Спорт деген азанда,
Алады да тұрғызып.
Еріншектік аз онда,
Бастайды ойын бір қызық.
Аязда да тоңбайсың,
Ыстыққа да күймейсің,
Сергектікті қолдайсың,
Жалқаулықты сүймейсің,
Бақыт сенен қашпайды,
Өнер білген пайдалы,
Спорт соның айғағы дей тұрып,
Бүгінгі балабақшамызда топ арасында өткелі отырған, "Біз шыныққан баламыз" атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүлдіршіндер сіздерді денсаулық күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, жүздеріне күлкі, қуаныш, көлдей көңіл, өзендей өмір тілейміз.
1. "Алау" тобын шақырамыз.
2. "Жалын" тобын шақырамыз.
Топтармен таныстырып өтейін:
"Алау тобы:
Ұраны: "Біз - лаулаймыз, жанамыз,
Жарыстарда әрқашанда озамыз"
"Жалын" тобы:
Ұраны: "Қиындыққа төтеп бере,
Біз боламыз "Жалын" тобы"
Жарысымыз "6" турдан тұрады.
1. "Кім жылдам?"
Ойын шарты: Бірінші ойыншы қолына кубикті алып, жүгіру арқылы белгіленген орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға кубикті береді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
2. "Секіргіш"
Ойын шарты: Ойыншылар белгіленген орыннан секіргішпен секіріп айналып келіп, екінші ойыншыға секіргішті береді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
3. "Кедергіден өту"
Ойын шарты: Ойыншылар алдарына қатарластырып қойылған гимнастикалық скамейкадан тепе-теңдік сақтап өтіп, доғалдың астымен еңбектеп өтіп келіп, екінші ойыншыға қол соғады. Ол ойыншы ойынды жалғастырады.
4. "Асық ату"
Ойын шарты: 2-3 метр қашықтықтағы асықты қай топта көп асық болса сол топ жеңіске жетеді.
5. "Кеглиді доппен құлату"
Ойын шарты: 2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату. Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.
6. "Допты жалғастыр"
Ойын шарты: барлық ойыншы бір қатарға тұрып допты жоғарыдан жалғастырп, соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай береді, қай топ жоғарыға бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді (ойынға қатысқан ойыншылар марапатталады).