Просмотр содержимого документа
«"Балабақша мен отбасының сабақтастығы"»
Сабақ жоспары
Оқытушы: Сагнаева Айжан Сабыржановна
Пән: Мектепке дейінгі педагогика
Мамандық, топ: Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру, 212 КА
Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдардың дәстүрлі және дәстүрлі емес жұмыс нысандары, ата- аналармен жұмысты жоспарлау
Күні:
Сабақ түрі,өткізу үлгісі (жаңа білім,дағды және біліктілік беру сабағы; жаңа білімді, дағдыны және біліктілікті бекіту сабағы; білімді жалпылау және жүйелеу сабағы; бақылау сабағы, білім тексеру сабағы; конференция-сабақ; өздік жұмыс сабағы, іскерлік ойын; т.б.үлгілері)
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Шыншылдық, шындықа, адалдық
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Мектепке дейінгі ұйымдардың дәстүрлі және дәстүрлі емес жұмыс нысандары, ата- аналармен жұмысты жоспарлаудың жолдарын түсіндіру.
Дамытушылығы: жас ұрпақтардың жан-жақты қасиеттерін, ерекшеліктерін дамыту
Тәрбиелілігі: Мектепке дейінгі ұйымдардың дәстүрлі және дәстүрлі емес жұмыс нысандары, ата- аналармен жұмысты жоспарлау тақырыбын шыншылдық, шындық, адалдық қасиеттері арқылы ашу, студенттерді әдептілік сақтап, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Әдістері: көрнекілік, баяндау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі
Сабақ жабдығы: слайд, интерактивті тақта, ақ қағаздар, фломастерлер
Әдебиет: Я.И.Ковальчук. Индивидуальный подход в воспитании ребенка. М.,1981.
Қосымша: Я.И.Ядешко, Ф.А.Сохин. Мектеп жасына дейінгі педагогика
№
Сабақ кезеңдері
Кезең мазмұны
Уақыты
1
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары
Әуен: «Sad radio On Cassini» Тыныштық сәті: «Орманға ойша серуен». Студенттер, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз орманның ішінде келе жатырсыз, жаныңызда тек жалғыздық бар, орман іші тым-тырыс, алға қарай бет алдыңыз. Ағаштардың арасынан күннің көзі сіздің бетіңізге шағылысып түсуде. Алдыңыздан сылдырлап ағып жатқан өзен кезікті. Сіз бұл өзеннің жағасына барып жайғастыңыз. Кенет, көзіңізге өзен жағасында жатқан қорап түсті. Сіз қорапты қолыңызға алдыңыз, бұл қорапқа сіз өзіңіздің бойыңыздағы жаман деген қасиеттеріңізді, біреуге тілеген жаман тілектеріңізді салыңыз, қораптың аузын жауып өзенге жіберіңіз, ол қорап өзен ағысымен бірге сізден алыстап барады. Сіз бүгіннен бастап таза әрі пәксіз. Енді тек жақсылықты ойлап, болашаққа үдкен сеніммен қараңыз. Үйге қарай бет аламыз. Көзімізді ашамыз. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар?
5 мин
2
Білімдерін тексеру (астын сызу)
Білім бағалау өлшемі
Жалпы сұрау,нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын.
Үй тапсырмасы:
Балалармен жұмыс түрлерін жоспарлау:
1 – топ: Балалармен еңбекті жоспарлау;
2-топ: Ойынды жоспарлау;
3-топ: Мәдени-гигиеналық шараларды ұйымдастыру.
Қорытынды сұрақ:
А – Жеке адамды тәрбиелеу мен білім беру туралы ғылым?
Педагогика
Т – Екі жақты процесс?
Тәрбие
А – Оқытудың формасы?
Сабақ
А – Педагогиканың тәрбиелеу, оқыту, білім берудегі теориясы?
Дидактика
Н – Мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті?
Ойын
А – Я.А.Коменскийдің еңбегі?
«Аналар мектебі»
15 мин
3
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі
(астын сызу)
Түсіндірілетін сұрақтар тізімі
Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік
1.Жоспарлауға қойылатын талаптар
2.Бала дамуындағы мерекелер мен сауықтардың маңызы
3.Ата-аналармен жүргізілетін дәстүрден тыс жұмыстар
20 мин
4
Оқушылардың өздік жұмысы
Рефераттар жазу, ғылыми мақалаларды конспектілеу, шағынтоптарда жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау,кітаппен жұмыс
1-тапсырма: алдарында тұрған үлгіге қарап, мектепке дейінгі ұйымдағы жұмысты жоспарлау;