Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Армысың шапағатты күн ана Армысың шапағатты аспан ана Құт дарытқан елімізге, жерімізге Армысың мейірімді жер ана Осы шапағатты күн анамен, мейірімді жер анадан бойымызға дарытқан мейірімді жүрегіміздің жылуын бір бірімізге, қонақтарға сыйламақшымыз. Біз доспыз, татумыз. Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз. | Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылулығын білдіреді. |
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік | Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметін өткізбекшіміз. Біз аспаны ашық сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. Балалар біздің еліміз қалай аталады? Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Асқар тау, мөп - мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер өседі. Жан-жануардың алуан түрі тіршілік етеді. Міне осы жерде біздің ата – бабаларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып -өскен. -Біз қай қалада тұрамыз? Дұрыс балалар біз Ақтау қаласында тұрамыз. Біздің қаламыз әдемі, сәулетті. Қаланың үйлері кең. Көліктер ерсілі – қарсылы жүріп жатыр. Қаламызда демалыс саябақтары бар, мектептер, балабақшалар, үлкен оқу орындары бар. т.б.» - Балалар, сендер осы сұлу қаламызды аралап саяхат жасағыларың келеді ме? - Қане олай болса автобусқа отырып, қаланы аралаймыз. Көлікті өзім басқарамын. Рөлді басқарады. Слайдтан қаланың көрікті орындары, ескерткіштер, ойын – сауық орталықтары, мектеп, балабақшалар көрсетіледі. Әрбір аялдамаға тоқтап көрсетіп, ғимараттар мен зәулім үйлерді көрсете отырып түсіндіріп өтеді. - Ендеше көңілді әуенмен саяхатқа аттанамыз. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Біздер жолға шығайық. Айналаға қарайық, Біліп біздер алайық Оң жақта да, сол жақта да Биік үйлер бар екен. Зымырап қара жолда да, Бұрыла алар оңға да, Бұрыла алар солға да, Автобус халық көлігі. Балалардың туған қалалары туралы тақпақтарын тыңдайық. Дидактикалық ойын: «Қаламыздың көрікті жерлерін ата» Шарты: Балаларға өздері білетін қаламыздың көрікті жерлерін сурет бойынша айту. Шығармашылық жұмыс: (аппликация) - Балалар біз қазір барлығымыз «Әсем қаламызды» бейнелейміз. Ол үшін алдарыңда тұрған түрлі түсті пішіндерден түрлі үйлер, талдар, шыршаларды қиып, құрастырып, үлкен ақ қағазға жапсырамыз. Денсаулық технологиясының элементі: Көзге арналған жаттығу. | Қазақстан Балалардың назары тәрбиешіде,мұқият тыңдайды. Қазақстанның көрікті қалалары мен ауылдары бейнеленген суретпен танысады. Өздері тұрып жатқан қаладағы көрнекті жерлер, табиғаты, халқы немен айналысатынын әңгімелейді. -Иә Назарларын слайдқа аударады. Сергіту сәтін қимыл жасау арқылы орындайды. Ұ.Аружан: Туған елім-гүл елім, Қасиетіңді білемін. Өзіңе деп жүремін, Лүпілдеген жүрегім. Қаланың көрікті жерлерін сурет бойынша айтып береді. Балалар әсем қаланы желімдеп бастайды. |
Рефлексивті-түзету | Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз қандай тақырыпта өткізілді? Қалада сендерге нелер ұнайды? Сендер нелерді қиып жапсырдыңдар? -Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатысып отырған балаларды жұлдызшамен бағалаймын. | Балалар сұрақтарға жауап береді. -Ақтау қаласы - Иә Биік үйлер, ойын-сауық орталығы Балалар бағаланады. |