піседі.


Сұрақ-жауап.

  • Ауылдағы атам мен әжемнің үйінде алма бағы бар. Біз алма жинауға көмектестік.









Алма, өрік, шие, т.б.


Мен күз мезгілін жақсы көремін.

Дәптерлерімен жұмыс.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе, балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, суреттерін барлық балалға көрсетеді.

- Мен алма бағындағы ағаштарды салдым. /балалардан көбірек жауап алуға тырысу керек/.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: алма ағаштың құрылысына, ерекшелігіне сәйкес оның бөліктерін, бір-біріне қатынасын дұрыс көрсетуі;

Игереді: ағаш діңін қылқаламмен бастыра сызуды және жапырақтары мен алмаларын әдемі етіп бояуды;

Меңгереді: бақшадағы ағаштардың көрінісін сала білуді.


3 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Жолақтағы ою элементтері.

Мақсаты: а) Қазақ оюларының суретін салу тәсілдерімен таныстыру; қолданатын бұйымдарды ою- өрнектермен безендіру жолдарын геометриялық фигуралар салу арқылы көрсету; үзік сызықтарды қосу арқылы қандай бейне шығатынын білдіру, балалрдың көркемдік талғамын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ою-өрнектерімен безендірілген тұрмыстық заттар, геометриялық фигуралар.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: Ою-өрнек.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Тәрбиеші ою-өрнектер суретін көрсетеді, бірнешеуінің: «қошқармүйіз», «құсқанаты», «гүл», «ирексу» аттарын атап өтеді және оларды қимыл қозғалыспен көрсетеді.

«Қошқармүйіз» қолдарын жоғары көтеріп, сыртына қарай қолдың басын ию, «құсқанаты» - екі қолды жоғары көтеру т.б.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ұлттық бұйымдарды /сырмақ, кесе/ көрсетеді, сандықтың атауларын сұрайды, олардың ою-өрнектеріне назар аудартады.

Ою-өрнек /ирек және тышқан ізі деп аталатын/ бейнеленген суреттерді көрсетеді. Сұрақ-жауап арқылы олар туралы түсінік береді.

«Қандай пішін жоқ?» дидактикалық ойыны:

Мақсаты: жаңа ою-өрнек элементеріне балалардың көздерін үйрету және оны басқа пішіндерден ажырата білу.

Шарты: төрт пішінді /шеңбер, тіктөртбұрыш, «ирек» және «Тышқанізі»/ тақтаға іліп қояды да, ішінен бір пішінді жасырады. Балалар қай пішін жасырылғанын айтады.


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.



Ою- өрнекті салып аяқтау. /Музыка қоюға болады/.

  1. «Ирек» өрнегін сынық сызықтарды үшбұрыштап қосу арқылы үзбей сызуға жаттықтыру /қарындашпен қосу/.

  2. Үшбұрыштарды аяқтау.

  3. Жолақшада тұрған үшбұрыштарды бояту, яғни оны балалардың қалаулары бойынша бояуға қылқаламды батырып, жоғарыдан төмен қарай, дәптердің сол жағынан бастап бояу, дайын ою-өрнектерді бояу. Жұмыс барысы туралы пысықтау сұрақтарын қоюға болады.

Балаларды толық және жеке-жеке жауап беруге үйрету.

  • Сандықта бейнеленген ою «қошқармүйіз» деп аталады, ал кеседегі ою «құсқанаты» деп аталады.

  • Үшбұрышқа ұқсайды, түстерін қайталау. Салыстыру, түстерін атайды.

  • Үшбұрышқа ұқсайды, себебі үш бұрышы бар.

Балалар атауларын атап қайталайды.

/екі ретьойнатуға болады/.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.





  • Мен ою салып жатырмын.

  • Балалар педагогтің бағыт беруімен жұмысты бастайды.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Жұмыстарын аяқтаған балалардың дәптерлерін топтағы төсеніш үстіне реттеп қояды, педагог балаларды тыңдайды, олар өз-өздеріне баға береді. Педагог балалардың суреттеріне талдау жасайды.

Қандай ою салып отырғандарын, оның үшбұрышқа ұқсайтынын айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақ оюларының суретін салуды;

Игереді: геометриялық фигуралар салуды, үзік сызықтарды қосу арқылы, нүктелеп белгілеу арқылы сурет салуды;

Меңгереді: геометриялық фигуралар салу арқылы ою-өрнектермен безендіру жолдарын..






4 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Не салғым келсе, соны саламын.

Мақсаты: а) Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дөңгелек, сопақша және сопақша бейнелер жасай білуге баулу, сурет салуда өзінің көңіл күйін бейнелей білуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жемістердің суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: көкөністер, жемістер.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

«Дүкен» ойыны: балалар кезекпен келіп, тәрбиешінің сұраған жемістерін сатып алады. Тәрбиеші: «Дина, сары жеміс сатып әкел», «Арман, қызыл және домалақ жеміс сатып ал» деген тәрізді тапсырмалар береді., балалар ол жемістердің аттарын айтады т.с.с.

Дина үстелдің қасына барып, сары жемісті /банан немесе алмұрттың т.б/ атайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог тақтаға көкөністер мен жемістердің суретін іліеді.


Жұмбақ жасырады:

Бақшада өседі,

Көп өнім береді.


Аспай піскен,

Қайнамай түскен.


Суретпен жұмыс жүргізу:

  • Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Айырмашылығы не? Түсі қандай? Пішіні қандай?

  • Балалар, біз күнделікті өмірде, балабқшада жемістерді жиі қолданамыз, себебі оның дәрумені өте көп, денсаулығымызға пайдасы өте зор.


Сергіту сәті.

Жемістер пісті,

Бәрі жерге түсті.

Жапырақтар да түсіп жатыр,

Бәрі бір-бірін қуып,

Ұшып жер жетті.

Біз оларды теріп алдық.

Балалар қалаулары бойынша дөңгелек немесе сопақша пішінінен жемістердің суретін салады.

- Қағаз бетіне дөңгелек пішінді бастырып, қарындашпен домалақ сызып аламыз, таяқшаға бекітілген губкамен дөңгелектің ішін басып-басып қызыл сары түспен бояймыз. Лимонды, алмұртты жасау үшін сопақша пішін саламыз.

Балалар толық жауап беріп үйренеді.


  • Көкөніс.


  • Жеміс.


  • Алма тәтті.




Оның түсі қызыл сары. Пішіні дөңгелек болады. Бананның пішіні сопақша болады, түсі сары т.с.с.



Өлең мазмұнын қимылмен көрсетіп, тәрбиешімен бірге қайталайды.







Дәптерлерімен жұмыс.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Педагог сұрақ-жауап арқылы балалардың білімін қорытып, балалардың білімін қорытып, жұмыстарына талдау жасайды, мақтап-мадақтайды.

Толық жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қылқаламның тек ұшын ғана тигізіп, тік бағытта ұстауды.

Игереді: жоғарыдан төмен қарай сызу, нүктелерді қосуды;

Меңгереді: дөңгелек және сопақша бейнелер жасай білуді, сурет салуда көңіл күйін бейнелей білуді.




5 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Үлкен және кішкентай сәбіздер.

Мақсаты: а) сәбіздің суретін сала білуге үйрету: балалрдың сопақша пішіннен бейне жасау, бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге үйрету. Сурет салуда батыл қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Сәбіздің суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: сәбіз, сабақ.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Барлығы бір-біріне деген жылы тілектерін айтады.

Балалар шеңбер жасап тұрады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог сурет бойыншаб жыл мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.

  • Қоянның қолында не бар?

Педагог салыстыру, түстерін ажырату, пішіндерін айту сияқты т.б. жұмыстарды жүргізеді.

  • Сәбіз қанша түстен тұрады?


Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын саалып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


Педагог балалардан қояндардың қолындағы үлкен және кішкентай сәбіздің суретін салуды өтінеді.

- Алдымен үлкен сәбіздің суретін саламыз. Қарындашпен жіңішке сызық пен ұзын екі сопақша сызықтарды кезекпен сызып, бір-біріне қосамыз.. сәбіздің ұш жағы жіңішке, бас жағы жуандау болып келеді. Содан кейін сабағын саламыз. Сәбіз суретін қызғылт сары түспен бояймыз. Ал кішкентай сәбізді де дәл осылай саламыз, бірақ ол үлкен сәбізге қарағанда кішілеу болады.

Күз мезгілі жеміс-жидек, көкөністер байлығын береді.




Қимылмен көрсетеді.













Қоян сәбізді жақсы көреді. Қоянның қолындағы сәбізі үлкен, ал көжегінің қолындағы сәбізі кішкентай.

Балалр толық жауап береді.


- Жасыл түспен сабағын бояймын. Сәбізіміз дайын болады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Тәрбиеші балалардың суретті жақсы салғандарын, қоянның қуанып, алғысын білдіргенін айтып, көңілдерін көтереді.

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтап-мадақтайды.

Не салғандарын әңгімелейді.

- Мен алмұрт салдым, ол сопақшаға ұқсайды т.б.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: сәбіздің суретін салуды;

Игереді: бейнені қабылдауды, түстер мен ырғақты сезіне білуді;

Меңгереді: пішіндерден бейне жасауды.




6 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: а) Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу. Күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды үйрету. Ағаштың діңін төменнен жоғары қарай жіңішкеретінін, яғни жоғары жағы жіңішке, төмен жағы жуан болатынын айту, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салып үйрету, саусақ қимыл қозғалыстарын еркін пайдалану, сызықтарды батыл жүргізу, түстердің үйлесімділігін сезінуге, заттың пішінін ұқсата салуға үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күз көрінісі» суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: алтын күз – сары алтындай; жомарт – қолы ашық.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

- Балалар,сендерді аналарың не деп еркелетеді? Сендерге қандай жылы сөздер айтады?

Балалар шеңбер жасап отырады. Сұраққа жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Күз мезгілі туралы тақпақ оқып, осы тақырыпта әңгімелеседі.

«Алтын күз» /Ғ.Қайырбеков/.

Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді,

Қойны толы дәмді нан,

Тәтісі көп не түрлі.

Тәрбиеші балаларға күз мезгілінің белгілерін айтқызады.



Сергіту сәті:

«Тамып, тамып, тамып, тамып» деп айтып отырыа кетеді.

Суретке қарап, сурет салғызады.

  • Ең бірінші ағаштың діңін төменнен жоғарыға қарай жасаймыз, төмен жағы жуандау болып келеді, бұтақтары екі жақ шетіне, діңінен жіңішке әрі қысқа болып келеді.




Балалар, бұған қосымша жерді, бұлтты, күнді салады.




- Қылқаламды бояуға батырып, солдан оңға ұзын толқынды сызық сызамыз, қылқаламның бүкіл ұшымен жерді солдан оңға қарай бояймыз. Жаңбырды қылқаламның ұшымен саламыз.

Сұрақ-жауап.

  • Күз мезгілі.

  • Алтын күз дейміз.

  • Жаңбыр жауып тұр.

  • Ағаштар қозғалып тұр.

  • Жапырақтар түсіп жатыр.

  • Аспан бұлттанып тұр.

  • Күн суыта бастады.



Тәрбиешіиен бірге қимылмен көрсетеді.


Дәптерді ашып, жеңдерін, түріп, сұқ саусақтарын дайындайды.

Жер қара, батпақ болады, жерді қоңыр түспен бояймыз.

Ағаштардан жапырақтар жерге түсіп жатыр, жапырақтардың түсі сары, сары түске саусағымызды батырып, жапырақтар саламыз.

Саусағымызды жуып, сүлгімен сүртіп, бұлттың ішін бояймыз.

Саусақпен көк түске бояймыз.

Рефлексиялық-түзетушілік.

  • Балалар, бүгін біз не жайлы сурет салдық?

  • Өте жақсы, суретті тамаша салдыңдар.

Балалар суретке қарап әңгімелеп береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне бейнелуді;

Игереді: күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды;

Меңгереді: ағаштың діңін төменнен жоғары қарай, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салуды.








7 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Орамалды әшекейлеу.

Мақсаты: а) Ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету; ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту. Балаларды шаршының ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру. Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі «омыртқамен» таныстыру, оның суретін слау жолдарын меңгерту, эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттық киімдерінің суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: «Омыртқа» өрнегі, шапан, сәукеле, қамзол, кимешек.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. Қонаққа әже келеді. Балалармен амандасып, қазақтың ұлттық киімдері туралы сұрақтар қояды.

Орамал қазақтың ұлттық киімдеріне жататыны туралы әңгімелейді.


Тәрбиеші қазақтың ұлттық ою-өрнектерін балалардың естеріне түсіреді /киімдердегі ою- өрнектерді көрсетіп, сұрақтар қояды/.


Балалар шеңберге тұрады.

Амандасады.

  • Қамзол, шапан, кимешек.

Орамалды әжелеріміз және аналарымыз басына салады.

  • «Ирек», «құсқанаты», «тышқанізі».

Шаршыға ұқсайды. Менің әжемде, анамда орамал бар. өрнек шыршаға ұқсайды т.б.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қазақтың ұлттық оюының бірі «омыртқамен» таныстырады.


Сергіту сәті:

Ауада екі қолмен үшбұрыштар жүргізе отырып «омыртқа» өрнегін салады.

Педагог балалардан әженің орамалын ою-өрнекпен әшекейлеп беруді сұрайды. Сұрақ-жауап әдісімен қандай ою-өрнек салуды анықтайды.

Балалар қалаулары бойынша бояу таңдап алып, «омыртқа» өрнегін салуға кіріседі.

- Үшбұрыштарды салу арқылы «омыртқа» өрнегімен әжеміздің орамалын әшекейлейміз. Шаршы пішінді орамалдың суретін қылқаламмен салып аламыз. Содан кейін орамалдың ішіне нүктелердің көмегімен ою саламыз, нүктелер арқылы салынған өрнегімізді бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің әжейге арнап салған орамалмыз әшекейлі және әдемі болып шықты.






/Саусақтармен жаңбыр тырсылы дыбысын салады/.

Қылқаламды жуып, артық суды стақан ернеуіне қалдырып, бояуға батырып, тік бағытта ұстап жұмыс жасайды.

  • Әжеміз қуанып қалды.

  • Мен орамалды әдемі етіп әшекейледім.


Рефлексиялық-түзетушілік.

Көрме ұйымдастыру.

Жарайсыңдар, «омыртқа» өрнегіміз неге ұқсайды, балалар?

Әженің риза болғанын, балаларға үлкен алғыс айтқанын айтып, көңілдерін көтеру, мақтау.

«Орамал тастау» ойынын ұйымдастыру.

Балалар толық жауап беруі керек.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне бейнелуді;

Игереді: күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды;

Меңгереді: ағаштың діңін төменнен жоғары қарай, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салуды.

8 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды?

Мақсаты: а) дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды үйрету. Екі түрлі қылқаламмен жұмыс істеуді. Шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: дөңгелек заттардың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: дөңгелек, шеңбер.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық


Барлығы бір-бірілеріне жүрекиен шыққан жылы лебіздерін айтады.


Шеңберге тұрып, жүрек пішінді ойыншықты бір-біріне береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Қандай пішін жоқ?» дидактикалық ойын:

Дөңгелек пішінге ұқсас ойыншықтардың, заттарды, аттары мен белгілерін атап айтады, балалармен бірге анықтайды. Балалар топ ішіндегі заттардан дөңгелекке ұқсас заттарды тауып айтады.






СЕРГІТУ СӘТІ:

Тәрбиеші.

Қазым, қазым, қаңқылда,

Жүз көліңе, салқында.

Жем шашайын, жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?...

Қаз:

Жоқ! Жоқ!

Кәмпит маған болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш.


«Заттардың суретін аяқта» дидактикалық ойыны:

Балаларға берілген фигурадан бейне жаса деген тапсырма беріледі.

Суретті салуға кіріспес бұрын педагог салатын суретті нүкте арқылы көз мөлшерімен жасап алуды, содан кейін қылқаламмен бастырып, қалаулары бойынша бейне жасау туралы әңгімелеп түсіндіреді.

Фигураларды еске түсіреді.

Балалар ойланады.

  • Шар, доп, т.б.

олар домалайды, дөңгелек дөңгелейді, бұрыштары жоқ.

Тамақ ішетін ыдыс, сағат, доп, т.б.



Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.









Қылқаламды еркін ұстап, дөңгелектің үстінен жүргізіп, қалаған бейнелерін жасайды. Ішін бояған кезде нүктеден бастап айналдыра бояу әдісін қолданады.

Жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақтар айтып, қалғандары ойланып шешімін табады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

- Балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салдыңдар /мақтау, мадақтау/.

Балалар толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды.

Игереді: екі түрлі қылқаламмен жұмыс істеуді.

Меңгереді: шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыта отырып, бейнелер жасауды.





9 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз.

Мақсаты: а) түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру. Бояу түсін таңдай білу, сурет салуға қызығушылығын арттыру. үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер, губка таяқшасы.

Сөздік жұмысы: қабат, көп қабатты.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады.

Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыршақ келіпті. Күн суытып келеді, ал қуыршақтардың тұратын жері жоқ екен. Бұл қуыршақтар сендерге қайда тұрғысы келетінін айтады.

Балалар шеңберге тұрады, бір-біріне тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Біздің үй /Ғ.Өкеев/.

Қалаушы да табыды,

Үй салынды, жабылды.

Қосып құмға лайды,

Сылақшылар сылайды.


Терезе, есік, едені,

Қиюласты әдемі.

Құрылысшы боламыз,

Зәулім үйлер саламыз.


Балалар, үйді кімдер тұрғызады? /педагог балалармен әңгіме жүргізеді/.

Әртүрлі үйлердің суреттерін көрсетеді. Олардың терезелрі, есіктері, шатырларының көлемдеріне көңіл аудартады, салыстырады, қаланың, ауылдың үйлерінің суреттерін көрсетеді.

Үйді салу жолдарын түсіндіріп, суретті аяқтатады.

Бір қабатты үй.

  1. бір қатарға екі терезе салу үшін жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызылып, шаршы жасалады.

  2. Есігі тік төртбұрышқа ұқсайды.

  3. Шатыры үшбұрыш болып келеді, парақтың жоғарғы жағына нүкте қойып, әртүрлі жаққа екі сызық жүргізіледі.


Сергіту сәті:

Мен құрылысшы боламын,

Зәулім үйлер саламын.

Өз қаламды көркейтіп,

Ел алғысын аламын.


Көп қабатты үй.

Бірнеше қатарға /3-5 қабатты үйлерде/ терезелер салынады. Қабаттардың арасында қылқаламды оңға, солға жылжыта отырып, салу керек. Үйдің түсі күлгін, ашық жасыл, көк болғаны дұрыс екенін түсіндіреді. Терезе, шатыр, есіктердің шеттерін бояу керектігі айтылады.

Дәптерлерін ұқыпты ұстаулары қадағаланады.

Балалр толық жауап береді.

  • Менің әжемнің үйі ауылда. Оның үйі бір қабатты.








Мен көп қабатты үйде тұрамын.

Мен төртінші қабатта тұрамын.

Мен қалада тұрамын т.б.

Геометриялық фигураларды естеріне түсіреді.








Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.




Қылқаламды өте қатты баспай түзу сызықтар сызады. Бояған кезде сүйкей жағу әдісін пайдаланады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалардың жұмысын талдау. Қуыршақтар балаларға алғыстарын айтады. Мақтау, мадақтау.

Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бояй білу дағдыларын, тәсілдерін.

Игереді: түзу сызықтарды дұрыс сызуды.

Меңгереді: бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суретін салуды.






10 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Күз бейнесі.

Мақсаты: а) балаларды табиғатты бейнелеу жанрымен таныстыру, балалардың күзгі табиғаттан өздері бақылағандарын суретте бейнелеп, көрсете білу дағдыларын қалыптастыру, суретке мазмұн бере білуге және жіңішке қылқаламмен бүтін және жартылай сопақшадан тұратын бейне салуға, жағу, басу арқылы жалпақ, жуан із қалдыруға, көлденеңнен жағыс әдісін пайдалануға үйрету. Отанды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреті. Саңырауқұлақ суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер, губка таяқшасы.

Сөздік жұмысы: күзгі саябақ, орман.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Күзгі орманға саяхат:

Педагог балаларды бір-бірінің артынан тұрғызып жүргізеді, күзгі орманда нені көруге болатыны жайлы сұрайды.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог тақтаға күз мезгілінің суретін іліп, оның әсемдігі неде екендігін тамашалатады және осы тақырыпта әңгіме жүргізеді.






«Кім тез құрастырады?» дидактикалық ойыны.

Балалар қиық суреттерден саңырауқұлақты құрастырады:




Сергіту сәті:

Саңырауқұлақ болайық,

Тізе бүгіп отырайық.

Жаңбыр жауса көтеріліп,

Өсіп-өсіп алайық.


Педагог сурет салған кезде қағаз бетін толық пайдалану қажеттігін ескертеді, қағаздың барлық бөлігіне күз көрінісінінің суретін салуды ұсынады. Күзгі орман бейнесін, ағаштарды, қызыл – сары жапырақтардың көп түсіп жатқанын бейнелеуді тапсырады.

Соның ішінде орманда саңырауқұлақтар өсетінін, оны қалай салуға болатынын көрстеіп, түсіндіреді.

  • Бірінші түзу сызық сызып алып, оның екі ұшын сопақша дөңгелек жасай отырып қосамыз, бұл саңырауқұлақ қалпағы болады.

  • Саңырауқұлақтың сабағын салу үшін қалпағының астыңғы бөлігінен екі нүкте белгілеп алып, оны түзу сызық сыза отырып дөңгелектеп, екінші жақ бөлігіндегі нүктеге жеткізе сызамыз.

  • Қылқаламды еркін ұстау, батыл жүргізу туралы кеңестер беріледі. Суретті толықтыру үшін күн, бұлт, ағаш, шөп салуға болатыны айтылады. Егер жақын тұрған саңырауқұлақ бейнеленген болса үлкендеу етіп салу, ал алыста тұрған саңырауқұлақ бейнеленсе кішілеу етіп салу керектігі айтылады.


Күзгі саябақ, ашық күнгі орман бейнеленгенін айтады.


Сурет салу үшін ашық бояу түстерін таңдайды.

Күзгі бақтағы өзгерістерге көңіл бөліп, түстеріне назар аударады.

Тақтаға екі бала шығып, саңырауқұлақ құрастырады /түсін, көлемін салыстырады/.


Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.











Саңырауқұлақтарды қылқаламның ұшымен жеңіл сүйкей жағу тәсілімен салады.

Суретті ертерек бітірген балалраға қосымша тапсырма беріліп, балалар өз ойларын толықтырады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

  • Бүгін сендер жақсы суретші болдыңдар, жұмыстарың өте тамаша шығыпты.

  • Педагог балалардың жұмысына талдау жасап, жақсы салынған суреттерді көрмеге іледі.

Балалар бір-бірінің суреттерін көріп, тамашалайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғатта өздері бақылаған жайлары суретте көрсете білуді.

Игереді: жағу, басу арқылы жалпақ, жуан із қалдыру, көлденеңінен жағуды.

Меңгереді: фигуралар салу арқылы бейне жасауды.



11 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 18.11.15

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Тәрелкені әшекейлеу. /сәндік сурет/.

Мақсаты: а) балаларды белгілі бір тұтынатын бұйымдардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен тәрелкені әшекейлей білуге үйрету, қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды, нүкте арқылы ою жасауды, әсемділікті қабылдай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тәрелкенің суреті, Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің суреттері және қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдарының суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, тәрелкенің үлгісі.

Сөздік жұмысы: тамшы оюы.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

«Көрме оюы».

Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір-бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау /ыдыстар/, олардың оюөрнектеріне мән беру.

Балалар ыдыстарды ұтап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап, ол ыдыстармен таныстыру. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын «омыртқа», «тышқанізі», «толқын», «құсқанаты» оюлары туралы түсіндіру. /құсқанаты оюы құстың екі қанатына ұқсайды, т.б./.




Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Бойымызды жазайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

  • Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік. Тәрелкеде бейнеленген ою «сутамшысы» деп аталады. Су тамшысы – су, судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы.

  • Алдымен үлкен дөңгелек /шеңбер пішіндес/ сызамыз, ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шет-шетіне айналдыра кішкентай тамшылар – судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз.

  • /Әртүрлі трафарет – үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады/.

«Тамып-тамып дген сөзді қатты – ақырын дауыстап айтқызып, сөздік жұмысын жүргізу.

  • - Өрнегімізді жіңішке қылқаламмен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шыға келді.

  • Қазақтың ұлттық ыдыстары – кесе, пияла, ожау, тостаған, тәрелке. Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленге, ол қазақтың ұлттық ою-өрнектері – «қошқармүйіз», «құсқанаты».


Өлең жолдарын сәйкес қимылдар жасайды.



Қылқаламды тік бағытта ұстап, қылқаламынң ұшымен жұмыс жаайды.

  • Бұл ою «су тамшысы» днп аталады.



Балалардың жауабы анық және толық болуы қажет.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Тәрбиеші мақтау, мадақтау, жұмысын жүргізіп, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі.

Әдемі әшекейленген тәрелкелерді өздері таңдайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: белгілі бір тұтынатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлеуді;

Игереді: қылқаламның ұшымен жұмыс жасайй білуді,

Меңгереді: қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.



12 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 25.11.15

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қандай заттың пішіні шаршыға ұқсайды? /өз бетінше сурет салу/.

Мақсаты: шаршы пішіндес заттардың суретін салуды үйрету, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшері, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: шаршы тәріздес теледидар формасы, құстың ұясы, орамал, т.б.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: теледидар, шаршы тәріздес – шаршыға ұқсайтын.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар шеңбер құрып бір-біріне жақсы тілектерін айтады.

«Кім тапқыр?» дидактикалық ойыны:

Балалар топ бөлмесі ішінен шаршыға ұқсас заттарды табады.

  • Қандай фигура жоқ?

Шаршыны көрсету.

Шаршының төрт бұрышы бар екендігін айту.

  • Шаршыға ұқсайтын тағы да қандай заттарды білесіңдер?


Сергіту сәті: /саусақ жаттығуы/.

1,2,3,4,5 – 5,4,3,2,1.

Құмырсқалар жыбыр-жыбыр,

Жұмыс істеді күнімен,

Дем алды ғой түнімен,

Құмырсқалар жыбыр-жыбыр.

Бір-біріне тілектер айтады.


Балалар ойларын толық сөйлемдер арқылы білдіреді.


  • Шкааф, тақта, теледидар, т.б.


Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Шаршыны сала отырып белгілі бір бейне құрап шығарады.

Суретті топ-топқа бөлініп салуға болады.

  • Нүкте арқылы шаршы жасап аламыз, содан кейін қарындашпен жоғарыдан төмен қарай бастырып сызамыз.

  • Салу жолдарын түсіндіре отырып, бет орамал, шкаф, теледидар, үй, ұяның суреттерін салғызу /қалаулары бойынша шаршы фигурасын пайдаланып салады/.

  • Ол заттың түстері әртүрлі болғандықтан, түсті өздері қалауынша таңдап алады. Жұмысын ерте аяқтаған балаларға шкафтың қасына қосымша теледидарды, үйдің қасына ұя салуды ұсынуға болады.

Балалар шаршы пішіндес бейне жасауға кіріседі.

Солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай сызықтар сызады, қылқаламды қатты батырмай, ақырындап жүргізеді.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Жұмыстарын талдау барысында суретті кеңістікте орналастыруда, бояуды пайдалануда, шаршы пішінін дұрыс салудағы жетістіктерін айтады.

Өздері не жасағандарын, түстерін, пішіндерін сипаттап айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: шаршы пішіндес заттардың суретін салуды;

Игереді: нүкте арқылы жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай сызықтарды қосуды;

Меңгереді: байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыруды.

13 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 02.12.15

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Ақша қар.

Мақсаты: қардың жауып тұрған бейнесін бере білу; бұлттардың суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу; қардың ерекшеліктері жайында түсініктерін қалыптастыру, суретке көркемдік элементтерді кіргізе білуді үйрету, әсемдікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгіліінің, қардың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: алғашқы, суық түс, мұз.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалармен бірге бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтау /жұлдызшаға ұқсайды, жылтыр, жылтырайды, ақ, ақ сұр, ақша қар, аппақ/.




Қардың қандай екенін сұрау.

Қарды ұстап көреді. Еритінін, суға айналатынын, мұз болатынын анықтайды.


Ол қар, мұз түстес болып келеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ жасыру:

Аппақ-аппақ көбелек,

Жерге қонар көлбеңдеп.

Ақ жұлдызша себелеп,

Ұстатпайды, не керек?

Балалардың көңілін жауып тұрған қарға аударады.

Сергіту сәті:

Әппақ, әппақ, жапалақтап,

Қар жауып тұр далада.

Әппақ дала, барлық бала,

Қуанып жүр далада.


  • Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін қылқаламның тек ұшымен жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз. Ең бірініші, әртүрлі бейнедегі бұлттар саламыз.

  • Ол үшін сызықтарды анық етіп, басып сызып салу керек. Қарды салғанда оңнан солға қарай сызық, солдан оңға қарай сызық, түзу сызық салу қажет, дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз, сызықтар бірдей болу керек. Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз.




  • Қар.




Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.






Әр бала сурет салу үшін бояулардың ішінен суық түстерді таңдап алады.


Қылқаламды әртүрлі күш сала – қатты, ақырын басып, жуан жіңішке із түсіреді.


Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалардан қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрау.

- балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салдыңдар. Жаңа жылда Аязата келгенде осы суреттерді көрсетеміз.

Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктері;

Игереді: геометриялық фигуралар арқылы бейнелеуді;

Меңгереді: қардың суретін салуды..


14 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 09.12.15

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Торсықты әшекейлейміз.

Мақсаты: балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру; заттардың пішіні, олардың құрылымы, өрнек элементтерінің орналасуына көңіл бөлуді үйрету, сурет салудыдың дәстүрден тыс әдістері: дымқыл және құрғақ қылқаламмен сурет салу әдісімен таныстыру. Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ыдыстар, торсықтың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.

Сөздік жұмысы: торсық-теріден жасалған ыдыс.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Психологиялық сәт.

Үш кесе ішем күніне,

Мен қымызды сүйемін.

Ашытылған күбіге,

Ол сүті ғой биенің.

Өлеңді мұқият тыңдап, түсінгендерін айтып береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ыдыстарды балалардың есіне түсіруіне көмектеседі.

- Қымыз құятын ыдысты «торсық» деп атайды.

Торсықтың суретін көрсетеді. Оның пішініне, әшекейленуіне назар аудартады.

«Торсықты құрастыр!»

Дидактикалық ойыны. Торсықтың тұрмыста не үшін қолданылатыны жайлы әңгіме жүргізеді.

- Бұрындары ата-бабамыз ұзақ жолға шыққан кезде торсыққа қымыз толтырып алып, жолжөнекей ішкен. Қымыз – шөл қандыратын әрі күш беретін сусын. Торсық қазір де әрқайсымыз үйде қолданатын тоңазытқыш сияқты, бізге аса қажет зат десек те болады.

Сергіту сәті (саусақ жаттығуы):

Мынау менде басбармақ,

Бар жұмысты бастамақ.

Төрт досы бар өзінің,

Кәне, кәне санайық,

Санын біліп алайық,

1,2,3,4,

Басбармақ, балан үйрек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

Дәптердегі тапсырманы орындау үшін алдымен өрнектердің үстінен қылқаламмен жүргізеді, сосын бояйды. Торсықты әдемілеп әшекейлейді. Педагог бояу түстерінің үйлесімді болуына, бояуды дұрыс таңдауға бағыт береді.

-Кесе, тәрелке, торсық т.б. Қымыз құятын ыдыс.


Торсықта қандай ою-өрнек түрлері бар екенін, қайда орналасқанын атап береді.


3 бөлікке бөлінген торсықты жылдам құрастырады.

Берілген үлгіге қарап, торсықты ою-өрнектің қарапайым элементтері – «қойдыңізі», «құсқанаты» түрлерімен әшекейлейді.Қылқаламды тік, дұрыс бағытта ұстап дағдыланады.

Түстер үйлесімдігін анықтайды. Он саусақтарымен жаттығу жасап, қимылмен көрсетеді. Қылқаламның көмегімен нүктелердің үстін бастыра жүргізеді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып бояйды.

Рефлексиялық-түзетушілік.

-Сендер нені әшекейледіңдер? Педагог «Қандай ою?» ойынын ұйымдастырады. Балаларды мақтап, жұмыстарымен көрме ұйымдастырады.

Сұрақтарға жауап береді. Ең жақсы салған суреттерді балалар өздері таңдайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қылқаламмен жұмыс істеу барысында нақты қозғалыс жасай білуді.

Игереді: қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элеементтерін бейнелеуді.

Меңгереді: ою-өрнек элементтерінің орналасуын қадағалауды.
























































15 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 09.12.15

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Біздің әсем шыршамыз

Мақсаты: Жаңа жылдық шыршаның бейнесін сала білуге үйрету, шыршаның бұтақтары мен оның тікендерін көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуға жаттықтыру, қосымша өз бетінше шыршаға ойыншықтар салдыру, бейнені қабылдауын дамыту, түстермен ырғақты сезіне білуге үйрету. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жаңа жылдық шырша суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, бояу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмысы: тікен, аяз, хош иіс.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог «Табиғи өскен шырша» тақырыбында әңгіме жүргізеді, балалардың естеріне шырша туралы мәліметтерді түсіріп, толық жауап алады, анық сөйлеуін қадағалайды.

Шыршаны ұстап көреді, сезінеді, ерекшеліктеріне көңіл аударады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ жасыру:


Жасыл тонның бояуы,

Жыл он екі ай тозбайды.

Дің, бүршіктер, сояуы,

Қысқы аязға тоңбайды.

-Осы шыршаға ұқсас тағы қандай ағаш бар? Оның ұқсастығын хош иісі арқылы анықтаймыз.

-Балалар, біз шыршаны жақсы білеміз, Жаңа жыл мерекесінде үйде, балабақшада шыршаны ойыншықтар іліп, әдемілеп безендіріп қоямыз.


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Әдемі шырша болайық,

Балдырғандар билесе,

Шыр көбелек айналып,

Бой сергітіп алайық.


Шыршаның суретін салу жолдарын көрсетеді. Алдымен діңін салуды, төменгі жағы жуандау, жоғарғы бөлігі жіңішке болып келетінін, бұтақтарын жоғарыдан төмен қарай көлбеу сызықтармен сызу арқылы салуға болатынын түсіндіреді.Шырша бұтақтарына оның тікендерін салғанда жоғарыдан төмен қарай көлбеу сызықты үзбей салу керектігін айтады. Шырша салып болған соң балаларға оны ойыншықтармен әшекейлеп, кішкентай домалақ, сопақша шарлар жасап, бояуды ұсынады. Тек сонда ғана ол мерекелік шыршаға айналатынын айтады.

-Шырша.


-Қарағай да шыршаға ұқсайды.

-Жаңа жыл мерекесін тойлағанда көреміз.Сол шыршаның қасында ән салып, би билеп Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Қылқаламмен ойыншық ілінген әдемі шыршаның суретін түсті бояулармен салуға кіріседі, көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салады. Ойыншықтары сопақ және домалақ болып келетінін, өлшемі жағынан сәйкес келетініне көңіл бөліп жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік.

-Балалар, бәрің де жақсы сурет салдыңдар. Шыршаларыңды Аяз-ата көріп, қуанып қалатын болды. Балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.

Шырша туралы әндерін қайталап айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жаңа жылдық шыршаның бейнесін салуды.

Игереді: тікен көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуды.

Меңгереді: түстер мен ырғақты сезіне білуді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сурет салу ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы

Автор: Арынова Бота Еренгалиевна

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 319117


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства