Д дыбысы және әрпі.
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы
«Жұлдыз» шағын орталығының тәрбиешісі: Абилкайрова Гулназ
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Д дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамыту. Оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, домбыра, доп.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, көрнекі.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
I. Балалар дөңгелене тұрып, бір-бірімен қол беріп амандасады.
Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып: «Ассалаумағалейкұм», - деп қос қолын ұсынады. Сәлем алушы: «Уағалейкұмассалам», - деп оң қолын ұсынады. Қыздың үлкендермен сәлемдесуі: «Сәлеметсіз бе, ата? Есенсіз бе?» - деп кеудесіне қолын қойып ізет ету.
Қыз балалар мен ұл балалар сәлемдеседі.
II. Негізгі бөлім.
1. Педагог суреттермен балаларды таныстырады.
Қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызады.
Д дыбысы. Д дыбысын ортаға қою.
Д дыбысының баспа түрімен таныстырады.
Педагог:
- Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба?
- Кәне, кеспе әріптердің арасынан д дыбысын тауып көрсетейік.
2. Сергіту сәтін өткізу.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық,
Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (Доп)
Бір түймелі, екі желілі,
Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра)
Лақтырдым да әуелеп
Қағып алып: «оп», - дедім.
Жерге соқтым, секең қақты
Атаймыз оны не деп? (Доп)
3. Дәптермен жұмыс.
доп
домбыра
дәптер
радио
бидай
велосипед
- Д дыбысына мысалдар келтіріңдер.
- доп, домбыра, дәптер, дән, бидай, велосипед.
Осы сөздерді алақанмен шапалақ ұра отырып буынға бөледі. Доға сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.
Жазу жұмысы. Үлгі бойынша д әрпінің баспа түрін жазады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Сөз жұмбақ шешеді. Торкөздің ішіндегі сөздерді табады. Үш, төрт дыбыстан тұратын сөз құрайды.
5. Сөздік жұмысын жүргізу.
Доп - жел толтырылган, резеңке, ойыншық.
Домбыра - күй ойнайтын аспап.
Дәптер - оқу құралының бірі, жазу жазамыз.
Дән - дәнді дақылдардың бірі.