Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері. Қызыл, жасыл, қарасын Қолға кезек аласың. Қарындашпен әртүрлі, Алуан сурет саласың. Қарындаштың көмегі, Міне, қандай көп еді. Ұштай біл де, ұстай біл, Түрлі өрнек төгеді. (Н.Айтов). | өлең жолдарын қимылмен көрсетеді, қылқлам мен қарындашты естеріне түсіріп, ұстап көріп, сұраққа жауап береді. |
Ұйымдас тырушылық-ізденістік | Тақтаға «Күз» мезгілінің суреті ілінеді. Күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту үшін әңгіме жүргізіледі. Тәрбиеші балаларға сурет бойынша әңгіме құрады. -Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? Алма туралы сұрақтар береді. Балалар алманың суретін салады. «Домлақ», «әдемі», «қызыл», «сары», «жасыл» деген сөздермен сөз тіркесін құрастырады. «Әртүрлі» «алуан түрлі» сөздерін қайталайды. Тәрбиеші алманың суретін салу жолдарын түсіндіреді. (Баяу ойнайтын әуен қоюға болады). -Қылқаламды үш саусақпен ұстап, суға батырып, артық суды стакан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қалаған бояууымызға салып, қылқаламның ұшымен жоғарыдан төмен қарай сызықтар жүргізе отырып, алманы толық бояуға шығамыз. Енді қылқаламды жуып, қоңыр бояуға салып, алманың сабағын саламыз. Алманың ішін бояу үшін қылқаламды бояуға толық батырып, жоғарыдан төмен қарай жүргіземіз. Бой сергіту: Қолды үстелге қоямыз, Саусақтарды санаймыз. 1,2,3,4,5 – 1,2,3,4,5 Енді қолды қос. (екі рет қайталауға болады). | (балалар толық жауап беруі тиіс, бір рет хормен, сосын жеке-жеке сұрау қажет). -Қазір күз мезгілі. Себебі, айналаның барлығы сары түсті болып тұр. Күзде жемістер, көкеністер піседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Мысалы: Алма – домалақ, қызыл алма, дәмді алма, алмада көп дәрумен болады т.б.
Балалар тәрбиешінің үйретуі бойынша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды. Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Тәрбиеші сұрақтар арқылы оқу іс-әретін пысықтайды. -Қапраңдаршы, балалр, алмаларымыз әр түсті болып шықты (тақтаға балалардың жасаған жұмыстары ілінеді). Қызыл, сары, жасыл алмалар – бір сөзбен әр түрлі, алуан-алуан түсті деп атауға болады. «Алуан» сөзін қайталатып, айтқызады. Балалар жұмысын талдап, мадақтайды. | Балалар толық жауап береді. Жеке-жеке жауап алынады. Мысалы: Мен алманың суретін салдым. Алма – жеміс, ол ағашта өседі. (дыбыстарды дұрыс айтпаса, тәрбиешә өзі бір рет айтып, балаға қайталатады). |