Мотивация-лық Қозғаушысы Ізденуші-ұйымдастырушы. | Шаттық шеңбер: Қуанамын менде Қуанасың сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге - Тамаша!! Ал, балалар қазыр жылдың қай мезгілі? - Қазір қандай ай? -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Керемет. - Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық. Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбын айтпас бұрын, Біз судың нелерге және кімдерге пайдасы бар екенің осы дидактиклық ойын арқылы қайталап алайық, ал сендер мұқият қарандар және тыңдаңдар: Дидактикалық ойын: Судың пайдасы. Дұрыс балалар, әрине су барлығына қажет. Ал ендеше бүгін Оқу қызметінің тақырыбы «Су өмір нәрі» екен. Су бізге не үшін қажет? - Қалай ойлайсыңдар, мұз, қарды жылы жерге әкелсек не болады? - Әрине ериді, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде сендермен тәжірбелер жасаймыз. Ендеше соны дәлелдеу үшін 1-тәжірбеміз. І.Балалар мұзды ерітсек неге айналады?Ыдыстағы мұзды ерігенің бақылайды ІІ.Судың пішіні бар ма? Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю) жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады. ІІІ. Судың дәмі бар ма? Иісі болама? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер.Енді осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?Ал егер тұз қоссақ суымыз ащы болады. Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал негізінде судың дәмі болмайды. ІҮ. Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енді бәріміз бірге ойын арқылы бойымызды бір сергітіп алайық. Ойын арқылы бойларын сергіту: Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма? | Балалар шеңбер бойына тұрып қимыл-қозғалыс арқылы жасап шығады.
- Қазыр жылдың көктем мезгілі .- Қазір мамыр айы - күн жылынып, ағаштар бүршік жара бастайды. Балалар. Судың дыбысын тыңдау. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап ,қойылған сұрақтарға жауап беріп отырады.
Судың дыбысын
Ериді,және суға айналады
Мұз ерісе суға айналады Жоқ (Балалар суды иіскеп көреді, Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады). Суда дәм жоқ балалар суды ішіп көреді балалардың жартысы суға қант қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады. Балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады. «Су— мөлдір» Балалар«Күн мен жаңбыр»ойынды ойнайды.
Балалар бойларын сергітеді. | | |
Рефлексивтік қортынды | Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші: Судың иісі, дәмі, түсі бар ма? Сусыз өмір сүруге бола ма? Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз? Қандай ойын ойнадық? Ал енді келген қонақтармен қоштасайық! | - жоқ - жоқ - үнемдеу керек - күн мен жаңбыр - Сау болыңыздар | | |