kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бізде қонжық қонақта»

Нажмите, чтобы узнать подробности

балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында жабайы жануарлардың мекен ету ортасы, коректенуі туралы білімдерін толықтыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бізде қонжық қонақта»»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы № 5 ортаңғы топ.

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Бізде қонжық қонақта».

Мақсаты: Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында жабайы жануарлардың мекен ету ортасы, қоректенуі туралы білімдерін толықтыру.
Күз айында болатын өзгерістер жайлы түсініктерін ажырата білуге жаттықтыру. Білім беру процесіне ойын мен баланы қуанатын элементтер енгізіп, ойнақы сөйлеуге, жұмбақтар жасыруға, шешуге мүмкіндіктер жасау. Саусақ бұлшық еттерін дамыту. Балаларды шағын кейіпкерлер бейнесін сомдауға, дауыс ырғағына, дыбыстау көркемдігіне көңіл аударуға үйретуді жалғастыру. Жануарлар әлеміне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақ жасыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Күз мезгілінің құбылыстарының суреті, күн, ертегі бейнесінің қиынды суреттері, слайдтан ертегілер көрсету.
Билингвалды компонент:Күз –осень, аю-медведь, қонжық-медвежонок, ертегі- сказка.

Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Балалар залға кіріп шеңбер жасап тұрады. Қонақтармен амандасады. Балалар бір – бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық «Қайырлы таң» шаттық шеңберін айтайық.

Қайырлы таң көк аспан

Қайырлы таң жер ана

Қайырлы таң қонақтар

Қайырлы таң достарым


-Балалар, көңіл - күйлерің қалай?

-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде ауа - райында қандай өзгерістер болады?
-Ағаштарды қозғалтып не соғады?


Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылулық лебіздерін білдіреді.








Өте жақсы.
Күз мезгілі.

Күн бұлттанып жаңбыр жауады.

Жел соққанды, ағаштар қозғалады.

Ұйымдастырушы ізденуші бөлім


-Балалар мына күннің бетін күзгі ауа - райының құбылыстары жауып тұр. Күннің көзін ашу үшін осы суреттердің артында жазылған сұрақтарға жауап беруіміз керек.

-Балалар, мына суретте не бейнеленген?


Мұнда жұмбақ жасырылған, мұқият тыңдаймыз.
Қорбаң , қорбаң етеді,

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып алып,

Қыста ұйқыға кетеді. (аю)

-Жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар.
- Ал мына суретте күздің қандай құбылысы бейнеленген?

- Мұнда мынандай сұрақ қойылыпты.
- Аюдың түрлерін атаңдаршы?

-Аюдың баласы қалай аталады?

Таңғажайып сәт

-Балалар қараңдаршы бізге қонжықтар қонаққа келді.
-Сәлеметсіңдер ме қонжықтар!
-Қайдан келе жатырсыңдар?
-Қонжық: Сәлметсіңдер ме балалар. Біз орманнан келе жатырмыз. Біздің атымызды атап айтқандарыңды естіп анамыз шақырып жатқан екен деп орманнан сендерге келдік.
-Тәрбиеші: Төрлетіңдер! Біздің балалар күнге көмектесіп жатыр, күннің жарқырап шығуы үшін балалар сұрақтарға жауап беруде. Балалармен бірге болғыларың келеме?
-Қонжық: - Иә, болғымыз келеді.

-Мына суретте күз айының қай құбылысы бейнеленген?

Ал мұнда мынадай сұрақ жазылған.
Күз мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?











-Күннің көзі ашылды!


Ендеше күнге тақпақ айтып берейікші, бізге шуағын шашып қуансын.





Балалар күн бізге риза болып қуанып тұр, бізде бірге қуанайық.

-Балалар қонжықтар сендермен сергіп алғылары келіп тұр. Кәне орнымыздан тұрып «Ормандағы аю» атты сергітуді айтып жасайық.

«Ормандағы аю» сергіту.

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық

Тәрбиеші: -Балалар аю, қонжықтар қандай ертегілерде кездеседі?

Балалар аюлардың қандай ертегілерде кездесетіндерін біледі екенсіңдер.

Д/о: «Бұл қай ертегі»

Балалар сендердің алдарыңда қиынды суреттер тұр. Осы суреттерді құрастыру арқылы, қандай ертегі бейнеленгенін білесіңдер. Қонжықтар сендерде отырып құрастырып көріңдер.

-Балалар сендер не құрастырып жатырсыңдар?

-Қане кімде ненің суреті шықты?


Алдарындағы құрастырылған суреттегі ертегіні айтып беріңдерші.


-Аюлардың немен қоректенетінін, қайда өмір сүретіндері туралы кім әңгімелеп береді.


Слайд /тамақ жеп жатырған, ормандағы, ақ аюлар/

- Аюлар орманда мекендейді, апанда өмір сүреді. Қоңыр аюлар орманда, ақ аюлар солтүстікте мұзды жерде өмір сүреді. Орман аюлары әлсіз жануарлар мен құстарды жейді, ақ аюлар мұзды жерде мекендейтін болғандықтан олар балықты жейді.
Күздің соңғы айында олар ұйқыға дайындалып, қолдарына майды жинап, саусақтарын қыс бойына сорып ұйықтайды екен. Ұйқыдан оянған кезде аш болып, ызаланып тұрады екен. Сондықтанда оларды жыртқыш жануар деп атаймыз.

-Аюлар қандай аңдарға жатады?

-Аюлар немен қоректенеді?

- Ақ аюлар қайда мекендейді?

-Аюлардың қандай түрлерін білесіңдер?

Ендеше аю туралы тақпақ айтып беріңдерші.



-Тамаша жарайсыңдар!
Қонжықтар біздің балалардың тақпақтары, құрастырған бейнелері ұнады ма?
Қонжық: Иә, ұнады

Слайд

Д/ойын.«Төртіншісі артық»

Балалар суреттегі бейнелердің қайсысы артық екенін тауып айтуларың қажет.

Балалар тыңдайды.






Аспанды бұлт басып, жаңбыр жауып тұрған сурет




Ол аю




Жылы жаққа ұшып бара жатқан құстардың суреті.

Балалардың жауабы.

Қонжық.





Балаларда амандасады.















Жел соққан кезде ағаштан жапырақтар түсіп жатқан кезі.


-Иә білеміз

Арай:

Соңғы шуақ төгіліп
Салқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып ,
Жапырақтар жүр ойнап.

Арнұр:
Жайдары күз жомарт күз
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам.
Дариядай шалқып жүр.


Эльнара:

Күлімде күн күлімде,
Күлсін бірге бала шат,
Табиғатқа баламыз
Табиғат біздің анамыз.
Достығымыз жарасқан
Біз әдепті баламыз


Алақай! Күн шықты.





Балалар өлең жолдарын айта отырып, қимыл қозғалыс жасайды.




Үш аю,бауырсақ,маша мен аю, үйшік т.б.





Қиынды суреттерді құрастырады.





Суреттерді құрастырып жатырмыз.

Ертегілердің суреттері шықты.

Балалар әңгімелеп береді.























Аю жабайы аң

Саңырауқұлақ, балық, бал, құлпынай т.б.




Аян:

Аю, аю тұрсаңшы,
Көп ұйқыны қойсаңшы

Бүгінгі күн тамаша,
Ән айтайық қаласаң!






Балалар тауып атайды.

Рефлексиялық

коррекциялаушы бөлім

Қонжықтар балалармен қоштасып кетіп қалады.

-Балалар бізге нелер келді?

-Ақ аюлар қайда мекендейді?

-Олар немен қоректенеді?

-Орман аюлары не үшін саусақтарын сорып ұйқтайды?
-Бүгінгі оқу іс - әрекетінің қай жері ұнады?
Балалар әрдайым аналарың қастарыңда болып, әр күніміз көңілді қызықты болсын.
Мен сендерге осындай тілек тілеп рахмет айтамын.
Балаларды мадақтау.

Қонжықтар сау болыңдар.



Балалар сұрақтарға жауап береді, ҰОІӘ –гі өздеріне ұнаған тұстарын атап, айтып жатты.



Күтілетін нәтиже:
Аю жабайы аң, ол қыста ұйықтап, көктемде оянатынын, аю баласын қонжық деп атайтынын Білу.
Аюдың түрлерін ажырата алу, немен қоректенетінін, қайда мекендейтінін Ұғыну.
Әр түрлі ертегілер бейнесін құрастыруды Меңгеру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Бізде қонжық қонақта»

Автор: Сейталиева Гүлден Ерболатқызы

Дата: 05.10.2016

Номер свидетельства: 347488

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ашық оқу іс қызметі"Қонжық бізде қонақта""
    ["seo_title"] => string(49) "ashyk_ok_u_is_k_yzmieti_k_onzhyk_bizdie_k_onak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "363312"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480323043"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ашық оқу іс қызметі"Қонаққа қонжық келді""
    ["seo_title"] => string(50) "ashyk_ok_u_is_k_yzmieti_k_onak_k_a_k_onzhyk_kieldi"
    ["file_id"] => string(6) "363314"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480323386"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Конспект ҚМҰҚ Тақырыбы: "Қысқы ертегі""
    ["seo_title"] => string(35) "konspekt_kmuk_takyryby_kysky_ertegi"
    ["file_id"] => string(6) "537203"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1579845083"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "К?ліктер.Автобус"
    ["seo_title"] => string(17) "koliktier-avtobus"
    ["file_id"] => string(6) "297740"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456231372"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Көнілді көжектер мен қонжықтар"
    ["seo_title"] => string(37) "konildi_kozhiektier_mien_k_onzhyk_tar"
    ["file_id"] => string(6) "436445"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509690877"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства