Просмотр содержимого документа
«Берекелі алтын күз»
Бірінші кіші «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: .14.01.2019ж.
Тәрбиеші:Бопылова Н.Ж
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Тақырыбы: Көңілді аққала Мақсаты:
Тәрбиелілік: Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Балаларды қардың қасиетімен таныстыру Оқыту : Аққаланың бөліктерімен таныстыру, тақпақ жаттату.(Жұмсақ,қатты)
Педагогикалық технологиялар: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Аққала суреттері
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбер Аула сырты баққа да, Тұрғызамыз аққала! Аққаланы айналып Ойнаймыз біз шаттана Аққала, аққала Сені жасап мақтана, Қорғауменен жүреміз Бұздырмастан басқаға
-Балалар қарандаршы бұл не? (Қар алып келу)
-Ал аққаланы біз не жасай аламыз? 2.Негізгі кезең:
Балалар зал іші салқындап кеткен тәрізді, тақылдап біреу келе жатырған сияқты. Бізге қонаққа кім келді? Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар, (балалар амандасады) мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен қысты жақсы көремін. Қыста қар жауады. Қар ұшқындап жапалақтап, борандатып жауады. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, шешуге дайынсыңдар ма? Қыста ғана боламын. Көздерім қара көмірден. Мұрным менің сәбізден. Суықпын, аппақпын Мен не екенмін? Аққала: Мен неше дөңгелектен тұрамын? Балалар: Үш дөңгелек үлкен, орташа, кішкентай. Аққала: Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Д. о: «Аққала құрастыру» Менде мынадай әртүрлі дөңгелектер бар, солардан аққала құрастырайық. Шарты: аққала бөліктерін рет - ретімен жинап құрастыру. Балалар: Домаланып ақ қарды, Ұлпа қарлар, жасаймыз Үлкен, кіші, орташа, Дөңгелектеп құраймыз Мұрнын жасап сәбізден, Бас киімін - шелектен. Көңілденіп, секіріп, Аққаланы жасаймыз.
Қимыл –қозғалыс ойыны«Қар атысу»
Мақсаты: Балаларды шапшандылыққа,
ұйымшылдыққа баулу
Шарты: Балалар орнынан тұрады,бір біріне қар лақтырып . 3.Қорытындылау: - Балалар, бізге скайп арқылы кім хабарласты? - балалар қонаққа кім келді? - аққала неше бөліктен тұрады? - аққаланың түсі қандай?
Бірінші кіші «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: .14.01.2019ж.
Тәрбиеші: Бопылова Н.Ж
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Екі қолмен төменде көлденең нысанамен лақтыру, аяқтан аяққа секіру.
Мақсаты: Екі қол төменде көлденең нысанамен допты лақтыру, доптан кейін қолды түзу ұстау, көз мөлшерін дамыту, басты тік ұстау.
Ойын: «Бәйге»
Педагогикалық технологиялар: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету:«Допты беру» беру ойынын ұйымдастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Сабақтың мазмұны
Тәрбиешінің басқарымдық қызметі
Балалардың іс-әрекеті
уақыты
І –Ұйымдастырушылық кезең
Спорт залына кіру,жүру, амандасу,бұрылу, жүгіру,дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру.
Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау.
Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, мұғалім айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау.
3 рет
3 рет
ІІ- Негізгі кезең
Екі қолмен төменде көлденең нысанамен лақтыру, аяқтан аяққа секіру.
Ойын: «Бәйге»
Тік қос-қолдап нысанаға лақтыру. Бір аяқтың өкшесін екінш аяқтың өкшесінің ұшна қойып,жіптің бойымен жүру. Алға жылжи отырып екі аяғымен секеңдеу.
Ойынды түсіндіру:
Әр жерге қойылған заттардың арасымен тізбектеле жүгіру. Көлдеу тұрған баспалдақтың бойымен өрмелеу.Алға жылжи отырып,бір аяғынан екінші аяғына секіру.
Ойынды тәрбиешімен бірге ойнау.
3 рет
4 рет
ІІІ- Қорытынды
Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.
Балалармен құралдарды бірге жинау, сабақты қорыту.
Құралдарды жинап болғаннан кейін балалар өз пікірін сабақ туралы айтылады.