Бала тәрбиелеудегі отбасы мен балабақша сабақтастығы!

Әкеге қарап ұл өсер.
Халық даналығы.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. «Баланы-жастан» деген дана халқымыз. Осы бір өмірден алынған қағиданы әрдайым есте ұстағанымыз жөн. Отбасының негізі-баланы өмірге келтіру ғана емес, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзатқа және өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.
Отбасы-қоғамдағы шағын мемлекет. Отбасы-ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік, өмір сүру ортасы. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Қазіргі кезде кейбір ата-аналар міндетін ұмытып, білім мен бала тәрбиесін екінші орынға қойып, киімі мен тамағын тауып бергенге мәз болып жүр, ол бала өмірден не алады, қандай жолмен өсіп келе жатқанымен шаруасы жоқ. Осы мәселелердің алдын алмаса, егемендігіміздің ғана емес, ұлтымыздың, дініміздің құрдымға кетуіне жол ашылып тұр.
Балабақша мен ата-ана қарым-қатынасының негізгі принципі-балабақшаның ата-аналар үшін алақандағыдай ашық, сенімді болуы керек. Осыған орай, әрбір ата-ана, тәрбиеші,оның сәби кезіндегі тәрбиесіне жауапкершілікпен
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бала тәрбиелеудегі отбасы мен балабақша сабақтастығы!»
Бала тәрбиелеудегі отбасы мен балабақша сабақтастығы!
Анаға қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
Халық даналығы.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. «Баланы-жастан» деген дана халқымыз. Осы бір өмірден алынған қағиданы әрдайым есте ұстағанымыз жөн. Отбасының негізі-баланы өмірге келтіру ғана емес, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзатқа және өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.
Отбасы-қоғамдағы шағын мемлекет. Отбасы-ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік, өмір сүру ортасы. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Қазіргі кезде кейбір ата-аналар міндетін ұмытып, білім мен бала тәрбиесін екінші орынға қойып, киімі мен тамағын тауып бергенге мәз болып жүр, ол бала өмірден не алады, қандай жолмен өсіп келе жатқанымен шаруасы жоқ. Осы мәселелердің алдын алмаса, егемендігіміздің ғана емес, ұлтымыздың, дініміздің құрдымға кетуіне жол ашылып тұр.
Балабақша мен ата-ана қарым-қатынасының негізгі принципі-балабақшаның ата-аналар үшін алақандағыдай ашық, сенімді болуы керек. Осыған орай, әрбір ата-ана, тәрбиеші,оның сәби кезіндегі тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Себебі бала мұндай кезде жақсыны да, жаманды да тез қабылдайды.
Қорыта келгенде, мектепке дейінгі тәрбие мен отбасы баланың жан-жақты дамуының маңызы болып келеді. Балабақша мен отбасы ажырамас тәрбиелік орта болғандықтан, тәрбиелік қызметі де зор. Осылайша балабақша мен отбасы әрдайым байланыста болғаны абзал.