Тәрбиеші: Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Ғарышқа кез-келген адам ұша бермейді, ол үшін денсаулығы мықты, ақылды, арнайы білімі бар, батыр адам қажет.
-Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
- Зымыран.
Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны ғарыш кемесі дейміз. Зымыран- жер мен аспан арасында ең тез ұшатын көлік. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер аспан әлеміндегі ерекшеліктерді суретке түсіріп , ондағы ауа мен топырақты зерттейді, оны жерге хабарлап отырады.
Тосын сәт: Осы кезде зымыранның дауысы шығады.
Тәрбиеші: -Бұл ненің дауысы?
-Зымыранның
-балалар біздің тобымызға ғарыштан зымыран ұшып келді. Зымыранның жанында хат қалташа бар екен. Ашып көреміз бе? -Ия
Қалташаның ішінен аспанның көрінісі шығады. Тәрбиеші тақтаға орналастырып балалардан сұрайды.
Балалар біздің зымыран әкелеген суретке аспан денелері жетіспей тұрған сияқты. Сендер оны осы топтан іздеп көріңдерші. Мүмкін біздің топқа оларда келген болар?
Балалар айналаны қарай бастайды, сол кезде жұлдызды тауып алады. Ол жұлдыздың тапсырмасы болады.
- Балалар, жарайсыңдар!
-Бұл не?
- Жұлдыз.
-Бұл жай жұлдыз емес сиқырлы жұлдыз екен. Ол сендерге өзінің тапсырмасын ала келіпті.
1- тапсырма:
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері?
Ғарышқа соңғы рет ұшқан Қазақстандық ғарышкерді ата?
Біз қай ғаламшарда тұрамыз?
Аспанда қандай денелер бар?
-жарайсыңдар балалар, аспанға жұлдызды орналастырайық. Ал, енді тағы қандай аспан денесі жетіспей тұр деп ойлайсындар. Топтын ішінен іздеп көрейікші.
Балалар бірлесе отырып іздеп айды тауып алады.
Тәрбиеші: Балалар айдыңда сендерге айтар тапсырмасы бар екен. Орындап көрейік.
-Кім ғарышкерлер туралы тақпақ біледі.
2- тапсырма: Балалар ғарышкерлер туралы тақпақтарын айтады.
1)Әубәкіров ағаның даңқы көкке самғаған, Тоқтар аға Гагарин салған жолды жалғаған, Тоқтар ағам - жан ағам бұрыннан да ер еді, Менің батыр ағадан аумай қалғым келеді. 2) Тоқтар ұшты ғарышқа Талғат болды ғарышта Таңқалдырып қазағым Тағы ұшса ғой Марсқа.
Жарайсыңдар, сендер өте ақылды балаларсындар!
Балалар қараңдаршы зымыран өзімен бірге май шам ала келіпті.
-Қалай ойлайсыңдар, бұл май шаммен не істеуге болады?
-Оның бізге қандай көмегі бар?
-Балалар зымыран сендерге арнап әкелген май шамдармен біз зымыранның суретін салып берейік.
Қауіпсіздік ережесі:
-Жұмыс барысында бір-бірімізге кедергі жасамаймын;
-Балауыз шамды иіскемейміз, аузымызға салмаймыз.
-Акварель бояуымен жұмыс барысында , киімімізді былғамаймыз.
-Жұмыс біткен соң қолымызды жуамыз.
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Зымыран боп ұшайық
Ай бетінде болайық
Қайта жерге қонайық.
-Зымыран геометриялық пішіндерден құралады, мысалы оның – басынғы бөлігі-үшбұрыш, денесі – төртбұрыштан құралған. Қазіргі таңда зымыранның түрлері өте көп.
Билингвальды компонент: зымыран-ракета
Жұмыс жасау реті:
Балаларға зымыран бейнесі бейнеленген қағаз таратылады. Қағаздағы сызықтарды балауыз шамның көмегімен бастырып шығады. Кез келген бояу түрін таңдап алып қылқаламмен қағаз бетінің ашық жерінқалдырмай бояуы керек. Балауыз шамның суреті көрінбейді, бірақ ол сезіледі.
Саусақ жаттығу:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Жұмысымызды аяқтаймыз.
Қорытынды: Балалаларға жұлдыз таратылады. Тақтада аспан және жердің суреті ілінеді. Тәрбиеші балаларға бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнаса жұлдызды аспанға орналастырындар, ал егер ұнамаса жерге орналастырындар.