Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері. Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз. (М.Жаманбалинов) | Шаттық шеңберге тұрады, Қимылмен көрсетеді. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Балаларға қонаққа қуыршақ Шлопан және оның інісі Қанат келеді. №9 үлестірмелі материалдағы қолында қонжығы бар Шолпан мен машина сүйреткен Қанат бейнеленген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. -Қараңдаршы, қандай әдемі, беті-қолы тап-таза. Шолпан қандай көйлек киіп алыпты? -Шолпанның көйлегі қандай? -Қанат үстіне қандай жейде киіп алыпты? -Балалар, Қанат пен Шолпан сендермен «Мынау не?» ойынын ойнағысы келеді. Топтағы ойыншықтарды, оның ішінде аюды көрсетіп: -Мынау не? -Бұл – аю. Бұл – жұмсақ пүліштен жасалған үлкен аю. Пүліш-жұмсақ мата. Өзі тап-таза, мойнында қызыл таспасы бар. Ал мынау-кішкентай аюдың баласы қонжық. Қоңыр түсті. Бірнеші баланы шақырып, аюды қолдарына беріп ұстатады. Сергіту сәті: Ұзын құлақ, сұр қоян Естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. (Т.Бердияров) №9 үлестірмелі материалдармен жұмыс. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау. | Қуыршақтармен сәлемдеседі, танысады. -Әдемі. -Сәнді, жағасы ақ, көк көйлек. Сұрақтарға жауап береді Балалар аюды ұстап, оның тап-таза, мойнында қызыл таспасы бар екенін, оның баласы қонжық екенін біледі. Қимылмен көрсетеді. |