kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларға арналған сайыс турінде өтетеін сценарий балабақшада

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біздер»

«Біздер - спортшылармыз» Мақсаты: Балаларды өз ағзаларын сезінуге үйрету; олардың бұлшықеттерін бекіту, күшін, жылдамдық реакцияларын, есте сақтау қабілетін, шыдамдылығын дамыту. Қимыл – қозғалысының техникалық нақты орындалуын жетілдіру. 

Құрал - жабдықтар: әрбір балада спорттық костюм, 1 гимнастикалық отырғыш, қанат, жалаулар, алаша - терезе, туннель. 

Жүру барысы:

Балалар колоннада тұрып, сап бойымен жүреді. Жүргізуші балаларға спорттық құрал - жабдықтарды көрсетіп: «бұл құрал – жабдықтар кімдікі?» деп сұрайды. 

Балалар спортшылар туралы тақпақтар айтады.

Жүргізуші. Кәне, спортшылар!Тік тұр! Жүргізушіге қарай басыңды бұр! Тік тұр! Оңға бұрыл! Айнал! Алға бас!- балалар ілгері жүреді, екі колоннаға сапқа тұрады. Екі колоннаның басшылары алда келеді.

Жүргізуші. 1.Кәне,спортшылар, отырып, аударылып түсуге

дайындалыңдар. (балаларға финишке дейін аударылып түсіп жетуге, қайтарда жүгіріп келу ұсынылады)

2. «Спортшылар жаттығу кезінде» (балалар жылдамдықпен гимнастикалық орындық астымен жылжып, кедергілерден өтеді, бір терезеден екінші терезеге секіреді, туннельдің ішімен өрмелейді).

3. Спортшылар, назарына! Теңізде адамдар суға батып жатыр! Құтқару құралдарын беруіміз керек! 

«Дөңгелекпен айналу эстафетасы» (балалар бір - біріне дөңгелектерді жалғастырады, ең алдағы бала дөңгелекті алып жалауға дейін жүгіріп, кері артқа тұрады да, дөңгелекті алға жалғастырады.)

Музыкалық үзіліс «Теңізші» биі

4. Спортшылар, назарына! Ең үздік басшы атағына арқан тарту керек! (балалар жалауды айналып, кім бірінші келіп, арқанды тартса сол жеңеді)

5. «Сиқырлы пішіндер». (Балаларға қолдарынан ұстасып, уақытқа түрлі пішіндер жасау ұсынылады).

6. «Сақинаға лақтыру»

Жүргізуші: Спортшыларды жарыс соңында жүзу аяқталған соң мадақтап, залдағы әр кезеңдегі спорттық ережелердің сақталып жүрілгеніне алғыс білдіреді және ерекше атап айтады.

«Денсаулық күні» Мақсаты: қимыл – қозғалыс белсенділігін, жоғары нәтижеге жету ұмтылысын дамыту; балаларға рахаттық сезіміне бөлеу.

Құрал жабдықтар: тіс щеткасы, Т.Қ.Ж., шелек,

орамал,жемістер мен көкөністер.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Бәрін бүгін шақырамыз,

Спорттық алаңға жинап, 

Мерекемізді де бастаймыз,

Денсаулық күнімен құттықтап!

Бүгін, біздің спорттық алаңымызда «Денсаулық күні» мерекесі өткізіледі. Осыдан біз өзіміз туралы, өзімізідің денсаулығымыз туралы және күшті, қайратты болуымыз үшін қалай күтінуіміз керектігін үйренеміз ( балалар алаңға шығып, ортаға дөңгелектеніп тұрады).

Жүргізуші: Балалар, бізге мерекеге Буратино келді.

Буратино: Ой, өте қатты ауырып барады.

Жүргізуші: Қай жерің ауырып барады?

Буратино: Тісім, тісім ауырып тұр.

Жүргізуші: Ал, сен тісіңді күніне неше рет жуасың?

Буратино: Аптасына бір-ақ рет.

Жүргізуші: Міне, сондықтан да сенің тісің ауырады. Біздің бүлдіршіндер қазір саған тісіңді қалай күте білуін керектігін түсіндіреді.

1 бүлдіршін: Тісім ауырмасын десеңіз, 

Тәттілердің орнына жемістерді жесеңіз,

Ауырмас – сонда тісіңіз,

Міне, айтар біздің ақылымыз.

2 бүлдіршін: Жуамыз тісімізді күніне екі рет,

Тазалаймыз ұзақ тұрып екі минут,

Әрқашанда тәтті, дәмді пастамен,

Тазалаймыз таза щеткамен.

(балалар тісті қалай тазалайтынын көрсетеді).

Буратино: Жарайды балалар, енді мен күніне екі мезгіл, таңертең және кешке тісімді тазалап, жуып тұрамын.

Жүргізуші: Ал, сен, жаттығулармен айналысасың ба?

Буратино: Жоқ.

Жүргізуші: Онда сен балаларды тыңда, олар саған қандай ақыл айтар екен.

3 бүлдіршін: Әр күн сайын балалар, әр күн сайын!

Басталады жаттығу, әр күн сайын!

4 бүлдіршін: Ертеңгілік көңілсіз күшімізді.

Көтереді жаттығу, әр күн сайын!

5 бүлдіршін: Әрине, ең маңызды, әр күн сайын!

Жаттығуды жасауға әркім дайын.

(балалар қатарға тұрып, жаттығулар жасайды).

Буратино: Міне, керемет! Енді менде жаттығуларды жасайтын боламын.

Жүргізуші: Бәрекелді, Буратино! Енді сен мені тыңда, денсаулығымыз мықты болу үшін тағы да не істеуіміз қажет? Жемістер мен көкөністерді көп жеуіміз керек екен. Бұл біздің ағзамызға, денсаулығымызға көптеген дәрумендерді береді және де сапалы шырынды ішуіміз қажет.

Буратино: Менің бүгін осында келгенім қандай жақсы болды ?! Мен көп нәрселерді үйрендім. Мен енді өз достарыма барып айтайын. Сау болыңыздар, балалар!

Жүргізуші: Міне, біздің бүгінгі шарамызда аяқталды. Сау болыңдар, балалар! 

(қатармен жүріп, балалар шығып кетеді).

«Көңілді жарыстар» Мақсаты: балаларды алдарына үлкен мақсат қоя отырып және сол мақсатқа жете білуге дағдыландыру, физикалық сапалықтарын, алғырлықтарын, шапшаңдық реакцияларын іске асыру, қимыл – қозғалыс жаттығуларына жаттықтырту, қызығушлығын, қабілеттілігін, тепе – теңдік сезімін, балалардың снарядтармен өзіндік әрекеттегі батылдығын айқындау.

Құрал жабдықтар: алаша – терезе, доптар, гимнастикалық орындық, себет, кеглилар.

Балалар өздерінің мықтылықтарына қарай екі топқа бөлінеді, олардың өздерінің басшысы және ұраны болады. 

Жүргізуші: Бәрін бүгін шақырамыз,

Спорттық алаңға жинап, 

Мерекемізді де бастаймыз,

Денсаулық күнімен құттықтап!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, «Көңілді жарысқа» қатысушылар!

«Алғырлар» командасына жалынды сәлем!

«Мықтылар» командасына жалынды сәлем!

Назарларыңызға! Көңілді жарыстың ашылу салтанатына шақырамыз!


  1. «Қимылды қозғалысты, бір - бірімізді итермей жасаймыз». Мұнда екі топ бір - біріне қарама - қарсы сапта тұрады. Барлық айтылған қимыл - қозғалысты орындайды, қимыл – қозғалысты нақты техникасымен орындаған команда жеңімпаз атанады.. 


  2. «Өткел». (астынан шық және үстінен түс)


  3. «Терезеден терезеге» (екі аяқпен секіру) 


  4. «Допты домалату». Бірінші топ еден үстімен тақтадан бастап домалатады, ал екінші топ еден үстімен тақтаға дейін домалатады. Топтар бір - біріне қарама - қарсы біртіндеп жылжиды. Одан әрі орындарымен алмасады. Доптардың ара - қашықтығы – 3 см., 6 см., 10 см., 20 см..


  5. «Қамал қорғанысы». Екі топ кезекпен - кезек секіргішпен секіріп, өзінің қарсыласының қолындағысын алуы қажет. Одан кейін барлық команда өздерінің орындарына қайтадан оралады. Ысқырық дауысын естігенде, екінші топ бастайды.


Жүргізуші: Көптеген сынақтардан өттіңдер, міне,

Қуанышты кезеңдерде болды, әне,

Енді көрейік сендерді,

Қаншалықты мықты екендеріңді.


  1. «Допты себетке лақтыр». (Себетке қарай допты лақтыру)


Соңында, топтың жеңімпазы жарияланады. Екі топта үлкен атақтарға және сыйлықтарға иеленеді.

«Күн, ауа және су, менің адал достарым» Мақсаты: балалардың өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, әр түрлі қимыл – қозғалыс тәжірибелерін қолдану; алғырлықтарын, шапшаңдықтарын, күштіліктерін, төзімділіктерін дамыту, балалар арасындағы мейірімділік қарым – қатынасын қолдау, командадағы жолдастарына қолдау көрсете білу қасиеттерін ояту. 

Құрал жабдықтар: Жіппен тігілген қапшықтар, 2 гимнастикалық орындықтар, үлкен 2 үрілген шарлар, 20 қапшық құм, 4 шелектің ағашаяғы, 2 үлкен қолғап, гүлдер (10), жұмсақ ойыншықтар, Т.Қ.Ж.

1 бүлдіршін: Біз күтеміз мереке жарығын,

Мереке спортын, мереке күнін,

Күнім, күнім жылу бер,

Мерекемізге қуаныш сыйлай бер.

2 бүлдіршін: Біздің көңілді досымыз бар, 

Бәрінен де күшті, мықты ол, 

Бала-бақшаға күнде келер,

Кәне, айтыңдаршы кім ол?

Барлығы бірдей: Спорт!

3 бүлдіршін: Кәне, кім бәрінен де шапшаң?

Кәне, кім бәрінен де тез?

Бәріне де қызықты болар?

Біздің әдемі күлкіміз,

Сондықтан да тоқтамасын жүректегі әніміз.

(Бәрі қосылып, ән айтады).

4 бүлдіршін: Күшті, мықты болуымыз үшін,

Біз жасаймыз жаттығу, 

Әр күн сайын!

Би «Ырғақ».

Балаларға сапқа тұрып, қатармен залға кіріп, орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Назарларыңа! Назарларыңа! Денсаулыққа арналған «Күн, су, ауаның пайдасы» деген тақырыптағы мерекемізді бастаймыз!

(әділ – қазы мүшелерімен таныстырады)

Жүргізуші. «Спорттық алаңға, денсаулық мерекесіне, шақырамыз балалар!».

Қимылды ойын «Дене шынықтыру». Барлық топ залдың бір жақ шетіне, жарыс басталатын бастау сәтіне жиналады. Ал қарама - қарсы бағытта жарыстың соңғы нүктесі белгіленген. Балалар сөйлейді:

Біз спортпен жақсы доспыз,

Спорт әрдайымда керек бізге,

Спорт – көмекші!

Спорт – денсаулық!

Спорттық ойын «Дене шынықтыру».

- деп айтып болысымен, балалар жарыстың соңғы нүктесіне қарай жүгіреді.

Жүргізуші: Біздің бүгінгі спорттық жарасымызға екі топ қатысады. «Қонжық» және «Ұшақ» деген. «Қонжықтар» тобының таныстыруы: Біз спорттың баласымыз, «Қонжық» деген атымыз, «Ұшақтарға» - үлкен сәлем! «Ұшақтар» тобының таныстыруы: Біз спортпен біргеміз, Біз спортты сүйеміз, Спорт – денсаулық, Спорт – ойын!

Жүргізуші: (екі қапшық алып келеді). Балалар, бұл не екенін айтыңдаршы?

Балалар: Қапшықтар.

Ах: Ал сендердің араларында кім қапшықпен жүгіріп көрді? – деп, өлең шырқалған мезетте Ох пен Ах кіреді. 

Ох: (аяғында пимасы бар, қысқы телпек киген, үсті - басы лас - лас), айқайлайды: Ох, мен шаршадым! Ох, мен ауырып тұрмын! Ох, маған өте салқын болып тұр! 

Спорттық киімдегі Ах келіп: Ах, маған өте жақсы! Ах, мен мерекеге келген сияқтымын, Ах, қандай қызық болды!

Жүргізуші: Сендер кімсіңдер? Аты - жөндеріңіз кім?

Спортпен шұғылданушы: Мен – Ах боламын!

Аурушаң Ох тұрып: Мен – Ох-пын. Ох, қатты ауырып тұрмын деп арқасын ұстайды.

Жүргізуші: Міне, қызық! Сендер Ох пен Ах екенсіңдер ғой. Сендер мультфильмнен біздің мерекемізге келдіңдер. Біз әрқашанда қонағымызды құшақ жая қарсы аламыз. Кәне, көңілдеріңді көтеріңдер!

Ах: Ах, қандай жақсы болады!

Ох: Ох, мен қатты ауырып барамын (ох деп құлай бергенінде, Ах ұстап үлгеріп, қолынан ұстайды).

Ах: Отыр, балаларға қарашы, мүмкін осылардан үлгі алып, қалай денсаулығыңды күту керектігін үйренерсің? Тыңдашы, Ох сен неге тоңғақсың? (телпек, орамал).

Ох: Ох, суық тиіп қалады.

Ах: Кәне, шеш бөркіңді. Менімен бірге жаттығу жаса бір-екі! Бір-екі! (Ох амалсыздан қимылды жасайды).

Ах: Сенің қолыңнан ешнәрсе келмейді. Одан да балармен ойнайықшы.

Дәрігер: Міне, міне енді бәрі дәлелденді. Сен не үшін маңызды аурумен ауырасың деп инесін шығара бергенінде, Ох қашып жөнеледі, сол мезетте үстіндегі киімдер ұшып, ол Ах сияқты спорттық киімде қалады.

Дәрігер: Көрдің бе, мен сені қалай емдедім!

Ох: Ох, мен енді саумын деп жаттығу жұмысын жасайды.

Жүргізуші: Бірақ, ох толықтай емделді ме?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Қазір біздің көмекшілеріміз сенің үсті-басыңды жөнге келтіреді (Охты алып кетеді).

Дәрігер «Сөйлемді аяқта» деген ойынды ойнауға ұсынады.


  1. Тісті тазалауымыз қажет (тісіміз сау болу үшін, таңертең және кешке);


  2. Әруақытта жуамыз (қолды, аяқты, басты);


  3. Ешқашан жуылмағанды жеме (жемістер мен көкөністер);


  4. Бір уақытқа дағдылан (ұйықтауға, тамақ ішуге, ұйқыдан тұруға);


  5. Тамақ ішіп отырған кезде тыйым салынады (сөйлеуге, секіруге, дауыс көтеруге).


Балалар: Охтың үсті - басын тазалап, жақсы қалыпқа келтіреді. Ох балаларға өзінің алғысын айтады.

Дәрігер: Бәрекелді, балалар!

Жүргізуші: Жарысымзға қатынасқыларың келе ме?

1- бөлім.

1. «Қапшықпен секіру» эстафетасы

2. «Кедергі жолақтары эстафетасы. Гимнастикалық орындық үстімен ішімен еңбектеу, сақинадан өтіп, жалауға жүгіру. 

3. Топ басшыларына арналған сайыс: «Аяққа шелекті байлап жүру».

Көрермендермен ойын: «Инелі қолғаптар», 2 ойыншы – көрерменге 1 қолғаптан кигізеді. Олар өте ұсақ заттарды сол қолғаптарымен жинауы керек (кішкентай ойыншықтар) 

2-бөлім.

1. «Секіргіштер» эстафетасы (үлкен шарларға отырып, секіріп жарысу).

Дәрігер: Ох қайда?

Балалар: Әне, ол.

Дәрігер: Кәне, Ох! Енді сен бәрінен де: Күшті, ақылды, көңілді, салмақтысың! – деп дәрігер балаларға сыйлықтарын береді де, дәрігер, Ох пен Ах шығып кетеді; Саппен балалар алаңнан шығып кетеді.

«Еркем-Ай» Мақсаты: балаларды ойын – сауықтың әр түрлі түріне қызығышулығын, өзбеттілігін, достық қарым – қатынасын ояту, сөз айтуда шапшаңдық реакцияларын дамыту, гимнастикалық орындық бойымен жүруге, туннель бойымен еңбектеуге, кедергілер арқылы екі аяқпен алға қарай секіруге, көлденеңнен тұрған мақсатқа допты лақтыра білу дағдысын жаттықтыруды дамыту. 

Құрал жабдықтар: 2 гимнастикалық орындықтар, 2 құбыр, 2 үрленген үлкен шарлар, 8 сақина, арқан, Т.Қ.Ж.

Жүру барысы:

Жүргізуші. Қымбатты достар! Біздің бүгін «Еркем - Ай» жарасымызды ашуға рұқсат етіңіздер. Бұл не шу? Екі бала бір - бірімен ұрысып тұрады.

Гоша: Мен бәріненде күштімін, мен ауыр күш сынағышты да көтере аламын. Ал сенің қолыңнан ол келмейді.

Кеша: Ал мен алғырмын. Секіргіштен қалай секіретінімді көрсең ғой!

Гоша: Оны мен де жасай аламын. Тіпті сенен де жақсы жасаймын. Көр міне! (секіргіштен секіргісі келіп әрекеттенеді, бірақ онысынан түк шықпайды).

Кеша: Ха – ха - ха, сен жасай алмайсың. Ал, енді қара менің күш сынағышты көтергенімді (оның қолынан да ешнәрсе шықпайды).

Жүргізуші екеуіне ұрыспауды, өздерінің күштіліктерін «Еркем-ай» жарысына қатынасып, сонда сынап көруін ұсынады. Сендердің көмекшілерің «Күштілер» және «Алғырлар» тобы болады.

1бөлім:

1 - тапсырма: Жылжымалы адыммен гимнастикалық орындық үстімен жүріп, трубаның ішімен өту керек.

2 - тапсырма: Жалауға дейін үлкен шарды ұрып соғумен жүгіріп және қайтадан қайтып келу.

3 - тапсырма: «Төмпешіктен» «төмпешікке» секіру, яғни еденге қойылған сақинадан секіріп, себетке допты лақтыру.

Жүргізуші: Ал, қазір біз қатысушыларымызға демалуға уақыт берейік. Оған дейін біздің көрермендеріміз бағын сынап көрсін.

Көрермендерге арналған ойын.

«Жіп орағыш».

1. Ойынға екі бала қатысады. Екі ойыншы екі таяқшаны қолдарына алады (әрқайсысы өзінің таяқшасын қолына ұстап тұрады). Екі ойыншының таяқшалары бір жіпке байланған, жіптің дәл ортасы белгіленген. Ысқырық дауысын естуі бойымен, таяқшаларын әр ойыншы домалатып орауы қажет. Кім тезірек ортасындағы нүктеге жетсе, сол ойыншы жеңімпаз атанады.

2. «Жүгірген жіп» Еден үстінде жіп тұр. Жіптің екі жағында екі ойыншы тұрады. Жіптің шеті ойыншылардың екі аяғының арасында орналасу қажет. Ойыншылар қолдарын жоғары көтереді. Жүргізушінің дабылы бойынша тездетіп еңкейіп, аяқ арасындағы жіпті тартып қалу керек.

11 бөлім

1 – тапсырма. Топ басшыларына арналған сайыс «Арқан тарту».

2 – тапсырма. Аяқпен жүру. Жүргіншілер пластмассалы шелектен жіппен жанын байлап ұстауға ыңғайлы етіп дайындайды.

3 – тапсырма. Қолмен жүру. Жұппен сапқа тұру, бір ойыншы келесі ойыншының аяғын ұстайды, ал екіншісі алға қарай қолмен жүреді.

Жарыс соңында Гоша мен Кеша көмектескендеріне алғыстарын айтады. Өздерінің алғырларын, күштіліктерін осы жарыс арқылы біледі. Соңында екі бала қатысқандарға өздерінің сыйлықтарын беріп, қоштасып кетеді.

«Денің сау болсын» Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, өзінің қимылдық тәжірибесін пайдалану; алғырлығын, шапшаңдығын, күштілігін, төзімділігін дамыту; балалар арасындағы мейірімділік достық қарым – қатынасқа қолдау жасау, келісілген білім әрекетін бекіту. 

Құрал жабдықтар: 4 газеттер, 2 кішкентай доп, 12 кеглилер, қыстырғыштар, құм толтырылған 10 қапшық, 2 себет, 2 сыңарлы үлкен аяқ киім, 2 пластмассалы стакан, 2 қапшық, Т.Қ.Ж. Жүру барысы: 

Жүргізуші: Бәрін бүгін шақырамыз,

Спорттық алаңға жинап, 

Мерекемізді де бастаймыз,

Денсаулық күнімен құттықтап!

Сәлеметсіздер ме балалар және біздің көрермендеріміз? Бүгін міне, «Денің сау болсын» деп аталатын мерекеге жиналдық. Міне, сол мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Шын жүректен әділқазы мүшелерін,

Қарсы аламыз шын ниетпенен,

Әділ бола біледі әрқашанда,

Дұрыс шеше біледі әруақытта!

«Жаттығуда» әні шырқалады, әнге қосылып балаларда жаттығулар, әртүрлі қимылдар жасай бастайды.

Жүргізуші: Спортпен шұғылдану, бұл өте маңызды, осы арқылы адамның денсаулығы әрқашанда мықты, күшті, қуатты болады. Ал, сендер спорттың қандай түрлерін білесіңдер? (футбол, баскетбол, хоккей).

Біреу есік қағады.

Жүргізуші: Бір қонағымыз асығыс,

Есікті қатты қағады,

Әрқашанда дайын көмекке,

Жабайы аң мен құсқада,

Кім ол, кәне кім айтады?

Әрине, бұл – дәрігер – Айболит.

Айболит: Көп рахмет, балаларым,

Мен сендерге қарыздармын.

Тек бірнәрсені түсіне алмадым,

Бұл не мереке? Не үшін?

Жүргізуші: Қазір біз екі топқа бөлінеміз, сосын жарыс жүргіземіз. Міне бізде екі команда құрылды. «Қар» және «Мұз» деп аталады.

1-бөлім.

1-тапсырма: «Газетпен жүгіру».

Әрбір қатысушы қолдарына екі газет алады. Екі газетті қатар, яғни алдына қояды. Бірінші газетті басып, екінші газетті басады. Одан әрі артына айналып, қайтадан бірінші газетті алып қояды. Сөйтіп, соңына дейін осылай жасай отырып, қасына газетті алып қайтадан орнына жүгіріп, өзінің қарсыласына беріп кетеді.

2-тапсырма: «Тәтті жұптар».

Допты иығыңа қойып, оны басыңмен қысып жарыстың соңғы нүктесіне қарай жүгіріп, қайтадан орнына қарай жүгіріп келеді.

Айболит: Ал, мен сендердің қаншалықты дене шынықтырумен дос екендеріңді байқағым келеді.

«Бұл мен, бұл мен» ойыны.

Мұқият сөзді тыңдай отырып, дұрыс жауабын тапсаң, қолыңды көтеріп жауап бер.

- Ешқашан жуынбаймын.

- Әр күні таңертеңгілікте тісімді жуамын.

- Жаттығу жасамаймын.

- Дене шынықтырумен айналыспаймын.

Осы ойыннан кейін Айболит балаларға спорт туралы жұмбақтар жасырады: доп, велосипед және тағы басқа.

2-бөлім

1-тапсырма: «Үлкен аяқ киіммен жүгіру».

Балалардың аяқтарына үлкен аяқ киімді кигізіп, жарыстың соңғы нүктесіне дейін және қайтадан орнына жүгіріп келеді. Сөйтіп, кезекпен - кезек жасайды.

2 - тапсырма. «Сылдыр, сылдыр, сылдыр су».

Әрбір қатысушы қолдарына стаканға құйылған суды алады. Сол қолдағы сумен жарыстың соңғы нүктесіне дейін жүгіріп, қайтып жарыстың бастау сәтіне келіп тоқталады. Қолындағы стаканды келесі қатысушыға береді.

3 - тапсырма. Әрбір топқа бір қапшықтан беріледі. Балалар қапшықтың ішіне екі аяғымен тұрып, қолдарымен қапшықты ұстай отырып, жарыстың соңғы нүктесіне қарай жүгіреді және қайтып орнына қарай жүгіріп келеді.

Көрермендерге арналған ойын.

«Кім тезірек қыстырғыштарды жинай алады?».

Бір қатысушының киімінің үстіне бірнеше қыстырғыштарды қыстырып қояды. Ал екінші қатысушының көзін орамалмен байлап қояды. Уақыт шектеулі, яғни бір минут ішінде ойыншы барлық қыстырғыштарды табуы қажет. Одан соң ойыншылар орындарымен алмасады. (әділқазылар бұл екінші бөлімнен кейін, қорытындысын жариялайды)

3-бөлім.

1 - тапсырма. Топ басшыларына арналған сайыс «Жинады». 

Еденде екі қатарда бірнеше заттар шашулы жатыр делік. Ал, ойыншылардың көздері орамалмен байлаулы болады. Оларға қойылатын шарт: бір минут ішінде жерде жатқан заттарды себетке жинап үлгеруі қажет. Кім, көп жинаған болса, сол адам жеңімпаз атанады.

2 - тапсырма. «Аққаланы жина».

Әрбір қатысушыларға аққаланың құралдары беріледі. Бұл жарыста балалар кезекпен - кезек жүгіріп, еден үстіне аққала шығуы үшін құралдарын қояды да құрастырады.

3 – тапсырма. «Қолмен жүру». Бірінші ойыншы қолмен тұрады. Екінші ойыншы оның аяғын ұстап тұрады, осы қалыпта жалауға дейін бару қажет.

Айболит: Жарайды, менің қайтуым қажет. Көріп тұрмын сендер спортпен жақсы дос екенсіңдер, ешуақытта тістеріңді тазалауды, жуынуды, жаттығу жасауды ұмытпаңдар. Ешқашанда ауырмаңдар. Сау болыңдар, бүлдіршіндер!

«Әр уақытты үнемдей біл» Мақсаты: дене тәрбиесіне деген сүйіспеншілікті ояту, шапшаңдық реакциясы, алғырлық, төзімділік сияқты қасиеттерді іске асыру; физикалық сапалықтарды дамыту; өзін және жолдастарын сыйлай білу қасиетіне тәрбиелеу, жарыстарға қатысуға деген ынта - ықыласын және қызығушылығын шақыру. 

Құрал жабдықтар: 2 орташа доп, 2 кітап, 2 кішкентай доп, 2 таяқша, 2 ракетка, 2 қасық, 2 шар, 2 үлкен доп, Т.Қ.Ж.

«Күн» - бала: 

«Таңертеңгі» - 8 болды,

Балалар, ұйқыдан тұратын уақыт болды.

Кезекпен, қатарға тұрамыз, бәріміз.

Жаттығуымызды жасауға әрқашанда дайынбыз.

Бала: Кім де болсын жаттығумен дос болса,

Кімде болсын жаттығуды жасаса, 

Әр күн мықты, күшті болар,

Әр кез езуі қуанышқа толар.

Жүргізуші: Қолды жіберіп, тік тұрамыз!

Еңкейеміз төмен ерінбей!

Ал, кәне, орнымызда тұрып жүгіреміз!

Көңілсіз ән шырқалады, сол мезетте күлдіргіш Бим кіреді. (мойын орамалы, телпек, қызыл мұрын).

Күлдіргіш Бим: Сәлеметсіздер ме, қымбатты достарым!

Сіздің шақыруларыңызды алдым, бірақ суық тиіп ауырып қалдым.

Мен бүгін көңілсізбін,

Қатты ауырыпта барамын,

Мен жөтелемін, мен түшкіремін,

Мүмкін, мен тымаумен ауырамын.

Жүргізуші: Ал, біздің бүлдіршіндер ешқашанда ауырмайды.

Күлдіргіш Бим: Неге?

Бүлдіршін: Әр күні таңертеңгілікте жаттығу жасаймыз.

Бізге қатты ұнайды,

Кезекпен жүгіру.

Қызықты жүру! Қолды көтеру!

Отырып тұру және секіру!

Жүргізуші: Бізде, осында қал! Көп нәрсе үйренесің. Ал, кәне, бәріміз қосылып Бимға жұмсақ жаттығу жасайық, ол емделіп кетсін. (балалар нүктелі массаж жасауға кіріседі).

Екі топ қатысады. «Аққала» және «Қояндар».

1-бөлім.

1 - тапсырма. «Тәтті жұптар».

Қолдың ұшын тигізбей, иыққа допты қойып, басымызбен қыса отырып жалауға дейін жүреміз.

2 - тапсырма. «Тізбектелген доптар».

3 - тапсырма. «Басымызға кітап қойып жүру».

Басымызға кітапты қойып, қолымызды белімізге қоямыз. Жарыстың соңғы нүктесіне дейін жүреміз және қайтадан орнымызға жүріп келеміз.

Көрермендерге арналған ойын «Ең алғыр».

Үстел үстінде жеті кішкентай доптар айналып тұр. Көрермендерден сегіз адам қатысады. Әуен қосылады, сол әуенмен бірге дөңгелек үстелді айналып жүреді. Әуенді тоқтатылысымен, әрбір қатысушы қолдарына тез арада бір – бірден допты алады. Үлгере алмаған ойыншымыз, ойынның шарты бойынша ойыннан шығады. Тағы да екі допты алып тастайды, жеті ойыншы қалады, осылай ойын қайталана береді. Соңында тек бір ойыншымыз қалуы қажет, сол адам жеңімпаз атанады.

2-бөлім.

1 - тапсырма. «Топ басшыларына арналған сайыс» «Жіп орағыш».Топ басшыларының арасынан кім тезірек жіпті таяқшаға қарай орай алады.

2 - тапсырма. Екі қолымызбен допты еден үстімен ұрғылап жалауға дейін жүгіріп және қайтадан орнымызға алып жүгіруіміз қажет.

3 - тапсырма. «Допты түсіріп алма».

Бұл ойынға екі ойыншы қатысады. Олар бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Үлкен допты бір қолымен ұстап, жарыстың соңғы нүктесіне дейін барады, одан әрі қолын алмастырып, өзінің командасына оралады.

Күлдіргіш Бим қоштасып, көмектескендері үшін өзінің шексіз алғысын айтып, сыйлықтарын береді.

«Күзде қонақта» Мақсаты: қимыл – қозғалыстың шапшаң реакцияларын дамыту және жаттықтыру, жүгіру, секірудегі жетістіктерін дамыту, алшақ көлденең тұрған мақсатқа лақтыруға жаттықтыру, жолдастық сезіміне тәрбиелеу, өзбеттілік, ынта – ықыласын, шешім қабылдай білуін және батылдық сияқты қаситтерін ояту.

Құрал жабдықтар: 20 парақша, 2 сақина, 2 қапшық, 10 текше, 2 гимнастикалық орындық, 2 доға, 9 күзгі жапырақ, арқан, 2 созылмалы үлкен доп, 2 жалау, 2 доп, Т.Қ.Ж.

Жүру барысы:

Жүргізуші. Балалар, мына жұмбақты шешіп көріңдерші: «Жер дымқыл, күн тез батады, жапырақтар сарғаяды. Бұл қай мезгілде болады? (Күзде).

Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз). Қазір біздер күз әлеміне қонаққа барамыз. Ол бізге жақын.

«Күз келді,

Бақшамыз қурады,

Жапырақтар сарғайып,

Желге ұшып барады».

Жәй әуен шырқалады, сарғайған жапырақтармен күзде кіреді.

Балалар: Біз Сізге қонаққа келдік, сіз туралы білетінімізді айтып, сізбен бірге ойын ойнап көрейік деп келген болатынбыз.

Бәрі бірдей: «Сәлеметсіз бе, Күз айы!».

Күз: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендермен кездескеніме, танысқаныма сендермен бірге ойнайтыныма қуаныштымын».

Тәрбиеші: 2 топ қатысады. «Жаңбыр» және «Кемпірқосақ».

Жарысымызды бастаймыз.

1-бөлім.

1 - тапсырма. «Картопты егіп, оны жинап ал».

Әрбір қатысушының қолында бір картоптан болады. Ысқырық дауысын естіген бойда, ойыншы картоптарды шұңқырға (сақина) салуы қажет (уақыт бойынша). Осыдан кейін барлық картоптар сақинада болады, бірінші ойыншыға қапшық беріледі, ол сақинадан картопты алып,жүгіреді де қапшықты келесі ойыншыға береді, ол келесісіне т.б

2 - тапсырма. «Кім егінді тез жинайды». Балалар бірінің артына бірі тұрады. Сол қолымен екінші адамның иығынан ұстаса, ал оң қолымен оң аяғын көтеріп ұстайды. Міндеті - сол аяқпен жалауға дейін секіру.

3 – тапсырма. Жылжымалы адыммен гимнастикалық орындық үстімен жанымен жүру, доға арқылы төрт тағандап еңбектеу, қапшықты сақинаға лақтырады.

Көрермендерге арналған ойын.

«Ең алғыр». Көреремендер арасынан 10 бала қатысады. Еденде 9 жапырақ шашылған. Әуенмен балалар күзгі жапырақтарды айнала жүгіреді, әуен тоқтатылған сәтте әр ойыншы қолына бір жапырақтан алуы тиіс. Үлгере алмаған бір ойыншы ойыннан шығады. Ойын соңында жеңімпаз айтылады.

2 – бөлім

1 – тапсырма. Топ басшыларына арналған сайыс «Арқанды тарт».

2 – тапсырма. «Секіргіштер». Үлкен созылмалы шар үстіне отырып, қолымен ұстап, жалауға дейін секіру және қайта оралу.

3 – тапсырма. «Қапшықпен жүгіру».

Тәрбиеші. Бізге сізде қонақта болғанымыз қатты ұнады. Біз енді балабақшаға оралуымыз қажет. Сау болыңыз! Біз қуаныштымыз!

Күз. Сау болыңдар! Келесі жылға дейін!

«Аңдар әлемі» Мақсаты: балалардың ойын – сауықтың әр түрлі түріне қызығышулығын ояту, командадағы жолдастарына қолдау көрсетудегі өзбеттілік, ынта – ықыласын тәрбиелеу, достық сезімін ояту және балаларға рахаттылық жеткізу.

Құрал жабдықтар: 2 велосипед, 2 қапшық, 2 құбыр, арқан, 2 доға, 2 доп, текшелер, әуе шарлар, тастар, Т.Қ.Ж.

Жүріс барысы:

Шақырамыз барлық достарды,

Бүгінгі аңдар әлеміне,

Кездестірерсің, джунглиден

Крокодил, арыстан, пілді де,

Күшті, мықты болсаң егер,

Келіп бағыңды сынап көр.

Жүргізуші. Сәлеметсіздер ме, қымбатты жолдастар! Бүгін, балалар біз Африкаға жол жүреміз. Онда көптеген жабайы аңдар мен улы аңдар тұрады.

1 - топ – «Зияндылар».

2 - топ – «Улылар».

Әуен шырқалады, Чунга - чанга да шығады.

Чунга - чанга: «Сәлеметсіздер ме, балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Менің атым Чунга - чанга, сендердің мерекелеріңе келдім.

1 - бөлім.

1. Велосипедпен жүру.

2. Қапшықпен секіру.

3. Құбырмен еңбектеу.

2 - бөлім.

1.Доға астымен еңбектеу.

2. Қосаяқ (тізе арасына текшелерді қыса отырып секіру).

3. Текшелерден пирамида құрастыру. Балалар жүгіріп келіп, бір – бірден текше алып, пирамида құрастыруды бастайды.

Көрермендерге арналған ойын. «Сыйлықты ал».

3 - бөлім.

1 - тапсырма. Топ басшыларына арналған сайыс «Жастықпен төбелесу».

2 - тапсырма. Әуе фейервергі (шардың үстіне отырып, оларды жару қажет)

3 - тапсырма. «Тасқа тигіз». Алаң соңына тастар байланған бауды керіп қояды. Балалар жүгіріп келіп, тездетіп бұл тастарды жұлып алады. 

Ойын соңында жүргізуші «Зияндылар» мен «Улылардың» жинаған ұпайларын санайды. Оларға Чунга - чанга сыйлықтар табыстайды.

Жүргізуші: «Міне, қоштасатын уақытта келді! Кездескенше!».


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Біздер

Автор: Байзир Асан

Дата: 01.02.2017

Номер свидетельства: 386263

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Еліктеу с?здер та?ырыбын модульдік технология бойынша о?ыту"
    ["seo_title"] => string(69) "ieliktieu-sozdier-tak-yrybyn-modul-dik-tiekhnologhiia-boiynsha-ok-ytu"
    ["file_id"] => string(6) "300584"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456760132"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Жары?.Жары? жылдамды?ы. Жары? к?здері. "
    ["seo_title"] => string(42) "zharyk-zharyk-zhyldamdyg-y-zharyk-kozdieri"
    ["file_id"] => string(6) "152890"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420914321"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "АБАЙ ШЫ?АРМАШЫЛЫ?ЫНДА?Ы К?РДЕЛІ С?ЗДЕР"
    ["seo_title"] => string(39) "abaishygarmashylygyndagykurdielisozdier"
    ["file_id"] => string(6) "283499"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453832527"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Жа?а  с?здер"
    ["seo_title"] => string(12) "zhanasozdier"
    ["file_id"] => string(6) "296128"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455909624"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "?арда?ы іздер"
    ["seo_title"] => string(13) "kardagyizdier"
    ["file_id"] => string(6) "327017"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463376748"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства