Просмотр содержимого документа
«Баланы? бейімделуі»
Балалардың жаңа жағдайларға бейімделу ерекшеліктері
21.10.2008
Әр баланың бейімделуі әртүрлі болады. Ол баланың жасына да, оның мінезіне де байланысты. Өткен өмір тәжірибесі үлкен роль атқарады. Егер бала асырап алынғанға дейін отбасында тәрбиеленсе, машақат ұқсас болады. Егер бала өз өмірінің көбін әуелі сәбиханада, содан кейін балалар үйінде өткізсе, жаңа жағдайларға басқаша қарайтын болады. Ондай жағдайдағы алғашқы әсерлер де әртүрлі болмақ. Бірі әсерге бөленген жақсы көңіл-күйде болса, бәрін де көргісі, ұстағысы келсе, жанындағы адамдардан әрнені сұрағысы келуі мүмкін. Асығып-аптығып, қуанышын жасыра алмаса, екіншілері жаңа жағдайдан үрейленіп, ересек адамға қарай тығылып, жаңа әсерлерден жасқанып қалады. Енді бірі заттарға қол тигізуге батылы бармай, көзімен шолады. Ересек адамның қолынан әлдебір зат алса, бауырына басады немесе жоғалтып аламын деп қорқып, жасырып қояды.
Бала сіздің табалдырығыңызды аттасымен сол үйде қалғысы келу үшін не істеу керек?
Ең алдымен баланы қорқытып алмауға, оның көңіл-күйіне кері әсер ететін немесе сескендіріп алатын ешнәрсе болдырмауға тырысу керек. Ол үйдегі бөгде иіс те, өзіңіз үйреніп кеткен, бірақ бала ешқашан көрмеген үй жануары болуы да мүмкін. Бала лифтен де қорқып қалып, онымен көтерілуден бас тартуы да және т.б. ықтимал.
Баланың отбасы мүшелеріне деген әуелгі көзқарасы да әртүрлі болуы әбден мүмкін. Бірі әке мен шешені алаламай, бірдей көруі мүмкін. Әдетте бала алдымен бір адамға ғана жақындау болады. Біреулері әкесіне көбірек бауыр басып, шешесіне онша назар аудармаса, екіншілері керісінше әйел адамға қарай жақындауы, ал үшінші біреуі әжесіне қарай ұмтылуы мүмкін. Неге бұлай екенін ересектердің түсінуі қиын, ал балалар өз сезімдерін жеткізе алмайды.мүмкін оған сол адамның бет-бейнесі (күлкісі, көздері, шаш қоюы, киімі) ұнап қалуы немесе әйел адам өзінің сыртқы пішінімен балалар үйіндегі күтушіге ұқсауы мүмкін. Ал ер адамға қарай жақындауы оған балалар үйінде ер адамның қамқорлығы жетпегендіктен, соның орнын толтыру үшін солай істеуі мүмкін. Ал тағы біреулері балалар үйіне келгеннен бері әйелдерге үйреніп алады да еркектер қорқынышты болып көрінеді.
Бірақ соған қарамастан балалардың мінез-құлқындағы кейбір жалпы заңдылықтарды да атап өту керек. Баланың мінез-құлқы мен өзін өзі сезінуі уақыт өте келе оның жаңа жағдайға бейімделуіне қарай өзгеріп отырады. Психологтар баланың жаңа жағдайда бейімделуінің бірнеше сатыдан тұратынын ажызп жүр.
Бірінші сатыны «Таныстық» немесе «Балдай тәтті ай» деп сипаттауға болар еді. Мұнда екі жақтың бір-біріне деген кезекпе-кезек жақындасуы байқалады. Ата-ана баланы бауырына басып, бар мейірімін төккісі келсе, бала өзінің жаңа жағдайынан қанағат тауып, отбасында өмір сүруді қалайды. Ересектердің айтқандарын бұлжытпай орындайды. Көптеген балалар ересектерді бірден папа ,мама деп кетеді. Бірақ бұл бірін бірі өте жақсы көріп кетті деген сөз емес, олар жаңа ата-аналарын енді-енді сүюге бейімделіп келеді.
Сіз баланы қуаныш пен мазасыздық бірдей билей бастағанын байқайсыз. Көптеген балалар ашуланшақ күйге енуі де ықтимал. Олар бір орында байыз таппай, әрнені бір ұстап, бір тоқтамға келе алмай жүреді. Есіңізде болсын: бұл кезеңде баланың маңына адамдар көп пайда болады, ал бала оның бәрін есінде сақтай алмайды. Кейде ол папасы мен мамасының кім екенін ұмытып қалса, олардың атын да бірден айта алмаса, адамдардың аттарын, кімнің қандай туыс екенін шатастырып алса таңданбаңыз. Немесе «сенің атың кім?», «мынау немене?» деп жиі-жиі сұрай беруі де мүмкін. Бұл оның зердесіздігінен немесе ақылсыздығынан емес. Мұндай жағдай не оның миының бірден жауып кеткен жаңа әсерлерді сақтап, қорытуға шамасы жетпейді, не болмаса оның расында да жаңа ата-ана екеніне көзі жету үшін қайта-қайта сұрағысы келетіндігінен болуы мүмкін. Сондай-ақ балалардың көп ретте және күтпеген жерден биологиялық әке-шешесін, бұрынғы өмірінің үзіктері, кейбір жайттары есіне түсіп, аяқ астынан өз әсерлерін бөлісе бастайды. Ал өткен өмірі туралы әдейі сұрай қалсаңыз, кейбір балалар жауап беруден бас тартады немесе әзер айтады. Бұл зерденің нашарлығынан емес, бала қорытып үлгіре алмайтын әсерлердің тым молдығынан.
Отбасылар жиі-жиі бала асырап алудың өздері күтпеген машақаттарына тап болып жатады. Кейбір бала асырап алушы ата-аналар отбасында өздері ойлағандай емес, мүлде басқа баланың пайда болғанына өздерінің шарасыздығын немесе өкінішін сезіне бастайды.
Ересектер үйренісудің неғұрлым оңай болғанын қалайды. Ал шындығында күмәнданулар да, қуаныштар мен реніштер де, алаңдаушылықтар мен толқушылықтар да әр жаңа отбасында болады. Алғашқы жоспарларды соған орай өзгертуге тура келеді. Қандай жағдайлардың туындайтынын ешкім де алдын ала болжай алмайды.
Екінші сатыны «Өткенге қайта оралу» немесе «Кемімел» деуге болады. Алғашқы әсерлер мен айқайлы көңіл-күй артта қалды, белгілі бір тәртіп орнады, енді отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісудің ұзақ та қиындау үдерісі – өзара бейімделу басталады. Бала мұның басқа адамдар екенін, отбасындағы ереженің басқаша екенін түсінеді. Ол жаңа қатынастарға бірден көндігіп кете алмайды. Ол жаңа кезінде барлық ережелерді бұлжытпай орындады, енді міне, жаңалық атаулы ғайып болды, енді ол өзін басқаларға не ұнайды, не ұнамайды деген тұрғыда ұстауға тырысады. Қалыптасып қалған мінез-құлықты өзгерту қиындығы басталады.
Психологтар айтып жүргендей бұл сатыда балаларда мынандай симптомдар болуы мүмкін: тазалыққа, мұнтаздыққа немесе керісінше кірге, салақтыққа қарай бейімділік, шарасыздық немесе тәуелділік сезімі; денсаулығы жайлы айта беру, шағымданудың көбеюі, жоғары сезімталдық, жаңада бас тарту, түсініксіз ашу, жылау, шаршау немесе алаңдау, қажу белгілері және т.б.
Бұл айларда мынандай психологиялық кедергілер жиі болып тұрады: темпераменттер, мінез-құлық, сіз бен баланың әдеттерінің сәйкессіздігі.
Балалар үйлерінде тәрбиеленген балалардың бойында отбасының өзіндік идеалы қалыптасады, әрқайсысы папа мен маманы күтулі болады. Сол идеалмен мерекені сезіну, серуен, ойындар байланыста өтеді. Ал ересектер болса, күнделікті күйбең тірлікпен бала үшін уақыт таба бермейді, оларды өсіп кетті деп санап, жеке қалдырады («Бар, ойнап кел, айналыс бірдеңемен...»). Немесе оның әр қадамын аңдып, шамадан тыс әуектетеді.
Бұл мәселеге тап болған көптеген ата-аналар бала олардың ойындағысынан шыққанша күші де, ең бастысы шыдамы да таусылып кетеді. Бұл кезеңде әсіресе жас ерекшеліктері, байланыс орнату шеберлігі, сенімді қатынас және қарым-қатынастың қажетті стилін таңдай білу туралы білім жетіспей жатады. Өзіңнің өмірлік тәжірибеңе сүйену әрекеті көп ретте іске аспай жатады.
Ата-аналардың тәрбиеге деген көзқарастарында айырмашылық, авторитарлық педагогиканың әсері, абстарктылы идеалға құлшыну, балаға деген тым артық немесе керісінше босаң талап байқалып жатады. Тәрбие үдерісі туа біткен кемшін-міндерді түзету ретінде қаралады. Қарым-қатынас қуанышы, оның табиғилығы жоғалады. Баланы өзіне, өз билігіне бағындыру құлшынысы пайда болуы мүмкін. Баланы табиғи қабылдаудың орнына оның артықшылықтарын кемсітіледі. Баланың титтей де болса жетістігіне сергек қараудың орнына оны басқа замандастарымен салыстыру басталады. Оның асырап алған бала үшін бармақтай да пайдасы жоқ.
Кейде бала бұл кезеңде өз жасына сәйкес келмейтіндей деңгейге дейін құлдырауы мүмкін. Олар өте талапшыл, кінәмшіл болып кетеді, өзінен жасы кіші балалармен ойнағанды, соларға билігін жүргізуді жөн көреді. Кейбіреулері маңайындағыларға дұшпандықпен қарайды. Кейбір балаларда ашуланғыштық, жылауықтық, шаршампаздық немесе үрей байқалуы мүмкін. Түнде зәр тоқтамау, жаман әдеттер қайта басталуы ықтимал.
Жағдай құрбандығы сезімі баланы ересектердің ол үшін жаны ауырмайды және ол үйден кез келген уақытта кете аламын деген ойға жетелеуі мүмкін. Кей балалар алданып қаламыз деп ойлап, қайтадан балалар үйіне барудан қорқып, жаңа үйден кетуден бас тартады. Кей балалар үйде ұзақ уақыт бойы жаңа ата-анасыз қалудан қорқады, олар бір кетсе қайтадан оралмас деп қорқып, оларды бір минут та жанынан шығармауға тырысады.
Бала жаңа жағдайға үйренгеннен кейін асырап алушы ата-аналарының талабын қанағаттандырарлық мінез-құлық желісін іздей бастайды. Бірақ ол үнемі сәтті бола бермейді. Бала өзіне назар аударту үшін мінез-құлқын күтпеген жерден өзгертуі мүмкін. Сондықтан көңілді де белсенді баланың аяқ астынан кінәмшіл, жылауық бола қалғаны, ата-анасымен немесе бауыр-қарындасымен (егер олар бар болса) төбелесуді шығаруы, оларға ұнамайтын нәрсені қасақан істеуі сізді таң қалдырмауы керек. Ал бұйығы, тұйық бала әсіресе ешкім байқамаған кезде жан-жағына қызығушылықпен қарап, әдеттен тыс белсенділік танытуы ықтимал.
Бұған дайын емес ата-аналар аңтарылып қалуы мүмкін. «Біз оған жақсылық жасасақ, ол... Біз оны жақсы көреміз, ал ол бізді бағаламайды» – сол кезеңге тән өкпе-наздар. Кейбіреулер тіпті түңіліс білдіреді: «Ылғи да осылай бола ма?!». «Осы баланың бізге қаншама қажеті болды? Екеуден-екеу тып-тыныш жүруші едік... Мүмкін оны алған жерімізге қайтадан апарып тастау керек шығар, ол сондай өмірге, сол балаларға үйреніп кетті ғой» деген сияқты қарсы ойлар да пайда болуы да мүмкін. Кейбір ата-аналар баланың көптеген кемшіліктері тұқым қуалаушылықтан емес, әлеуметтік бетімен кетушіліктен екенін және олардың жақсы отбасы күтімі мен төзімді тәрбие болса із-тозсыз жоғалатынын ескерместен, өздерін ақтау үшін бала бойынан тұқымынан тарап келе жатқан-мыс кемшіліктерді іздей бастайды. Өкінішке қарай, ондай жағдайдан тек ажырасу арқылы ғана құтылуға болады деп ойлайтын отбасылар да бар: «Асырағың келіп еді ғой, асыра енді өзің!». Бұл бөтен баланы немесе жаңа әйелдің немесе күйеудің баласын асырап алуды ұйғарған отбасыларында кездесуі мүмкін машақаттардың аздаған тізбесі ғана.
Баланың мінез-құлқын бақылап, оның себептерін түсінудің, мамандардан, психологтардан немесе басқа бала асырап алушылардан ақыл-кеңес алудың маңызы үлкен. Қазір ақпарат алмасуға, машақаттарды бөлісуге интернет үлкен мүмкіндер туғызып отыр.
Бұл бейімделу кезеңінің пайдалы болғанын баланың түр-келбетінен де байқауға болады: түрі ажарланып, ойлы қалыпқа енеді, жиі жымияды, күледі. Баланың қимылы ширап, сергектік пайда болады, «жайнай» түседі. Сәтті асырап алынған баланың шаштарының да түсі өзгеріп, «жаңа» шаш шыққаны (өңсізден жылтыраққа қарай), көптеген аллергиялық сырқаттардың ғайып болғаны, түнде зәр тоқтамаудың жазылғаны, баланың салмақ қосқаны байқалған.
Үшінші саты – «Үйрену» немесе «Баяу қалыпқа келу». Сіз баланың күтпеген жерден есейіп қалғанын байқауыңыз мүмкін. Егер ол бұрын сәбилерге жақындау болса, енді жасы жағынан өзі құралпастарды таңдайды. Бұрынғы томаға-тұйықтық жоғалып, енді балалар әзілдесе бастайды, ересектермен өз мәселелері туралы әңгіме қозғайды. Бала отбасындағы және балалар мекемесіндегі мінез-құлық ережелеріне үйренеді. Ол сол отбасының төл баласы сияқты өзін еркін сезіне бастайды. Отбасындағы барлық істерге араласқысы келеді. Өзінің өткен өмірін қиналмай еске алады. Мінез-құлқы да жасына сай бола бастайды.
Ол өзін еркін сезінеді, ешкімге тәуелсіз және дербес бола бастайды. Тіпті көптеген балалардың түр-әлпеті де өзгереді, көзқарасы айқындалады. Олар тез әсерленгіш болады: тежеліп қалғандар – неғұрлым ұстамды, ал қысылып жүргендер – неғұрлым ашық. Өзін отбасына қабылдаған ата-анаға деген бала алғысының бір көрінісі деген сол.
Балалар жаңа жағдайға бой үйрете келе өзінің өткені жайында сирек еске алады. Егер балаға бәрі де жақсы болса, отбасының артықтығын лайықты бағалап, бұрынғы өмір салты туралы айтпайды деуге болады, оны еске алғысы келмейді. Мектепке дейінгі жастағы балалар ересектерден осы уақытқа дейін қайда болғанын, неге соншама ұзақ іздеткенін сұрауы да мүмкін. Егер бала өзіне деген жылулы көзқарасты сезінсе, ата-анаға жақындай түседі, құрметпен қарайды. Ол ережелерді қиналмай-ақ орындайды және өтініштерге ілтипатпен құлақ асады. Отбасының барлық істеріне қызығушылықпен қарайды, өзі де белсене қатысады. Өз бойындағы өзгерістерді өзі атап, нашарлау мінез-құлқын (егер солай болса) күлкімен еске алады, ата-аналарына жаны ашып, солар үшін жаны ауырады. Егер ата-аналар ауырлығы басымдау тұқым қуалаушылық алдында үрей сезінбесе және баланың жастық өзгерістерін онымен бірдей қабылдауға дайын болса, балалар да, ата-аналар да кәдімгі қалыпты отбасының тұрмысын кешеді.
Асырап алынған балалардың мінез-құлқының туған ата-аналарында тәрбиеленгендерден айырмашылығы болмайды. Егер машақаттар пайда болса, олар, әдетте, әр бала басынан кешетін жасына қарай өсу кезеңдерін бейнелейді.
Егер ата-аналар бала жүрегіне жол таба алмаса, оның сеніміне кіре алмаса, оның бойындағы ескілікті кемшіліктері (басбұзарлық, тұйықтық, тежелгіштік) немесе жаман әдеттері (ұрлық, темекі тарту, қаңғыбастық), сондай-ақ біз жоғарыда атап кеткен кекшілдік немесе шарасыздық, шамадан тыс көңіл бөлушілік немесе бірбеткейлік, негативизм ұлғая түседі. Яғни әр бала сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғанудың өз жолын іздейді.
Келесі дағдарыс жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Жасөспірім жастың бірінші жартысында жекелену қалыптасады, ол еркіндікке, эмансипацияға ұмтылады.
«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»
М. Жумабаев
Әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақша келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен , балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді?
Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақша келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен , балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да , қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді , ойншықтарды ойынға қатыстырмайды.
Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ , қатты тамақты шайып үйренбеген (құрттайнан) балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жқмыс тәртібін айтып , баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
Балаңызбен үйде сойлесесіз бе? Оны мақтайсыз ба , оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері кобінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі-баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді . Орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде , ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін өтеді.
Қобалжулары қатты ата – аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді , өйткені ата - ананың қобалжуын көріп , баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата – ана балаға көмек беруі керек. Ертенгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:
- Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп көрінбей қашып кетпеңіз.
- Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және оны қатал ұстаңыз.
- Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатыңыз.
Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 2 – 3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдай көп өзгеріске түседі.Сондықтан кеңес береміз.
- Үйдегі жағдайда балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз
- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.
- Үйдегі жағдайда баланы өзіне – өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну өз бетімен тамақтану тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт, шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
- Баланың «социалдық көк жиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
- Баламен жағымды эмоцияналдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.Есіңізде болсын – сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
- Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға.Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.
- Жоспарлаңыз:балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғащқы аптада үш төрт сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.
- Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.
- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.
- Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет.
Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жақтырмаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.
Баланың балабақшаға бейімделуі
Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:
- Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,
- Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.
- Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).
- Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
- Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретіңіз туралы айттыңыз ба?
Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.
- жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;
- орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;
- ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді.
Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.
Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:
-Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.
Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.
-Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.
Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.
-Балаға анық түсінік беру керек.
Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі.
2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз:
- Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.
- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз
- Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
- Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
- Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
- Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.
- Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.
- Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.
- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.
- Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет.
Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.
Сәт сапар, саған балапан жаңа ортада!
Ата-аналарға арналған сауалнама.
Мақсаты: Баланың эмоционалдық ерік-жігерін бақылау және зерттеу.
Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы мамандар кеңесі Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы мамандар кеңесі казакша Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы мамандар кеңесі на казахском языке Сонымен, сіздің кішкентай ғана қазынаңыз таң атпастан балабақшаға бару керек. Бастапқыда үйренуі қиын болды, уақыт өте келе бәрі де қалпына келе бастады. Бірнеше рет барып, ойынын, өзін ұстауын тамашаладыңыз. Ойдағыдай еді... Алайда, ол бүгін балабақшаға барудан да, киінуден де бас тартты. Себебін сұрадыңыз, жауап – "барғым келмейді, болды". Әдетінше көз жастар моншақтап аға бастады. Дәл осындай тығырықтан шығу үшін психолог кеңесін оқып алғаныңыз жөн. Ең, ең бастысы – күш көрсетуден аулақ болу керек, мәселенің байбына барып, жұмсақ сөйлесіңіз. Ал мамандар кеңесі төмендегідей: – Балабақшада сәбиіңізге қысым көрсетілмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Әріп жаттауға, сандарды тануға мәжбүрлей ма екен? Өзіңізде оны қыстамаңыз. – Балабақшаға ұзақ уақыт барған бала өзі дәретханаға барып, рұқсат сұрай алатын жағдайда болуы керек. Баланы таңертең киіндіргенде киімде артық түймелер мен батырмалардың болмауын қадағалаңыз. Бұл сәбидің ығырын шығарады. – Баланы алғаш рет балабақшаға алып келгенде құрдастарымен дұрыс ойнауына мән беріңіз. Өзгені ұрмауын, ойыншықпен бөлісуін, адам талғамауын айтып, ақыл-кеңестеріңізді аямаңыз. – Тәрбиешінің лауазымын жоғары етіп көрсетіңіз, оның тілін алуға үйретіңіз. Ол үшін тәрбиешінің жеткілікті түрде сауатты екендігіне көз жеткізіңіз. Баланың өзін жақсы сезінуі тәрбиешіге жіне тобындағы балаларға байланысты. – Ойын-сауықтарды да ұмытпаңыз. Себебі, бала онда тек қана оқуды үйренбейді, бірінші кезекте балалармен бірге көңіл көтеріп, жағымды әсерлер алады, танымын кеңейтеді. Осының бәрі сәбиді қанағаттандыратын болса, балабақшаға қуана-қуана барған болар еді. Дайындаған: Айгерім Сматуллаева, дереккөзі Санат: Қазақша портал Ваши друзья оценят! Часы Curren покоряют всех своим стилем Часы Rado Integral! Черная керамика с золотом! Девушка СКИНУЛА 15 кг, попивая этот напиток! Хотите также? Читайте историю. Құрметті қолданушы, Сіз ЖАРАР сайтына тіркелмеген қолданушы ретінде кірдіңіз. Біз сізге тіркелуді немесе өз атыңызбен сайтқа кіруді ұсынамыз. 5 1 2 3 4 5 3 Пікір саны: 1 кіріңіз Жаңа RSS Жазылу бөлісу Avatar Арай Омарбаева•2014.12.06 20:47 Сәлеметсіздер ме? Осы сайт маған көп көмегін береді,қандайда балабақшаға арналған жұмыстар керек болып жатса мен сол арада осы сайттың көмегіне жүгінемін. Рахмет сіздерге көп,көп алғысымды білдіремін!
1. Баланың балабақшаға бейімделуіне байланысты сұрақтарға психологтан ақыл-кеңес алыңыз.
2. Баланы балабақшаға тек қана дені сау күйінде жіберіңіз.
3. Салалық дәрігерден алдын-ала кеңес алыңыз: балаңызға бейімделудің қандай түрі жағымды, егерде бейімделу қиындау болса, онда уақытында барлық жағдайды жасаңыз.
4. Баланың туғаннан бейімделу механизмінің жүйесін жаттықтырыңыз. Баланы тосын жағдайларда қимыл-әрекетін өзгерте білуге үйретіңіз.
5. Балабақшадағы күн тәртібіндегі жаңа сәтін алдын-ала біліп алып, оларды үйдегі күн тәртібіне кіргізіңіз.
6. Сізді толғандырып жүрген балабақшаға байланысты мәселелерді баланың көзінше талқыламауға тырысыңыз.
7.Баланың балабақшаға қатысуының алғашқы айында сіз балаңызды күні бойға қалдырмауға жағдай жасаңыз.
8. Баланы өзі жақын арада келетін топтың балаларымен және тәрбиешілерімен ертерек таныстырыңыз.
9. Үйде баланы өзіне-өзі қызмет етуге қажетті барлық дағдыларға үйретіңіз.
10. Сіздің балаңыз бәрінен бұрын сізге қымбатты және сүйікті екенін ұмытпаңыз!
«Мирас» балабақшасының педагог- психологы
Боранбаева Ляззат Базарбаевна
Баланың балабақшаға үйренуі
Сіздің балаңыз балабақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Балабақшаға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді. Бұл неден көрініс табады? - Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды; - дене қызуы көтерілуі мүмкін; - бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін; - иммунитеттің төмендеуі, салмағының азаюы мүмкін. Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Ортаға деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында бала тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Осының барлығы баланың келесідей іс қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыруы, анасын қайта - қайта шақыру. Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты: Баланың жасына байланысты. 2 жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілдірек, айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай. Баланың жасы мен денсаулығының жағдайына байланысты; Баланың жекелеген ерекшелігіне байланысты; Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты; Бейімделуге деген дайындығына байланысты (баланың басқа ортаға қаншалықты барып көргендігі, туысқандарына, демалысқа және де басқа жақтарға барып өзімен жасты балалармен қаншалықты араласып көргендігіне байланысты). Балаға басқа ортаға бейімделу кезінде қалай көмек беру керек? Кішкентай бала ата - анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты ата - анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады. Сондықтан баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата - анасы. Баламен өзіне тікелей қатысты мәселелерді ашық талқылайды білу керек. Қазіргі уақытта баланың өмірінде не болып жатыр, не болу мүмкін деген сұрақтардың жауабы екеуара таба білуіңіз қажет. Баламен оның күнделікті балабақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз дұрыс. Бала анасының жанында бейтаныс адамдармен араласуды оларға сұрақ қоюды үйренеді. Осыдан кейін баланың бойында балабақшаға келіп өзімен жасты балалармен ойнауға, тәрбиешілермен сөйлесуге деген ынта болады. Баланың әлемді өз еркімен тануға деген құқығы бар! Балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік берсеңіз. Ата - ананың тек бағдар бере алады. Балаға сіздер не қаласаңыздар соны жасау міндетті емес. Өз ойларыңыздың дұрыс екендігін дәлелдеп, балаға соны жасатуға тырыспаңыздар. Жаңа ортаға, жаңа әлемге бала өзі бейімделеді. Ол оның бірінші тәжірибесі болады. Бала үшін жаңа адамдар, олардың жаңа тәртіптері бұл - стресс. Баланы қалай балабақшаға дайындау керек? Баланың балабақшаға баруы эпикризистік кезеңдерге: 1ж 3а, 1ж 6а, 1ж 9а, 2ж 3а, 2ж 6а, 2ж 9а, 3ж түспеуі керек. Балабақшадағы күн тәртібін алдын ала біліп, баланың үйдегі күн тәртібін соған ұқсас жасауға тырысу керек. Баланың балабақшаға үйренгендігін қалай білуге болады? Ол үшін келесілерді байқаймыз: - ұйқысының жақсаруы; - тәбетінің жақсы болуы; - эмоционалды жағдайының тұрақты болуы; - үйреншікті қылықтары мен білімдерінің қалпына келуі; - белсенділігінің артуы; - салмағының артуы; Жыл сайын балалар дәрігерлік тексерістен өтуі тиіс. Егер бала ауырып қалса, онда балабақшаға жазылғаннан кейін екі аптадан соң қабылдайды. Сонымен қатар балаға қажетті егулерін уақытында жасап тұрғаныңыз дұрыс. Барлық берілген кеңестерді орындайтын болса, баланың балабақшаға бейімделу кезеңін жеңілдетесіздер.
Пайдалы кеңестер
Ата-аналарға мамандардан кеңес Баланың бала бақшаға үйренуі
Психологтың кеңесі Сіздің балаңыз бала бақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Бала бақшаға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді. Құндылықтарының өзгеруі бала үшін стресс.
Бұл неден көрініс табады?
Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды;
Дене қызуы көтерілуі мүмкін;
Бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін;
Имунитетінің төмендеуі, саламағының азюы мүмкін.
Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Орта деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында бала тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Осының барлығы баланың келесідей іс қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыруы, анасын қайта-қайта шақыру.
Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты: Баланың жасына байланысты. 2 жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілірек, айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай.
Баланың жасы мен денсаулығының жағдайына байланысты;
Баланың жекелеген ерекшелігіне байлынысты;
Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты;
Бейімделуге деген дайындығына байланысты (баланың басқа ортаға қаншалықты барып көргендігі, туысқандарына, демалысқа және де басқа жақтарға барып өзімен жасты балалармен қаншалықты араласып көргендігіне байланысты).
Балаға басқа ортаға бейімделу кезінде қалай көмек беру керек? Кішкентай бала ата-анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты ата-анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады. Сондықтан, баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата-анасы.
Баламен өзіне тікелей қатысты мәселелерді ашық талқылайды білу керек. Қазіргі уақытта баланың өмірінде не болып жатыр, болашақта не болу мүмкін деген сұрақтардың жауабын екеуара таба білуіңіз қажет. Баланың бала бақшаға тез бейімделіп кетуі үшін, сіз оған алдын ала ақпарат беруіңіз керек. Оған өзінің құрдастарымен араласудың, қаншалықты қазақ екендігін, бала жаңа нәрсе үйренетіндігін айтып көрсету керек. Ең алдымен бала бақшаның іші сыртын толық балаға таныстырып көрсеткеніңіз дұрыс болады. Бұл баланың бойындағы үрей қорқыныштың сейілуіне мүмкіндік береді.
Баламен оның күнделікті бала бақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз дұрыс. Бала анасының жанында бейтаныс адамдармен араласуды, оларға сұрақ қоюды үйренеді. Осыдан кейін баланың бойында бала бақшаға келіп өзімен жасты балалармен ойнауға, тәрбиешілермен сөйлесуге деген ынта пайда болады.
Баланың әлемді өз еркімен тануға деген құқығы бар!
Балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріңіз. Ата-ана тек бағыт бағдар бере алады. Балаға сіздер не қаласаңыздар соны жасау міндетті емес. Өз ойларыңыздың дұрыс екендігін дәлелдеп, балаға соны жасатуға тырыспаңыздар. Жаңа ортаға, жаңа әлемге бала өзі бейімделеді. Ол оның бірінші тәжірибесі болады. Бала үшін жаңа адамдар, олардың жаңа тәртіптері бұл – стресс.
Әкесі баласын бала бақшаға алып келгенде: «Балам есіңде бар ма біз екеуіміз не туралы келістік? Қазір екеуімізде онға дейін санап мен жұмысқа, сен бала бақшаға барасын. Ал кешке келгенде күнді қалай өткізгенің туралы айтып бересің жарай ма?» Осыдан кейін баласы әкесін қимай жұмысына, өзі бала бақшаға барады. Бұл дана әкелердің қолынан келетін іс.
Егер бала бала бақшаға барғысы келмей, жерге жатып алып жылған жағдайда не істеу керек? Ұрыспаңыздар, бұл жағдайға мән бермеуге тырысыңыздар және кемсітпеңіздер. Бұл жағдайдан үлкен мәселені тудырмаңыз. Шыдамсыздық білдірмеңіз және ашуланбаңыз. Балаға оны жақсы көретіндігіңізді айтыңыз, бірақ оның бұл қылығы орынсыз екенін барынша түсіндіруге тырысыңыз. Неліктен баланың осыған барғандығының себебін айқындап алып, оның тәрбиешісімен, психолог Атамкулова Динара Сыдыковнамен сөлесіңіз.
Бала бақшадағы күн тәртібін алдын ала біліп, баланың үйдегі күн тәртібін соған ұқсас жасауға тырысу керек;
Балаға алдын ала бала бақша туралы мәліметтерді толығымен беруіңіз керек. Неліктен ол бала бақшаға баруы тиіс, ол жерде қалай, қандай жағдай деген мәселелердің басын ашып балаға түсіндіруіңіз керек. Мысалы, бала бақшада өте әдемі. Ол жерде сен сияқты балалар көп жиналады. Олар ол жерде әр түрлі тақпақтар жаттап үйренеді, қызықты ойындар ойнайды, өлеңдер жаттайды. Тағы олар сол жерде кішкентай орындықтарға отырып тамақ ішеді. Тура ертегідей кішкентай төсектерге жатып ұйықтайды. Бала бақшада күнде жаңа қызықты оқиғалар болады. Ол жерде ойыншықтар өте көп, қуыршақтар театрынан келіп сендерге көріністер көрсетеді. Сен ол жерге барғанда өзіңе көп дос табасын. Мен сен ол жерге барғанада барлығымен жақсы араласқаныңды қалаймын. Бала бақшада қалай уақытыңның өткендігін байқамай қаласың. Сен тамақ ішесің, балалармен ойнайсың, кішкене ұйықтап аласың, сосын тағы ойнайсың ал мен сол уақытта келіп сені алып кетемін.
Балаңызға әрдайым оны қатты жақсы көретініңізді, оның сізге ең қымбатты жан екендігін үнемі айтып жүріңіз. Балаға бала бақшадағы күн тәртібі туралы қайталап айта беріңіз. Сол кезде балаға бала бақшада оңай болады. Анасының айтқанындай болса балаға ортаға бейімделу тез жүреді.
Егер балаңыз тамақ ішкісі келсе немесе дәретханаға барғысы келсе ол туралы міндетті түрде тәрбиешісіне айту керектігі туралы түсіндіріп айтыңыз. Және сол тәрбиешісі оған көмектесетіндігі туралы да түсіндіруіңіз керек. Барған кезде ең алдымен балаңызды тәрбиешісімен және тобындағы балалармен таныстырыңыз. Бастапқы кезде баланың тез үйренуі үшін ертерек келіп алып кетіп жүрсеңіз болады. Кейбір балалардың үйренуі қиын болады, сондықтан ата-аналары жарты жылға дейін осындай шараларға баруға мәжбүр болады.
Дәрігердің кеңесі. Балаңыздың бала бақшаға алғашқы уақытта келген кезде ұйқысы бұзылуы мүмкін. Бала бұл кезде өзін нашар сезініп, тамаққа деген тәбеті болмауы мүмкін. Бұның басты себебі баланың үйреншікті ортасының өзгеруі, тамақ мәзірінің өзгеруіне де тікелей байланысты.
Баланы бала бақшаға бару кезеңіне қалай дайындайсыз?
Үлкендермен және өзінің құрдастарымен қалай араласу керектігіне дайындауыңыз керек;
Тербетусіз ұйқыға үйрету;
Тамақты қасықпен жеуге;
Әр түрлі тамақ мәзіріне;
Дәретке баруды;
Соскасыз жүруге.
Жыл сайын балалар дәрігерлік тексерістен өтуі тиіс. Егер бала ауырып қалса, онда бала бақшаға жазылғаннан кейін екі аптадан соң қабылдайды. Сонымен қатар балаға барлық қажетті егулерін уақытында жасап тұрғаныңыз дұрыс. Барлық берілген кеңестерді орындайтын болсаңыздар баланың бала бақшаға бейімделу кезеңін жеңілдетесіздер.
Баланың бала бақшаға үйренгендігін қалай білуге болады? Ол үшін келесілерді байқаймыз:
Ұйқысының жақсаруы;
Тәбетінің жақсы болуы;
Эмоционалды жағдайының тұрақты болуы;
Үйреншікті қылықтары мен білімдерінің қалпына келуі;