kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Байқоңыр ғарыш айлағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғарыш,ғарышкерлер туралы  түсініктерін  қалыптастыру және мағлумат  беру.Балалардың   сөздік   қорын  байыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Байқоңыр ғарыш айлағы»

  Тақырыбы:«Байқоңыр-ғарыш айлағы»

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында  білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Көңіл – күйлерің қалай.Қане осы көтеріңкі көңіл – күймен шаттық шеңберіне тұрып бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Шаттық шеңбері.
Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарыңмен бір жүру.
Қандай жақсы дос болу,
Қандай жақсы көп болу.
(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).

Тәрбиеші:

- Балалар жарайсыңдар орнымызға жайғасайық
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

-Қазір көктем мезгілі
Тәрбиеші:

- Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?

Балалар:

-Көктемде күн жылынып, жыл құстары қайта оралады.
Тәрбиеші:

- Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.

Балалар:

- Көктем мезгілінде 3 ай бар.Наурыз, сәуір, мамыр
Тәрбиеші:

- Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?

Балалар:

-Сәуір айында біз Ғарышкерлер күнін атап өтеміз
Тәрбиеші:

- Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.
- Балалар аспаннан нелерді көруге болады?

Балалар:

-Ай,күн,жұлдыз

Тәрбиеші:

-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, сендер жұмбақтың жауабын тауып көріңдер.

Күміс қанат сұңқарды,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттанда тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?

Балалар:

-Бұл ғарышкер

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі күннің сабағы 12-сәуір ғарышкерлер күніне арналады. Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әр бір мамандық адамзатқа өте қажет екен.

дәрігер - адамдарды емдейді, мұғалім – балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді. Міне балалар, әр бір мамандық қажет екен.

Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді.

Ю. Гагарин тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 60 жыл уақыт өтті. Осы жарты ғасыр ішінде ғарышта әртүрлі елден жүздеген ғарышкерлер болып, көптеген зерттеу жұмыстарын атқарды. Солардың ішінде біздің Қазақстан еліміздің батырлары да бар. Ол ғарышқа ұшқан тұнғыш қазақ Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ол ғарышқа бір емес, үш рет ұшқан Талғат Мұсабаев ағаларың. Қазақстанның ғарышкерлері алғаш ұшқан ғарышкер Тоқтар ағамыздың да ғарышқа ұшқанына 21 жыл толады. Ендеше осы біздің Қазақстан елінің азаматтарын Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты әрқашан мақтан етіп жоғары бағалауымыз керек.

Балалар, мына суретке назар аударыңдаршы, бұл суретте біздің Қазақстан Республикасының тұнғыш ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, тұнғыш ғарышқа ұшып ғарыш саласында қызмет жасады. Ал мына суретте үшінші болып ұшқан Айдын Айымбетов ағамыз.

Тәрбиеші:

-Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз.

Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз?

Балалар:

- Біз жерде өмір сүреміз

Тәрбиеші:

-Біз нені басып жүрміз?

Балалар:

- Біз жерді басып жүреміз.

Тәрбиеші:

-Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар?

Балалар:

-Аспан, ғарыш

Тәрбиеші:

-Дұрыс балалар. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш деп аталады екен, Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ғарыш әлемінде көптеген ғаламшарлар бар. Меркурий, Венера, Жер, Марс,   Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. (суреттері көрсетіледі) Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме?

Балалар:

- Иа көрдік.

Тәрбиеші:

-Сендерге ұнай ма?

Балалар:

- Иа ұнайды.

Тәрбиеші:

- Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?

Балалар:

- Зымыранмен ұшамыз

(Видеоролик көрсету.Ғарышқа ұшуға дайындалу.)

Тәрбиеші:

- Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? . Дайынбыз ба? (монитордан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)
Ғарышкерлер ұшар алдында өздерінің арнайы киімдерін киеді,оны скафандер деп атайды.Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді ұшамыз. Ал міне керекті жерімізге де жеттік.

Аспан әлемі:

-Сәлеметсіздерме балалар. Аспан әлеміне қош келдіңіздер!

Балалар:

- Салеметсізбе аспан әлемі

Аспан әлемі:

-Балалар аспан әлемімен таныссасыңдарма?

Балалар:

-Иа

Аспан әлемі:

- Аспан әлеміне нелер бар?

Балалар:

-Аспан әлемінде ғалам,жұлдыздар бар.

Аспан әлемі:

- Аспан әлеміне немен келдіңіздер?

Балалар:

- Біз аспан әлеміне зымыранмен келдік

(Видеоролик көрсету.9 ғаламшармен танысу.Аспан әлемін таныстырып өту.)

Аспан әлемі:

-Балалар сендермен мен жұмыс жасағым келіп тұр. Менімен жұмыс жасайсыздарма?

Балалар:

-Ия жасаймыз

Аспан әлемі:

- Балалар олай болса, сендер ұшып келген зымыранды қағаз бетіне түсіреміз.

Тәрбиеші:

- Ендеше балалар «Мен ғарышкер боламын» атты жапсыру ашық оқу қызметін өтеміз. Балалар суретпен жұмыс жасайды.

Тәрбиеші:

-Оқу қызметімізді бастамас бұрын Ғарышкерлерге арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
1- бала:

Сырын аштың ғарыштың
Ақылменен төзіммен
Ұшып,зерттеп,таныстың
Аймен,күнмен,жұлдызбен
Алғыс айтамыз жылы лебізбен

2 – бала:

Дамир атты баламын,
Таудай менің талабым.
Үлкен болып өскенде
Мен ғарышкер боламын.

3 – бала:

Әубәкіров ағаның,
Даңқы көпке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.


4 – бала:

Тоқтар ағам жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Мен де батыр ағадай,
Ұшқым келеді ғарышқа.


5 – бала:

Оқуды жақсы оқысам,
Білімді ойға тоқысам.
Алла мені қолдаса,
Жетермін деп ойланам.

6 – бала:

Бүгін Юрий ағаның,
Ұшқан күні ғарышқа.
Мен аспанғақараймын,
Мен ғарышкерболамын.

7 – бала:

Мақтанышы даламның,
Байқоңырдың құшағы.
Ұрпақтары ғаламның
Осы жерден ұшады.

8 – бала:

Күлімдейді күміскүн,
Құштарында көз тігіп.
Кемесіне ғарыштың,
Байқоңырда кезігіп.

9 – бала:

Байқоңырдан ұшқанға,
Барлық әлем қарады.
Дос ұшақтар аспанға,
Көтеріліп барады.

10 – бала:

- Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:

Алтын бесік тербеткен,
«Байқоңырдан» аттандың.
Ең алғашқы қазақтың
Ғарышкері атандың.

Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.


11 – бала:

Ғалым болам десеңіз,
Білімді жина басынан.
Ғарышқа ұшам десеңіз,
Шынықтыр дене жасыңнан.


12 -бала:

Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса марсқа.



13 – бала:

Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын,
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.


14 – бала:

Ғарышкер менде боламын,
Боламын десем боламын.
Көктің жүзін барлаймын
Үлкен ғалым боламын.

 Жарайсыңдар балалар

Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру».
Тәрбиеші:

-Балалар қазір сендер геометриялық пішіндерден зымыранның бейнесін ақ қағаз бетіне жапсырамыз.Әртүрлі геометриялық пішіндерден зымыран құрастыру. Балалар сендер бұл жерде геометриялық пішіндер шеңбер,төртбұрыш,үшбұрыш,тікүшбұрыш,сопақша пішіндерімен жұмыс жасайсыңдар.(Балалар жұмыстарын жасайды)

Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші:

-Балалар аспан әлемі сендерге ұнадыма?

Балалар:

-Ия ұнады

Тәрбиеші:

-Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме

Балалар:

-Ия ғарышкер боламыз
Тәрбиеші:

-Балалар, кәне ендеше бойымызды жазып сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Музыка әуенімен қимылдар жасау.

Тәрбиеші:

-Балалар қазір біздер дидактикалық ойын ойнаймыз.
Ойын: «Дұрыс ажырата біл»
Ойын шарты: Балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.

Жаңылтпаш.
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы, ғарыш алыс па?

Аспан әлемі:

- Жарайсыңдар балалар маған сендердің өнерлерің ұнады.

Тәрбиеші:

- Аспан әлемі біздің балабақшаға оралуымыз керек. Сізбен қоштасамыз.

Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін пысықтау.
- Балалар бүгінгі күн қалай аталады?
- Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?
- Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
- Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?
- Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
- Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?
- Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?

/Балалардың жауабы/


Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар, ғарышкер болуды армандамайтын бала жоқ шығар? Ал ол үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып  өсулерің  керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Сол үшін апайларыңды тыңдап,тәртіпті,шыныққан бала болуларың керек. Тоқтар ағаларың, Талғат ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектеспін!















































Маңғыстау облысы білім басқармасы Ақтау қаласы бойынша білім

бөлімінің «35 «Балдырған» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны






«Бекітемін»

«№35 Балдырған бөбекжайы» директоры

_________________М.М.Кабдрахманова

«05» сәуір 2021 жыл







«Байқоңыр-ғарыш айлағы»

/Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі








Дайындаған:№ 9 МАД топ тәрбиешісі:

Турсынбаева.Р.У.
Өткізген:№ 9 МАД топ тәрбиешісі:

Турсынбаева.Р.У.
















Ақтау

2021ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Байқоңыр ғарыш айлағы

Автор: Турсынбаева Роза Утепбергеновна

Дата: 07.04.2021

Номер свидетельства: 577644

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Бай?о?ыр - ?арыш айла?ы"
    ["seo_title"] => string(28) "baik-on-yr-g-arysh-ailag-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "326464"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463191615"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Сыныптан тыс сабақ "Байқоңыр-ғарыш айлағы""
    ["seo_title"] => string(45) "synyptan_tys_sabak_baik_on_yr_g_arysh_ailag_y"
    ["file_id"] => string(6) "393419"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487496637"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Бай?о?ыр ?арыш айла?ы "
    ["seo_title"] => string(26) "baik-on-yr-g-arysh-ailag-y"
    ["file_id"] => string(6) "125102"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414913724"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Ашы? саба? ?аза?станда?ы ?скери-?нерк?сіптік кешен, Семейде ядролы? сына?тарды? ж?ргізілуі, «Бай?о?ыр» ?арыш айла?ы"
    ["seo_title"] => string(131) "ashyk_sabak_k_azak_standag_y_skieri_onierk_siptik_kieshien_siemieidie_iadrolyk_synak_tardyn_zhurghizilui_baik_on_yr_g_arysh_ailag_y"
    ["file_id"] => string(6) "346642"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475145854"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Ашы? саба? ?аза?станда?ы ?скери-?нерк?сіптік кешен, Семейде ядролы? сына?тарды? ж?ргізілуі, «Бай?о?ыр» ?арыш айла?ы"
    ["seo_title"] => string(133) "ashyk_sabak_k_azak_standag_y_skieri_onierk_siptik_kieshien_siemieidie_iadrolyk_synak_tardyn_zhurghizilui_baik_on_yr_g_arysh_ailag_y_1"
    ["file_id"] => string(6) "346643"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475145858"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства