kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Қызыл,сары, жасыл шам, көшеде тұр бағдаршам!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№5 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі :

Жайтакова Лаура Тулепкереевна.

Сынып: 4 Б

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қызыл, сары, жасыл шам, көшеде тұр бағдаршам!

Мақсаты: 

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге    үйрету.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Бағдаршам, көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан кестелер. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан
кескіні Жол белгілері.Интерактивті тақта.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II.Негізгі кезең
Мұғалім :
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Бүгін біздерге мемлекеттік авто инспекция қызметкері келіп тұр.Ол сендерге жолда жүру тәртібі туралы айтып өтеді.
МАИ қызметкері:
   -    Сәлеметсіздер ме,балалар!Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

-  Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
 Асхат:- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2.Жиекжол дегеніміз не?
Айкерім:- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
Айсұлтан:- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Ернұр:- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
МАИ қызметкері:
-Оқушылар,сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме?

.Жол тәртібін сақтап,өз өмірлеріңізге қамқор болатындарыңа сенімдімін.
Ән:«Көліктер»

 Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.

1.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)
5.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
6.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар? (Велосипед)
Көрініс:«ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК»

1.Қызыл телпек қыдырып.әжесіне бармақшы

Жету үшін орманға, белгіні еске алмақшы

Жету үшін адаспай ережені сақтайды

Жол белгісін білмесе, әженің үйін таппайды

ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК: Жансель

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Әжеме сапар шегу мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Нұрсәт: Бала:-Көмектесіңдерші, Көмектесіңдерші.
 Жасырмай айтсам сырымды

Жол апатына тап болдым

Бағдаршамға қарамай

 Жолда ойнап тап болдым

 ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК: Жансель - Көрдің бе сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың.Жол ережесі дұрыс өмір сүріп,абай болуды талап етеді.Мен сені жолда жүру ережелерімен таныстырайын.Тыңда.( жол белгілерімен таныстырады )

Сақтандыру, ескерту белгісі: Нұрым
 Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
 Тыйым салу белгісі: Мадина
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.
 Міндеттеу белгісі: Өркен
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
  Нұсқау белгісі: Рауан
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

Бала: Нұрсәт

-Енді мен бәрін білдім,жол ережесін бұзбаймын,Қызыл телпек, саған көп рахмет!

ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК: Жансель

-Ережені бұзбайық

Тәртіпті біз сақтайық

Бағдаршамға қарайық

Аман алып қалайық!

 «Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.
 2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.

6.Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

Сен білесің бе? Сұрақ-жауап кезеңі
1.  Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек?
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?
4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің?

 Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.

— Балаларға алдын-ала дайындалған дөңгелек, шеңбер, үшбұрыш және басқа да белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде ілініп тұратын белгілерді барлықтарын көрдіңдер. Бұлар — жол белгілері.Бұл белгілердің арнайы жарқырап тұратын, белгілердің тиімділігі — жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.

Ән : «Бағдаршам»

 Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:

— Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

— Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

— Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

  Мұғалім:Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Қызыл,сары, жасыл шам, көшеде тұр бағдаршам!"»

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы



















5 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі :

Жайтакова Лаура Тулепкереевна.

Сынып: 4 Б











































Тәрбие сағатының тақырыбы: Қызыл, сары, жасыл шам, көшеде тұр бағдаршам!

Мақсаты: 

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге үйрету.
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Бағдаршам, көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан кестелер. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан
кескіні Жол белгілері.Интерактивті тақта.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II.Негізгі кезең
Мұғалім :
-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Бүгін біздерге мемлекеттік авто инспекция қызметкері келіп тұр.Ол сендерге жолда жүру тәртібі туралы айтып өтеді.
МАИ қызметкері:
   -    Сәлеметсіздер ме,балалар!Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

-  Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
Асхат:- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2.Жиекжол дегеніміз не?
Айкерім:- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
Айсұлтан:- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Ернұр:- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
МАИ қызметкері:
-Оқушылар,сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме?

.Жол тәртібін сақтап,өз өмірлеріңізге қамқор болатындарыңа сенімдімін.
Ән:«Көліктер»

 Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.

1.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)
5.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
6.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар? (Велосипед)
Көрініс:«ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК»

1.Қызыл телпек қыдырып...әжесіне бармақшы

Жету үшін орманға, белгіні еске алмақшы

Жету үшін адаспай ережені сақтайды

Жол белгісін білмесе, әженің үйін таппайды

ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК: Жансель

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Әжеме сапар шегу мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Нұрсәт: Бала:-Көмектесіңдерші, Көмектесіңдерші...
 Жасырмай айтсам сырымды

Жол апатына тап болдым

Бағдаршамға қарамай

 Жолда ойнап тап болдым

 ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК: Жансель - Көрдің бе сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың.Жол ережесі дұрыс өмір сүріп,абай болуды талап етеді.Мен сені жолда жүру ережелерімен таныстырайын.Тыңда....( жол белгілерімен таныстырады )

Сақтандыру, ескерту белгісі: Нұрым
 Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
 Тыйым салу белгісі: Мадина
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.
 Міндеттеу белгісі: Өркен
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
  Нұсқау белгісі: Рауан
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

Бала: Нұрсәт

-Енді мен бәрін білдім,жол ережесін бұзбаймын,Қызыл телпек, саған көп рахмет!

ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК: Жансель

-Ережені бұзбайық

Тәртіпті біз сақтайық

Бағдаршамға қарайық

Аман алып қалайық!

 «Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.
 2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.

6.Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

Сен білесің бе? Сұрақ-жауап кезеңі
1.  Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек?
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?
4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің?

 Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.

— Балаларға алдын-ала дайындалған дөңгелек, шеңбер, үшбұрыш және басқа да белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде ілініп тұратын белгілерді барлықтарын көрдіңдер. Бұлар — жол белгілері.Бұл белгілердің арнайы жарқырап тұратын, белгілердің тиімділігі — жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.

Ән : «Бағдаршам»

 Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:

— Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

— Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

— Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

  Мұғалім:Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!


 














































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағаты "Қызыл,сары, жасыл шам, көшеде тұр бағдаршам!"

Автор: Жайтакова Лаура Тулепкереевна

Дата: 01.11.2023

Номер свидетельства: 639204


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства