kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бағдаршам әмірі" сөйлеуді дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды жолда жүргенде сақ болуға, бағдаршам көздерінің тәртібін білуге, байқампаздыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың сөздік  қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Жолда жүру ережелерімен таныстыру. Бағдаршам туралы және бағдаршамның атқаратын міндеті туралы білім беру.  Бадаршамның қызыл түсі жанғанда тоқтау, сары түсі жанғанда дайындалу, жасыл түсі жанғанда жүру  керектігін түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бағдаршам әмірі" сөйлеуді дамыту»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения: 05.02.19

Тәрбиеші/Воспитатель: Темірбай Қ.С

Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Транспорт»

Тақырыбы/Тема: «Бағдаршам әмірі»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды жолда жүргенде сақ болуға, бағдаршам көздерінің тәртібін білуге, байқампаздыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Жолда жүру ережелерімен таныстыру. Бағдаршам туралы және бағдаршамның атқаратын міндеті туралы білім беру. Бадаршамның қызыл түсі жанғанда тоқтау, сары түсі жанғанда дайындалу, жасыл түсі жанғанда жүру керектігін түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: ақпараттық-коммуникативтік технология, денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қоян маскасы, жұмсақ модуль «Бағдаршам».

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бағдаршам – светофор, қызыл – красный, сары – желтый , жасыл – зеленый


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Топқа басын ұстаған қоян кіреді (Балалар топқа келген қоянға таңдана қарайды)

Қоян: Басым-ай, басым-ай.

Тәрбиеші: Қоянжан саған не болды?

Қоян: жолдан өтіп бара жатыр едім, көлік соғып, құлап, басымды ауыртып алдым.

Тәрбиеші: Қоянжан, олай көшеде кез келген жерден болмайды. Жол ережесін бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар емес пе?

Қоян: Мен жол ереже дегенді білмеймін, бағдаршам деген не?

Тәрбиеші: Балалар сендер жол ережесін білесіңдер ме?

Олай болса жол ережесі, бағдаршам дегенді біздің балаларымыздан үйрен.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Бағдаршам жайлы не білеміз? (балалар әңгімелейді)

Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не істейміз?

Балалар біз жолға шыққанда ешқайда қарамай жүре береміз бе?

-Қандай жол белгілері бар?

-Бізге бағыт көрсететін не ол?

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?

Бағдаршамның неше көзі бар?

– Біз жол жүру ережелерін сақтап, жолда мұқият болуға, көшені кесіп өтерде бағдаршам белгісіне қарауға тиіспіз.

Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.

Жұмсақ модуль «Бағдаршам»

Балаларға үш түсті дөңгелектер беріледі. Балалар сол дөңгелектердің түстерін дұрыс тауып бағдаршам құрастырады.

Жеке жұмыс: Амирхан бағдаршамның басында қандай түс тұрады?

Айлин бағдаршамның ортасында қандай түс тұрады?

Билингвалдық компонент: бағдаршам – светофор, қызыл – красный, сары – желтый , жасыл – зеленый

Қоянжан көрдің бе?! Біздің балалар бағдаршам туралы көп біледі. Енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз.

Сендер таңертең балабақшаға келгенде немесе ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?

Тәрбиеші: Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз?

Балалар, мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?

Ал мына жерде бағдаршам жоқ екен. Бірақ мында бір белгі тұр, бұл белгі нені білдіреді екен?

Сергіту сәті:

Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде отырады, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде орындарынан тұрады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.

Жұмбақтар жасыру.

1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Жол сақшысы)

2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

4. Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып, аялдайды. Ол не? (Автобус)

5. Құстан аумайды,

Көкте заулайды. (Ұшақ)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Жарайсыңдар, балалар. Қоян сен ережелерді үйреніп жатырсың ба?

Балалар енді тақтадағы суреттерге назар аударыңдар:

Жолдың бойында доп ойнауға болады ма?

Жолда ролик тебуге болады ма?

3.Қорытынды/итоговая часть:

Дидактикалық ойын «Дұрыс, дұрыс емес»

Балаларға шындыққа сай келмейтін және келетін сөйлемдерді айту. Балалар оның дұрыс, дұрыс еместігін айтады.

Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда жүремін

Көшеде арнайы ақ жолақтан өтемін

Жолдан жүгіріп өтемін

Көшеден өткенде солға оңға қараймын.

Көшенің ортасында доп ойнаймын.

Жол ережесін сақтаймын.

Бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын.

Жасыл көзі жанғанда жүремін.

Қоян: Рахмет сендерге балалар, мен енді жол ережесін бұзбаймын.

Балаларды мадақтау. Балаларды бағдаршамның көздері бойынша бағалаймын (қызыл – төмен, сары – жақсы, жасыл – өте жақсы).




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Бағдаршам әмірі" сөйлеуді дамыту

Автор: Темірбай Қымбат Сәбитбекқызы

Дата: 17.02.2019

Номер свидетельства: 500082

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Сөйлеуді дамыту "Біз жолаушылармыз""
    ["seo_title"] => string(36) "soilieudi_damytu_biz_zholaushylarmyz"
    ["file_id"] => string(6) "391321"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486994547"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сабақ жоспары "Хайуанаттар бағына саяхат""
    ["seo_title"] => string(44) "sabak_zhospary_khaiuanattar_bag_yna_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "399086"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489173077"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Жол ережесін білу - б?ріне міндет"
    ["seo_title"] => string(38) "zhol_ieriezhiesin_bilu_b_rinie_mindiet"
    ["file_id"] => string(6) "345032"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1474475575"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "К?шеде абай бол! мектепалды даярлы? тобына"
    ["seo_title"] => string(47) "koshiedie-abai-bol-miektiepaldy-daiarlyk-tobyna"
    ["file_id"] => string(6) "250902"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447160087"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Жолда ж?ру ережесін білесі? бе? "
    ["seo_title"] => string(38) "zholda-zhuru-ieriezhiesin-biliesin-bie"
    ["file_id"] => string(6) "175315"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424260839"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства