Просмотр содержимого документа
«Берекелі - Алтын күз»
Бірінші кіші «Сылдырмақ» тобынын 2018 – 2019 жылдың есебі
Бірінші кіші «Сылдырмақ » тобының тәрбиешілері Жармагамбетова С.Т. Жумабаева А.Т. «Сылдырмақ» тобында 2018 – 2019 оқу жылында 22 бала бала болды., оның 12 ұл бала , 12 қыз бала.
Жылдың басында алдыма қойылған мақсаттарымның бірі – бала денсаулығын нығайту мен өмірін қорғау , салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асыруды жалғастырып , баланың тілін дамыту арқылы шығармашылық қабілетін шындау. Мектеп жасына дейінгі балаға отбасы және қоршаған ортамен қарым – қатынасын орнату арқылы адамгершілік тәрбие беру.
Бірінші кіші топта апталық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтылығы
7-15 минут, оқу іс-әрекетінің көлемі 9 сағат.
Бағдарламаға сәйкес «Денсаулық », «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық» білім беру салалары қамтылды.
Шығармашылық жұмысымның тақырыбы:
«Көркем әдебиет оқу арқылы балатілін дамыту жолдары”
Мақсаты:
Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйрету
Бала дүние танымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту
Бала дүниетанымын,ой-өрісін жетілдіру,зейінін,қабылдауын
бағдарлай білу,қаблеттерін дамытуға жағдай жасау.
Балалардың оқу қызметінің түрлі Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерін негізге ала отырып, оқу қызметіндегі білім беру салаларымен жұмыс жасадым.
«Денсаулық»
«Коммуникация»
«Таным»
«Шығармашылық»
Бұл білім беру салалары бөлімдерге бөлінеді:
1.« Коммуникация» - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет
2. «Таным» - сенсорика, жаратылыстану, құрастыру
3. «Шығармашылық» - аппликация, музыка, сурет салу.
4. «Денсаулық» - дене шынықтықтыру.
Осы салалар бойынша жоспар құрып, ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасын, циклограммасын жасадым.
«Сылдырмақ»тобының білім денгейінің көрсеткіштерінің талдауы
2018 – 2019 оқу жылының балалардың оқу – іс әрекетінің бойынша білім деңгейінің көрсеткіштерінің нәтижесін шығару. Индикатор үрдісінің қолдану бойынша қорытындылау.
№
п/п
Білімберусалалары
I денгей
II денгей
III денгей
1
«Денсаулық»
50%
25%
25%
2
«Коммуникация»
45%
30%
25%
3
«Таным»
45%
30%
25%
4
«Шығармашылық»
50%
25%
25%
Балалармен серуенге шыққанда, бақылау карточкасы бойынша табиғат құбылыстарын бақылау.
Мақсаты: Ауа –райын, өсімдіктер мен құстарды бақылау арқылы тілдерін дамыту.
Қыркүйек айында «Алтын күз» мерекелік ертеңгілікте – жыл мезгілдерінің бірі – күздің ерешеліктерімен танысуын жалғастырып, өз өнерлерін көрсетті.
«Қош келдің жаңа жыл !» мерекесі – Жаңа жылдың ерекше мерекелік қуанышына бөледі. Бүлдіршіндердің жырдан шашу шашып , жаңа жылды бірге қарсы алды.
Топтар арасындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметін жүргіздім. Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық» Кіші сала: «Жаратылыстану» , «Апликация»
Тақырыбы:«Балық»
2017 - жылы «Құм терапиясы » атты әдістемелік құрал жинағына ISBN 978- 601 – 321 – 721- 5 лицензиясын алдым
2018 жылы «Мектепке дейінгі балаларға арналған өтпелі тақырыпқа байланысты әдістемелік көмекші құрал» ISBN 978- 601- 336- 512 - 1 лицензиясын алдым
2018 жылы «Қостанай таңы» газетіне « Ойнай біл, ойлай біл !» деген мақаласын жариялады
Қараша 2018 жылы « Данышпан » шығармашылық байқаулар орталығының ұйымдастырумен өткен «Алтын күз» атты республикалық шығармашылық байқауына жеңімпазды дайындағаны үшін жетекшісі дипломмен марапатталынды
Желтоқсан 2018жылы « Учитьлская+ «Балалардың сенсорлық дамуы» деген мақаласы жарияланды.
Қаңтар2019 жылы «ZIAT» Ғылыми әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған « Үздік әдістемелік әзірлеме» атты Республикалық оқытушылар сайысында III орынға ие болған дипломмен марапатталынды