kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бояулар әлеміне саяхат!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Бөлімі :Қатынас, шығармашылық, таным.    
Іс-әрекет түрі: Пәнаралық
Тақырыбы: «Бояулар әлеміне саяхат»
Мақсаты: Бес түрлі түсті айыру біліктілігін бекіту.
Заттың түсі, сыны болатынын және оның белгілеріне пайдаланатын түсініктерін қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бояулар әлеміне саяхат!"»

Бояулар әлеміне саяхат

 

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Талшық селосы
«Балдырған» балалар бөбек бақшасының 
ІІ-ші санатты тәрбиешісі: Тогтархан Алим    
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Бөлімі :Қатынас, шығармашылық, таным.    
Іс-әрекет түрі: Пәнаралық
Тақырыбы: «Бояулар әлеміне саяхат»
Мақсаты: Бес түрлі түсті айыру біліктілігін бекіту.
Заттың түсі, сыны болатынын және оның белгілеріне пайдаланатын түсініктерін қалыптастыру.
Балаларға жүйелі жолдармен табиғаттан бояуларды алуға үйрету, және  матаны қызылша шырынымен күрең түске бояу.
Балаларды зерттеулік жұмыстарының элементтеріне қатыстыру.
Қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.
Ұсақ маториканы дамыту.                                                                                                                                      
Көрнекі  құралдар: қуыршақ, қылқалам,мата, сурет және әр түрлі заттардың жиынтығы.
Геометриялық пішіндер, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек (қызыл, сары, жасыл,ақ, көк). Үгітілген қызылша, қызылша шырыны, бояу, қылқалам, сумен стақан, дайындалған қима қағаздар.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тәжірибе.
Әрекет кезендері
    Тәрбиешінің іс - әрекеті
    Балалардын іс - әрекеті

Мотивациялық
 қозғаушы
Бояулар әлеміне (сиқырлы кілеммен ұшып барамыз)
Балалар біз бояулар әлеміне келдік.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Қайырлы күн!Біз ақылды баламыз.
Қайырлы күн! Біз тәртіпті, әдемі баламыз.
Қайырлы күн! Қонақтар.
Қайырлы күн! Достарым.    

Балалар қолдарымен қимыл жасап көрсетеді.

Бір-бірімен қонақтармен амандасады.
Ұйымдастырушы іздену
Тәрбиеші: Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Олай болса мен сендерге Сиқырлы қылқаламмен Айша деген кішкентай қыз туралы ертегі айтып берейін.
Ертеде Айша деген бір кішкентай қыз болыпты.
Ол сурет салғанды өте жақсы көріпті.
Айшаның туған күніне әкесі мен шешесі сыйлыққа альбом, қылқалам және бояулар сыйлапты.
(шиырманың артында көрсетіп тұрады)
Балалар Айшаға әкесі мен шешесі қанша альбом сыйлады?
Қанша қылқалам сыйлады?
Қанша бояу сыйлады?
Бұл қылқалам жай қылқалам емес сиқырлы қылқалам екен.
Қылқалам: Мен жай қылқалам емес сиқырлы қылқаламмын.
Айша мен саған сурет салуды үйретемін.
Бірақ саған қояр шартым бар.
Егер сен менің айтқанымды тыңдасаң, ойлансаң, жалқау болмай тырыссаң.
Айша: Қайдағы сиқырлымын дейді ғой.
Мен ол үшін ойлануым керек пе, тырысуым керек пе, жалқау болмауым керек пе?
Жоқ! Егер сен сиқырлы болсаң бәрінде дұрыс жасай аласың.
Мен сенсізде бәрін біліп, сурет жасай аламын.
Қылқалам: Солай ма? Айша ендеше саған көмектеспеймін.
Мен саған ренжідім, өзің білгендей сурет сала бер. Айша суретін салғанша бір ойын ойнайық.
Ойын: «Заттың ұқсас түсін тап»
Ойынның шарты: Тәрбиеші әр балаға түрлі-түсті пішін береді.(дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш)
Пішіннің түсін сұрап, топта сол түске ұқсас затты тауып көрсетуін сұраймын.
Балалар Айшаның суреті дайын болыпты.
Көрейік қалай салды екен.
Айша суретті дұрыс салды ма?

Айшаның қатесін түзетуге көмектесеміз бе?
Дидактикалық ойын: «Айшаның қатесін түзе»
Қане олай болса жаңадан сурет құрастырайық.
Балалар мұқият қараңдаршы барлығын дұрыс салды ма?
Қай жерде қате жіберді?
Аспан жасыл түсті болады ма?
Күн көк түсті ме?
Бұлттар сары түсті ме?
Шөп қызыл түсті ме?
Гүлдер қандай түсті?
Міне балалар Айша қанша қате жіберген.
Енді сендер есте сақтадыңдар суретті қандай түспен салу керек екенін. Сендер дұрыс орындадыңдар өйткені көп білесіңдер.
Балалар Айшаға қателерін түзеуге көмектестік.
Айша есіңе сақта әрбір істі істегенде ойлануың керек, түстерді ажырата білуің керек.
Сен сиқырлы қылқаламды тыңдағанда осындай көп қателік жібермес едің.
Енді қылқаламнан кешірім сұра.
Айша: Кешір мені қылқалам, мен бәрін түсіндім, енді суретті дұрыс саламын.
Қылқалам: Жақсы Айша мен саған ренжімеймін, сені кешірдім.
Мен саған көмектесемін.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бояулар туралы әңгіме айтып берейін. Барлық заманда адамдар сурет салғанды жақсы көрген. Бірақ ол кезде қазіргідей бояулар болмаған.
Қазір біз бояуларды дүкеннен сатып аламыз.
Ерте кезде әжелеріміз дүниеде болмағанда, адамдар бояуларды табиғаттан алған.
Балшықтан жасаған, жеміс-жидектердің, көкеністердің шырынынан, шөптен жасаған.
Бояуды қалай жасағанын білгілерің келе ме?
Онда мен сендерді шеберханаға шақырамын.
Эксперименттік жұмыс: 
Шеберхана деген ол бөлме, онда адамдар қол шеберлігімен айналысады, өз қолдарымен нәрселер жасайды.
Бізде өз қолымызбен қалай бояу жасауға болатынын үйренеміз.
Қараңдар мынау қызылша.
Осы қызылшадан бояу жасаймыз.
Қызылшаны алып тазалаймыз.
Оны үгкіштен үгеміз, марылға салып, қысып шырынын шығарамын.
Оны ыдысқа құямын.


 Шырынның түсі қандай болды?
Қараңдар балалар бәріміз бірге ақ матаны қызылшаның шырынынан алған табиғатты бояумен бояйық.
Өздерің көріп тұрғандай қызылша шырынымен матаны қызыл күрең түске бояуға болады.
Бояған матаны кептіріп қояйық.
Кешке ата-аналарыңа қалай бояғандарыңды айтып бересіңдер.
Балалар бізде қандай түс пайда болды?
Сергіту сәті: Қызылшаны алып тазалаймыз,
Үгкіштен үгеміз.
Қант сеуіп демдейміз,
Қаймақ құйып сәндейміз.
Алдымызға дайын ас,
Дәруменге бай тағам.
Бейнелеу жұмысы: Осымен бояулар ғажайыбы біткен жоқ.
Балалар сиқырлы қылқалам мына шарларға сурет салып беріпті.
Бірақ көзімізге көрінбейді, сурет тығылып тұр, көргілерің келе ме?
Онда қолдарыңа қылқалам алыңдар.
Оны алдарыңдағы ыдыстағы бояумен бояңдар.
Қандай сиқырлы құбылыс екенін көресіңдер.
Балалардың жұмысы: Арманның шаршысында не пайда болды?
Рамазанның шаршысында не пайда болды? т.б    
Иә
Бір альбом сыйлады.
Бір қылқалам сыйлады.
Көп бояу сыйлады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар топтағы  түсіне ұқсас заттарды көрсетеді.
Айша көп қателер жіберіпті.
Көмектесеміз.

Айша суретті дұрыс салмады.

Аспан көк түсті болады.
Күн сары түсті.
Бұлттар ақ түсті.
Шөп жасыл түсті.
Гүлдер қызыл түсті.
Балалар мұқият тыңдайды.
Әрине, білгіміз келеді.
Балалар шеберханаға барады.
Қызылшаны алып тазалайды.
Оны үгкіштен үгеді, марылға салып, қысып шырынын шығарады.
Оны ыдысқа құяды.
Шырынның түсі қызыл күрең.
Балалар матаны қызылшаның шырынына бояйды.
Қызыл күрең түс пайда болды.
Балалар қолдарына қылқаламды алып,шаршыны толығымен бояйды.
Үшбұрыш пайда болды.
Дөңгелек 
Рефлексті – түзету
Қорытынды: Бүгін сендер бояулар әлемінде ойын ойнадыңдар, Айшаға көмектестіңдер, шеберханада жұмыс істеп,жаңа түспен таныстыңдар.
Қандай жаңа түспен таныстыңдар?

Қызыл күрең түсті неден алдық?
Сендер қандай түсті білесіңдер?    

Қызылшадан алдық.
Қызыл, сары, көк, жасыл, ақ және күрең қызыл.

Қүтілетін нәтіже; 
Білуі керек: Бес түрлі түсті ажырата біледі, жаңа түспен танысады, табиғи заттан бояу пайда болатынын біледі.
Айта қолдана алады: Тәжірибелік жұмыс жасай алады, сұраққа толық жауап береді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Бояулар әлеміне саяхат!"

Автор: Омарова Гулзира Полатовна

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417285

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашық сабақ "Ойыншықтар әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk_sabak_oiynshyktar_lemine_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "483095"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541064515"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?арыш ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(22) "garyshlieminiesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "279327"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453217521"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Бояулар әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "boiaular_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "416730"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495124016"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашық сабақ бояулар патшалығына саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_sabak_boiaular_patshalyg_yna_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "400696"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489601483"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Су   асты  патшалы?ына саяхат"
    ["seo_title"] => string(26) "suastypatshalygynasaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "314625"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459744970"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства