Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тақырыбы: «Білім өмір шуағы»
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тексере отырып ақыл – ой өрісін
жан – жақты дамыту. Тіл байлығын арттырып, ой – танымын нығайту,
байланыстырып сөйлеу әрекетін дамыту, топпен жұмыс істей отырып,
өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу, оқушылардың
мағыналық қабылдау қабілетін, байқағыштық қасиетін жетілдіру,
мейірімді болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұран сөздер, слайд.
Әдіс – тәсілі: тапқырлар сайысы, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, балалар,
Сәлем дейік үлкенге.
Тәрбие сағатымызды сайыс түрінде екі топқа бөліп өтеміз. Сонымен қатар әр топтың өз атауы, ұраны болады. Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Білім өмір шуағы» деп аталады. Тапқырлар сайысы ІІІ - кезеңнен тұрады. Әр топ әр сайысқа өз бағаларын береді. Міне стикерде бағалар жазылған. Осы арқылы өздеріңнің білімдеріңді бағалайсыңдар.
І – кезең:
1. Сурет қорғау.
Таныстыру үлгісі. Топтың аты. Ұраны. Төс белгілерін қорғайды.(әр топ өз топ суретін салады, ұрандарын топ атауын айтады)
2 «Кім көп біледі?»
ІІ – кезең:
1. Шешендік сайыс.
2. Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.
ІІІ – кезең:
1. « Егер де мен. » (Жағдаятан шығу)
Сонымен қатар 1- топ: «Бәйтерек»
2 – топ: «Сұңқар»
І – кезең.
Ал, балалар, дайын болсаңдар мына плактқа өз топтарыңның суретін салып, тақтаға іліп кезекпен – кезек өз топтарыңды таныстырып шығыңдар. (әр топ өз топтарын таныстырып шығады)
«Бәйтерек» тобы
Біздің де тобымызда білімді көп,
Көпшілік білімдіге сүйсінер кеп.
Бәйтерек деген тобымызға,
Жақсы баға берсін деп тіледік көп.
Елордамыздың символы болғандықтан тобымызды «Бәйтерек» деп атадық. Өйткені «Бәйтерек» тамыры тереңге жайылған алып ағаш, бізде болашақта биіктен көрінгіміз келеді.
Ұранымыз: «Білім шыңы биікте,
Беліңді бу, жас ұлан»
«Сұңқар» тобы.
Біз Сұңқар тобымыз,
Ұлағатты ұстаздың шәкіртіміз.
Білімді балалармыз бәріміз,
Бәйгеден озып келген жүйрік аттай.
Сұңқар құс биікке самғап ұшады. Бізде көп ұзамай жаңа өмір жолына бет бұрып, ұямыздан ұшамыз. Сондықтан да тобымыздың атын «Сұңқар» деп атадық.
Ұранымыз: Білім алып талаптанып,
Азамат боп шығамыз»
Ал, енді өз бағаларыңды беріңдер. (Екі топ бір – бірлеріне өз бағаларын береді)
2. «Кім көп біледі?»
Балалар, бұл кезеңде сендерге география, математика сабақтарынан бірнеше сұрақтар қоямын мұқият тыңдап отырыңдар. Және қай топ бірінші қол көтереді сол топ жауабын айтады, сондықтан қойылған сұрақтарға мұқият болыңдар. Слайдқа назар аударайық.
Ал, Шыңғыс немесе тағы басқа балаға осы өсімдіктерді, мал шаруашылығындағы жануарларды слайдтан көрсету.
Қане, өз бағаларың беріңдер.
ІІ – кезең:
- Бұл сайыста мен сендерге таныс өлең шумақтарын оқимын. Сендер жалғастырыңдар, авторын атаңдар. (Слайдтан Абай Құнанбаев суретін көрсету)
1. Сабырсыз, арсыз еріншек,.. (А.Құнанбаев) ал, қане, қай топ.
2. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды. (А.Құнанбаев)
3. Ғылым таппай мақтанба,.. (А.Құнанбаев)
4. Әсемпаз болма әрнеге,. (А.Құнанбаев)
Балалар, өз бағаларыңды айтыңдар.
Ережесін еске түсіріп көрейікші. Бір ғана сөйлемнен тұратын сөйлемді жай сөйлем дейміз.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Ал, енді ойлана отырып орындаңдар.
Қанекей, балалар, өз бағаларыңды беріңдер.
ІІІ – кезең:
Осы жағдаяттан қалай шығар едіңдер. Қалай жауап бересіңдер. Балалар ойлана отырып өз жауаптарын береді.
Ал, бағаларың қандай?
Қорытынды:
(Балалар өз ойларын айтады)
Енді өздерің бағалап шығарған бағаларыңды санайық.
«Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» - шығады демекші сендер бүгін өз білімдеріңді тағы бір рет сынап көрдіңдер. Және өздеріңнің білімді екендеріңді көрсете алдыңдар. Бүгінгі сайыста өздеріңді бағалай білдіңдер. Алдағы уақытта үлкен азамат болып өсіп, Еліміздің болашағы сендер болғандықтан аман есен болыңдар.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды атап мақтап, мадақтау.
Предмет: Дошкольное образование
Категория: Уроки
Целевая
аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт