Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы бала білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баланың ойлау қабілетін дамыту»
«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11 бөбекжай-бақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорыны
«Дамыту ойындар»
Тәрбиеші : Утетлеуова Г.Ш
Қостанай каласы
2018-2019жж
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы бала білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.
Кәзіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу, үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке деінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан басталу керек, ал ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі, көбінесе мектепке дейінгі тәрбиеден басталады. Жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабылеттерін арттыруға ойындарының алатын орны ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі – даму ойындары Бұл авторлық бағдарлама мектепалды даярлық топ балаларына арналып дайындалды. Бағдарламаның мақсаты –бала қолының бұлшық еттерін , есте сақтау қабылеттерін, қиялын дамытып, шығармашылығын ұштап, оны қалыптан тыс ойлауға үйрету. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі-түсті қарындаштар, ермексазбен, түйме, текшелер, қағаздармен ойналатын ойындар мен тапсырмалар таңдалып алынды. Ойындар мен тапсырмаларды қолдан құрастыруға, оны талдауға, жинақтауға, қиялдауға, әдемілікті түсінуге, салыстыруға, үйлестіруге, есте сақтауға үйретеді.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты - дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекетінің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейдеп қана қоймай зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, тілін, жеке тұлғасың дамытуда және оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастырады. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.Ойын - әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Ойын шарттары қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға бірте-бірте ауысу ұстанымдарына негізделген. Тапсырмаларды орындау барысында сіздер бұл жастағы балалар зейінін шоғырлануы мен тұрақтануы ұзаққа созылмайтын естен шығармауымыз тиіс. Тапсырмалар әр түрлі түрлерде беріледі: үлгілер түрінде, сурет,сызба, жазбаша немесе ауызша нұсқаулар және т.б.,сонымен оларды түрлі мәлімет беру әдістерімен таныстырады. Ойындардағы тапсырмалардың бірте-бірте өсу қиындығы балалардың алға ұмтылуына көмектеседі, сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.
Ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту ойындарынан тұрады.Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық ерекшеліктерін игереді. Дамыту ойындарының негізгі ерекшелігі мынада: жеңілден ауырға деген ең бір негізгі көзқараспен қабілетіне қарай өз бетінше шығармашылықпен қызмет жасау көзқарасы біріктірілген, сонда ғана бала өз мүмкіндігін пайдалана алады.Бұл ойын кезінде бірнеше мәселелерді, шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді:
Жас кезден бастап дамыту ойындары шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы зор;
Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды;
Өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып, бала одан ары нәтижелі дамиды;
Мазмұнына қарай дамыту ойындары әртүрлі, олар мәжбүрлікті көтермейді ,
бостандықтық және қуаныштықтық шығармашылыққа жағдай туғызады.
Ең басты мақсат – баланың қызығушылығын тудыра білу. Ойынның шарттарын түсіндіру керек және беру керек. Әрбір тапсырманы сәтті орындаған сайын мақтап, көтермелеп, қиялына қанат бітіріп отырса баланың қызығушылығы мен талпынысы оянады. Егер тапсырманы орындау барысында қателіктер кездесіп жатса, қай жерде, неліктен, қандай қате жібергенін және оны түзету жолын нақтылап көрсету керек. Сонымен бірге ойындар ұсақ нәрселермен ойналатын болғандықтан, балаға алдын–ала қауіпсіздік туралы кеңес беріп, сақтандырып отырған дұрыс.