Мотивациялық қозғаушы кезең Іздену ұйымдастырушы кезең Бала денсаулығын нығайту компоненттері Рефлексивті түзетуші | Ғажайып сәт: (Топқа бағдаршам келеді.) -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені білесіңдер ма? Білсеңдер айтыңдар, мен немін? Жарайсыңдар! Менің атым-Ббағдаршам! Маған назар аударсаң. Жолдан өтіп жүрерсің, Аман-есен әрқашан! Сендердің көңіл күйлерің өте жақсы сияқты. Бізге келген қонақтармен амандасып, шаттық шеңберін орындап жіберейік! Қуанамын менде, Қуанасың сенде Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге. -Мен бүгін сендерге жолда жүру ережелерін айтуға келдім. Ендеше барлығымыз теледидарға қарайық. (Бейнефильм көрсетіледі.Бейнефильмде жаяу жүргіншілер жолы мен көлік жүргізушілерінің жолдары туралы, бағдаршамның қызметі жайлы бейнеленген.)Бағдаршам қысқаша түсіндіріп өтеді. Сұрақтар қою арқылы түсінгендерін сұрайды. -Ал қанекей, үйренейік жолда жүру тәртібін, Арамызда балалар, жақсы білер кімің бар? Бағдаршам қандай түстерден тұрады? Бұл сендерге берілетін ең бірінші сұрағым. Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда не істеу керек? -Ал, сары түс жанғанда не істеу керек? -Жасыл түс жанғанда не істеу керек? -Көліктер қандай жолмен жүру керек? -Адамдарға арналған жол бар ма? -Ол қалай аталады екен? -Балалар,бағдаршамды орысша қалай айтылатынын білесіңдер ме? Бағдаршам орыс тілінде светафор деп айтылады екен. -Балалар, жолдың кез келген жерінен өтуге бола ма? Олай болса, осы жайлы көріністі тамашалайық. (Көрініс: Анасы мен қызы жолдан өтпекші болады. Анасы қызына қай жерден өтуге болатынын түсіндіреді.) Бағдаршам балаларға кез келген жерден өтуге болмайтынын ескертеді. Әйтпесе жол апатының орын алатынын ескертеді. Сергіту сәті: Бип, бип, бип дейміз, Жолдан былай кет дейміз! Күшікті басуға болмайды машина! Биииииииип! -Сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? «Өзі сөйлемейді, күлмейді. Бірақ тоқта, дайындал, жүр дейді!» Ендеше, менің түстерім өздерінің қызметін айтып берсін. Құралай: Қызыл шамы жанғанда, Қадам баспа, бір адым. Бұл тоқтаудың белгісі, Білу керек бар кісі. Диана: Сары көзі жанғанда, Өтемін деп мақтанба, Бұл дайындық белгісі Кідіре тұр аттан ба! Ақарыс: Төксе жасыл шырағын Қауіптенбе шырағым. «Жолың ашық, өте бер!» Жасап алға мың адым. Макетпен жұмыс: -Балалар, мына макетте бір көше берілген. Бұл үлкен қаладағы көше. Үлкен қала болғандықтан жолдарында көліктер көп екен. Сендерге берілетін тапсырма. Бұл көшедегі адамдар мен көліктер шатасып кеткен. Сендер адамдар қай жолмен, көліктер қай жолмен жүру керектігін айтып, орындарына қойып көрсетесіңдер. Ойын: «Көліктер» Балаларды мақтап, мадақтау. Біз ойынымызды ары қарай жалғастырамыз. Келген қонақтармен қоштасайық! Қол ұстасып бәріміз, Жарасып тұр сәніміз. Көріскенше күн жақсы Сау болыңыз, бәріңіз! Сау болыңыздар ! Қатысқандарыңызға көп рахмет. | -Сәлеметсізбе? -Бағдаршамсың Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі де Бағдаршамға көңіл аударады.. Қызыл Сары Жасыл Тоқтау керек Жүруге дайындалу керек Жол ашық, жүру керек. Балалар арқилы жауап береді. Балалар сергіту жаттығуын орындайды. -Иә -Бағдаршам Балалар біртіндеп келіп, тапсырманы орындайды. Балалар ойынды қызыға ойнайды. |