Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
І-Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
«Жүректен жүрекке»
-Ата-анамыз аман болсын!
-Досымыз көп болсын !
-Әрқашан күн сөнбесін !
-Балабақшамыз гүлдене берсін! деп жүректі бір- біріне ұсынып тілек айтады.
-Жарайсыңдар балалар менде сендерге әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін.
ІІ- Жаңа сабақ
-Балалар мен сендерге жұмбақ дайындап алып келдім шеше аласыңдарма?
Балалар жауабы- иә
«Жұмбақ»
Бір көзім «кідір» дейді.
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді.
Қарап ал маңайға дейді (бағдаршам)
-Ол не екен балалар? Бағдаршам
Дұрыс таптыңдар балалар жауабы «Бағдаршам» екен.
-Балалар бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы «Бағдаршам»
-Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар ?
Үш дөңгелек түсті
-Балалар үш түсті атап беріңдерші қандай түстер?
Балалар жауабы-Қызыл түс
- Сары түс
- Жасыл түс
-Жарайсыңдар балалар мен сендерге не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұхият тыңдап алыңдар.Бағдаршам бізге жол қилысынан өтуге көмектеседі.Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өткен де өте сақ болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
-Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды,ал адамдар ақ жолақтармен өтеді.Ал ортадағы сары жанса, көліктер дайындалады. Ал жасыл жанса,жол ашылады,көліктер жүреді.
-Бағдаршамның үш көзіде жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де қолайлы,адам өміріне орасан зор.
-Олай болса көшеден өткенде арнайы ақ жолақтан өту керек.Жол қилысында аса абай бол,көшелерде,жолдарда доп ойнауға ,шанамен сырғанап ойнауға болмайды.
-Балалар бағдаршам туралы тақпақ білесіңдерме?
Қалада көлік көп, Үлкен біздің қаламыз
Қалада апат көп, Есте сақтап аламыз,
Сақтайтын апаттан, Қызыл,жасыл, сары шам
Тек қана бағдаршам Көшеде тұр бағдаршам
Бағдаршам, бағдаршам (Еркеназ)
(Гүлзинат )
«Сергіту сәті»
Бип-бип,бип дейді
Жолдан былай кет дейді
Күшікті басуға,басуға,
Болмайды,болмайды машина.
Бип-бип
Дидактикалық ойын «Бағдаршам»
Шарт: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті көрсеткенде бір аттап жүреміз.
«Бағдаршамды бейнелеу»
-Бүгін сабағымызда не туралы айттық?
-Бағдаршам
-Бағдаршамның неше көзі бар?
-Үш көзі бар
-Енді балалар алдымыздағы қағазға бағдаршамның үш көзін бейнелейік.