Слайд түрінде көрсету.Балаларың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақ халқының татау халық екенін түсіндіру.
Просмотр содержимого документа
«Бірлігі жарасқан қазағым»
Мақсаты:
«Достық» құндылығы туралы түсінік беру. Өзара сыйластыққа, бір-біріне көмек көрсетуге, қолдауға, қамқорлық жасауға баулу.
Дамытушылық:
Балалардың ойлау, есте сақтау, әңгімелеу қабілеттерін дамыту:
Тәрбиелік:
Сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Достарды біз қолдаймыз.
Қиын шақта қорғаймыз.
Әрқашанда достар мен
Бірге жүріп ойнаймыз
Сұрақ-жауап
(Балалар, бүгін біз достық жайында әңгімелесеміз)
- Балалар, сендерге жалғыз ойнаған
ұнайды ма?
2. Кіммен ойнағанды ұнатасыңдар?
3. Дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Суретпен жұмыс:
Достық-адамдар арасындағы жақсы
қарым-қатынас. Достар ешқашан бірін-бірі
ренжітпейді. Басыңа қиыншылық түскенде
қасыңнан нағыз дос қана табылады. Қажет кезде дос
көмек береді. Тату-тәтті ойнасаңдар бір-біріңе сыйлы боласыңдар.
Досы бар жан бақытты. Демек досты ешқашан сатпау керек, бірге күліп, бірге ойнау керек, сыйлап қадірлей білу керек.
- Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
- Ендеше сендерге «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып берейін. ( тыңдап көрейік)
- Ертегі тыңдату, оқу.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Не түсіндіңдер?
- Ертегі қалай аталады?
- Қарлығаш қандай құс?
- Балалар қарлығаш неге ренжіді?
- Қарлығаш пен дәуіт қалай достасты?
Балалар қазір біз екі орталыққа бөлініп тапсырмалар орындаймыз.
1-орталық: «Коммуникация» саласы
Достық тақырыбында бейнеленген суреттерге қарап әңгіме құрау.
2-орталық : «Шығармашылық» саласы
Балалар өз достарыңның немесе достарыңа сыйлағыларың келетін сыйлықтың суретін салыңдар.
“ Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес”
Ойын:
Мақалды аяқтаңдар.
Досы көпті ..... алмайды,
Ақылы көпті ..... алмайды.
Шын достық қиын сәтте ...... .
Досы көппен ...... ,
Досы азбен ......... .
Құстың күші ..................... ,
Адамның күші ................. .
Жақсы ........... жанға серік,
Жаман жолдас ................. .
Тақпақтар:
1. Бала, бала, баламыз.
Бақшамызға барамыз.
Барлық бала дос болып,
Ойнап асыр саламыз.
2. Жақсылыққа бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
3. Достықты біз ойлаймыз.
Қиын шақта қолдаймыз.
Әрқашанда достармен
Бірге жүріп ойнаймыз
Рефлексия:
- Балалар, біз не туралы әңгімелестік?
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Бүгінгі оқу іс –әрекеті ұнадыма?
Жүректен жүрекке шеңбері:
Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығың белсене қатыстыңдар. Бір-бірімізге жылы лебіз, тілектерімізді білдіріп, достасып жүрейік.
Біздің достығымыз үзілмей, шексіз бола берсін деп бүгінгі оқу іс-әрекетімізді
Дос болайық, бәріміз!
Сөзі: Х.Талғаров.
Әні: И.Нүсіпбаев
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Туғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз,
Ажырамас әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Қайраттанып қарышқа,
Озып шыққан жарыста,
Батыл бол, жасұлан!
Самға биік, алысқа,
Жұлдыздарға, ғарышқа.
Бойда күш тасыған.