Көрнекіліктері:Тақырыпқа байланысты слайдтар,зымыран,рефлексия бөліміне арналған күн суреттері,сыйлықтар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Балалармен амандасу.
2.Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
3.Балаларды оқуға жұмылдыру.
Шаттық шеңбері:
Амансың ба,Алтын Күн!
Амансың ба,Жер – Ана!
Амансың ба,достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
-Сәлеметсіздер ме,балалар,бүгін біз сыныптан тыс сабағымызды бастаймыз.
-Балалар,біздің тұратын жеріміз қалай аталады?
-Далаға шыққанда төбемізде не көреміз?
-Ал,түнде аспаннан не көресіңдер?
-Оны тағы Ғарыш деп те атаймыз,солай ма?
- Аспанмен,Жермен,достарымызбен амандасып алайық.
-Ал,енді балалар,бізге сабақққа келген қонақтармен амандасып алайық:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де. (С.Мәуленов)
II.Жаңа сабақ:
-Енді,балалар,сабағымызды бастайық.Балалар бүгінгі біздің қандай тақырыпта сабақ өтетінімізді білу үшін жұмбақтар шешіп,сол жұмбақтар шешімін тапқаннан кейін ғана біздің жаңа тақырыбымыздың әрбір буыны ашылып,соңында өтетін тақырыбымызды да анықтап аламыз.
-Жұмбақтар шешеіп бүгін қандай тақырып төңірегінде сабақ өткізетінімізді біліп алайық па?
-Иә.
2)Жұмбақтар шешу:
1)Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір.(Аспан)
2)Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
3)Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. (Ай)
4)Алып кілем –
Гүлге толы
Үсті кілең. (Жер)
5)Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)
6)Түсі бар көрінбейтін,
Бір тұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің,
Ешқашан жерінбейтін.(Ауа)
7)Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.(Зымыран)
8)Күміс қанат,сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Басқа планетаға ұшып,
Кеткен адамды кім дейді?(Ғарышкер)
-Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымызды буындап оқып шығайықшы (балалармен бірге оқу): «Байқоңыр – ғарыш айлағы».
Слайдпен жұмыс:
-Балалар,біз бірінші ғарышкерлермен,аспан әлемі,күн жүйесі және зымыранның суреттерімен танысайық.
1)Аспан әлемі
2)Күн жүйесі
3)Байқоңыр
4)Ғарышкерлер суреті
5)Зымыран
6)Скафандр
7)Лайка
8)Юрий Гагарин
9)Тоқтар Әубәкіров
10)Талғат Мұсабаев
-Балалар,сендерге мынадай тапсырма орындау керек.Мына сөздерді оқып,бүгінгі өтіп жатқан тақырыпқа сай келмейтін суреттерді сызып тастау керек:
-Балалар,мына өлеңді оқып,бірнеше рет қайталап өтейік,сосын жатқа айтамыз.
Байқоңыр.
Ғарышкерлер мекені –
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр.
(Е.Ерботин)
V.Бекіту:
-Келесі тапсырма сендерге ,балалар,математика пәнінен болады.Сендер ғарышқа ұшып барғыларың келе ме?Олай болса,қазір мен сендерге Зымырандар таратамын,қазір мына интерактивті тақтадан қарап өрнектерді шығарайық.сосын мына байқоңырға келіп,Ғарышқа зымыранмен кім есепті жылдам,тез шығарып ғарышқа ұшамыз.Есепті шығарып болған балалар тыныш отырады.
VI.Қорытындылау:
-Балалар,сабағымыз аяқталуға да аз қалыпты.Бүгінгі сабағымызды «Ғарышқа ұшу» ойынымен аяқтайық.Ойынның шарты:Бір бала мына Зымыранға келіп әйнегінен қарап тұрып Жұлдыздардың сұрақтарына жауап береді:
Қорытынды сұрақтар:
-Аспан денелеріне нелер жатады?
-Ғарыш айлағы қайда орналасқан?
-Ғарышқа ұшқан иттің атын ата.
-Ғарышкерлердің киетін киімі қалай аталады?
-Ғарышқа ұшатын адамды қалай атайды?
-Ғарышқа немен ұшады?
-Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
Рефлексия:
-Балалар,сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?Біз бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?Сабақта не істедік.Қазір,сабақ сендерге ұнаған болса, мына Жарқын,Күлімдеп тұрған Күнді Оң жақтарыңның бас бармағына киіп көрсетіңдер.
-Сабаққа рахмет!Балалар,сендер бүгінгі сабақта барлықтарың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар,сондықтан да сендерге Ғарыштан мына зымыранмен сыйлықтар беріп жіберіпті.