kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бауырсаққа көмектесейік

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Балалардың ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану. Негізгі түстерді бекіту, «көп», «бір», «бір-бірден»  ұғымдарын  ажырату дағдыларын  жетілдіру. Геометриялық пішіндер  туралы білімдерін  нақтылау (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш). Балалардың ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану. Негізгі түстерді бекіту, «көп», «бір», «бір-бірден»  ұғымдарын  ажырату дағдыларын  жетілдіру. Геометриялық пішіндер  туралы білімдерін  нақтылау (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бауырсаққа көмектесейік»

Әдіскер:____________

қолы

«Бүлдіршін» екінші кіші тобы үшін

ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Өткізілетін күні, айы, жылы: .2018 ж.

Тәрбиеші: Рахымова К.А

Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Шығармашылық, Денсаулық, Әлеуметтік орта

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, Мүсіндеу

Тақырыбы : Бауырсаққа көмектесу.

Мақсаты: Балалардың ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану. Негізгі түстерді бекіту, «көп», «бір», «бір-бірден» ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш). Алақанның арасында домалақтау қозғалыстары арқылы мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту. Балаларды достыққа, қамқорлыққа, бір-біріне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. Балаларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, өз жұмыс орнын ретке келтіруге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Орман, қоян, қасқыр, аю, түлкі, бауырсақ, қоянның суреті, көжектер, сәбіздер, кілемше, түрлі-түсті геометриялық пішіндер (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы), тұзды қамыр, тақтайша, сүлгі.

Үштұғырлық: Бауырсақ-колобок-kolobok, қасқыр-волк-wolf, қоян-заяц-rabbit, аю-медведь-bear, түлкі-лиса-fox

Барысы: . Ұйымдастыру.

Тәрбиеші: -Балалар бізде бүгін ерекше күн, көптеген қонақтар келіп отыр екен.

-Қане қонақтармен амандасайықшы.

Балалар: -Сәлеметсіздер ме, Здравствуйте, Hello!

Тәрбиеші:-Олай болса,бір-бірімізге, қонақтарға жылуымызды сыйлайықшы.

Таза ауадан жұтайық

Күн нұрынан салайық,.

Жүрек жылуын салайық,

Бұл жиналған жылуды,

Қонақтарға сыйлайық!

(телевизордың алдында отыру менде)

Т: Ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

Балалар: иә, ұнатамыз!

Т: Олай болса, балалар, менің сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан.

-Қане кім біледі шешуін? Шешуі: Бауырсақ. Колобок. Kolobok

Т:Міне бізге бауырсақта домалап келіп қалды.Бауырсақтың түсін айтыңдаршы?

Балалар: Бауырсақтың түсі сары.

Т:Бауырсақтың пішінін айтыңдаршы?

Балалар: Бауырсақтың пішіні домалақ.

(Сол кезде бауырсақтың дауысы естіледі)

Бауырсақ:-Сәлеметсіңдер ме, балалар! –Мен орманда адасып кеттім, атам мен әжемнің үйін табуға көмектесіңдерші!

Тәрбиеші: Балалар, бауырсаққа көмектесейік пе?!

Балалар:-Иә, көмектесейік.

Тәрбиеші:-Олай болса, жолға шығайық (музыка қосылады,балалар жолға аттанады)

Т:Мінеки, балалар біз де орманға келіп жеттік.

Т:Ауа қандай таза, ғажайып орман екен.

-Қандай өзгерістерді байқадыңдар?

-Қар еріді.Ағаштар бүршік жарды.Күн жылы.Құстар ұшып келді.

Т:Ендеше жылдың қай мезгілі екен?

Балалар:Қазір көктем мезгілі!

Т:Көктем,аңдар туралы қандай тақпақ білесіңдер? (2 бала)

Т:Балалар, қане бауырсақ ертегісін есімізге түсірейікші,бауырсаққа бірінші кімді кездесіп еді?

Балалар: Бауырсаққа қоян кездесті.

Т: Ой, балалар қоянымыз шыршаның астында отыр екен.

Т:Қоян қайда отыр екен?

Балалар: Қоян шыршаның астында отыр.

Балалар:Денесі,басы,құлағы,көзі,құйрығы, қол-аяғы.Жүні жұмсақ, құлағы қалқиған және ол сәбізді жақсы көреді.

Т:Қанекей қоянды тамақтандырайық!(Бір сәбіз береміз,себеттегі сәбіз көп екен)Балалар,қоянда неше сәбіз бар?

Балалар: Қоянда бір сәбіз жеп отыр.

Т:Ал себеттегі сәбіз көппе,әлде қоянның қолындағы сәбіз көппе?

Балалар:Себеттегі сәбіз көп.

Т: Қане, одан сұрап көрейікші бауырсақты көрді ме екен ?

Балалар: Қоян, сен бауырсақты көрдің бе?

Т: Ой, балалар бауырсақ көрінбейді ғой.Бауырсаққа тағы кім кездесіп еді?

Балалар: Қасқыр кездескен.

Балалар: Сәлеметсіз бе, қасқыр сіз бауырсақты көрдіңіз бе?(қасқырдың маскасын кигізу)

Қасқыр: Мен жалғызбын менімен ойнасаңдар бауырсақтың қайда кеткенін айтамын.

«Қасқыр  қақпан»  ойыны.
Ойын  барысы: балалар екі топқа бөлініп, үлкен топ «қақпан», екіншісі «қасқырлар»  болады.Үлкен  топтағы балалар  қол  ұстасып  шеңбер  құра жүріп  өлең айтады.
Қане, қане,  халайық.
Қасқыр  қақпан  құрайық.
Қане, қақпан  берік  бол,
Қасқыр, қасқыр,  келіп  көр,- дегеннен  кейін, ұстасқан  қолдарын  жоғары  көтереді. Осы  сәтте  шетте  тұрған  қасқырлар  шеңбер  тасасындағы  қой  қораға  лап  қояды. Егер  ойын  басқарушының  «жат»  деген  сөзінен  кейін  барлығы  қолдарын  төмен  түсіріп  отырып  қалса, ортада  қалған  қасқырлар  қақпан  тобына қосылады. Ал, өтіп кеткендері ойынды  жалғастырады.Сөйтіп , соңғы  ойын   ең   қасқыр  қалғанша  жалғасады. Ойында  қолданылатын  өлең  жолдары  балалардың  тілін  жаттықтырады, әрі  сөзді  бірлесіп  анық  айтуға  тәрбиелейді.

Т: Балалар қасқырмен ойнап бір сергіп қалдық иә. Шаршағандарын басылды ма?

Т: Қасқырдың айтуы бойынша ол аюға қарай домалап кетті.

Т:Балалар аю қозғалып жатыр екен.Аюдың сырмағын жаңартып кетейік, бір қуанып қалсын!

Ойын: Сырмақ жамау

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атап, түстерін ажырату, сырмаққа ретімен орналастыру. Балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту,топпен жұмыс істей білуге үйрету.

Т: Пішіндердің түсін атап беріңдерші?

Балалар:Бұл көк шаршы

Т:Жарайсыңдар, балалар!Бауырсақтың қайда екенін түлкі біледі екен. (балалар түлкіге аттанады)

Балалар: Сәлеметсізбе, түлкі.

Т: Балалар түлкі егер оған бауырсақ жасап берсеңдер ғана бауырсақты қайтарамын дейді. Жасап берейік пе, балалар?

Балалар: Иә (Балалар бауырсақты тұзды қамырдан мүсіндейді)

Саусақ гимнастикасы. Әжей қойма қырнаған(оң қолдың алақанымен сол қолдың алақанын қыру), Екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған(оң қолды білезігінен айналдыру),

Пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Тұзды қамырмен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін сақтау. Ауызға салуға болмайды. Жұмыс соңынан қолды сүлгімен сүрту керек. Тұзды қамырды сол жақ алақанымызға салып, оң жақ алақанымызбен жауып домалақтаймыз. Алдымен қамырдан бауырсақты мен жасап көрсетемін, ыдысқа салып көрмеге қоямын.

Т: Балалар, ал енді қамырды сол қолымызға салып, оң қолымызбен жауып домалақтаймыз. (Дайын болған бауырсақтарды көрмеге қояды.)

Т: Балалар қараңдаршы кімнің бауырсағы әдемі болып шықты ????

Түлкі: Рахмет, балалар міне сендерге бауырсақты қайтарайын.

Т: Жарайсыңдар балалар бауырсақты қандай әдемі жасадыңдар. (Түлкі бауырсақты қайтарып берді)

Қараңдаршы міне ата мен әжейдің үйі де көрінді.

ӘЖЕ: Сендерге бауырсақтың үйге оралуына көмектескендерің үшін рахмет. Ол қайда болыпты?

Балалар:Бауырсақ домалап атасы мен апасын іздеп кеткенде оны түлкі тауып алыпты

Әже:Бауырсаққа көрсеткен қамқорлықтарыңа алғыс ретінде менің сендерге сыйым бар.(Әже бауырсақ сыйлады)

Рефлексиялық-түзетушілік:

Т:Ал енді өзіміздің бала-бақшамызға оралайық!(оралды)

Т:Енді киімімізді шешейік.

Т: Балалар бүгін қайда бардыңдар?

Балалар:Орманға бауырсақты іздеп бардық.

Т: Балалар жолда бауырсаққа кімдер кездесті?

Балалар: Қоян, қасқыр, аю, түлкі.

Т:Сендерге бүгін не ұнады? Түлкіге бауырсақ жасағанымыз. Аюға кілем жамағанымыз. Бауырсақтың үйіне қайтқанына қуандым.( Балалар сұраққа жауап берді. )

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «ұзын –кысқа», «көп», «бір», «бір-бірден» ұғымдарын ажыратуды

Меңгереді: Ертегі мазмұнын түсінді және диалог түрінде қалай әңгімелеу керектігін.
Қолданады: Тұзды қамырмен жұмыс жасауды.Сөздерді дұрыс айта білуді.













Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 Балабақша-бөбекжайы» КМҚК





Бауырсаққа көмектесу

I жартыжылдық ұйымдастырылған ашық оқу қызметі












№ 4«Бүлдіршін» екінші кіші тобы

тәрбиешісі: Рахымова К.А

Тексерген әдіскер: Ауганбаева Ш.Р.












2018 жыл




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бауырсаққа көмектесейік

Автор: Рахымова Куляш Абеновна

Дата: 22.02.2018

Номер свидетельства: 459045

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "та?ырыбы: Бауырса??а к?мектес "
    ["seo_title"] => string(33) "tak-yryby-bauyrsak-k-a-komiekties"
    ["file_id"] => string(6) "175450"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424271675"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "?атынас. К?ркем ?дебиет «Бауырса?пен орман?а саяхат»"
    ["seo_title"] => string(49) "katynaskorkiemdiebiietbauyrsakpienormangasaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "311778"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459254285"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(195) "конспект урока по математике. Саба?ты? та?ырыбы:  «Адас?ан бауырса?пен ертегілерге саяхат. 5 санын пысы?тау.» "
    ["seo_title"] => string(119) "konspiekt-uroka-po-matiematikie-sabak-tyn-tak-yryby-adask-an-bauyrsak-pien-iertieghilierghie-saiakhat-5-sanyn-pysyk-tau"
    ["file_id"] => string(6) "195342"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427897089"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Ас атасы - нан "
    ["seo_title"] => string(12) "as-atasy-nan"
    ["file_id"] => string(6) "131533"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416161611"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) ""Аяулы анашым!" т?рбие са?аты мектепалды даярлы? сыныбы "
    ["seo_title"] => string(59) "aiauly-anashym-t-rbiie-sag-aty-miektiepaldy-daiarlyk-synyby"
    ["file_id"] => string(6) "154216"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421137541"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства