Просмотр содержимого документа
«Бағдаршам біздің досымыз»
Ақтөбе облысы,
Әйтеке би ауданы
Сұлукөл ауылы
МКҚК «Нұрсәт» МДҰ
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Тәрбиеші: Кушанова Айдана Нураддиновна.
2018 ж.
Бағдаршам біздің досымыз
Мақсаты: балалардың бағдаршам туралы түсінігін пысықтай отырып, жолда жүру ережесімен одан әрі таныстыру, көшедегі көліктердің қозғалысына көңіл аударту, үлкендердің еңбегімен таныстыру. Көргендерін өз сөздерімен әңгімелеп айта білу, есте сақтауын, көше қиылысы туралы ұғымын арттыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: бағдаршамның макеті, суреттер, қажетті ойыншықтар, цифрлар.
Әдіс-тәсілі: аралас сабақ, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері:
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Үш көзі бар қаз-қатар.
Кезек-кезек ашады.
Үшеуінен байқасам,
Үш түсті нұр шашады. (БАҒДАРШАМ)
-Дұрыс айтасыңдар. Бағдаршам дегеніміз не? Оның қызметі қандай? (Балалардың жауабы)
-Дұрыс айтасындар, көліктерге кедергі жасамау үшін, жаяу жүргіншілер көшеде жүру тәртібін сақтау керек екен.
Мен сендерге «Қасқыр мен түлкінің» бастан кешкен оқиғасын айтып берейін.
«Қасқыр мен түлкі орманда өмір сүріпті. Екеуі дос болыпты. Бір күні түлкі қасқырға қалаға баруды ұсынады. Сонымен екеуі қалаға келеді». (Балалардың көрінісі).
-Қалада олар биік-биік үйлерді, әдемі ғимараттарды, саябақтарды тамашалап және жолда зулап жүріп жатқан көліктерді көреді. Енді жолдың арғы бетіне өтейін десе, қалай өту керек екенін білмейді. Оларды байқап қалған бір бала жақындап келіп:
-Сәлеметсіндер ме түлкі мен қасқыр, сендер мында не істеп тұрсыңдар? – деп, сұрайды.
-Біз жолдың арғы бетіне өте алмай тұрмыз, - деп, түлкі жауап береді.
-Олай болса мен сендерге көмектесейін, - дейді, балақай.
Адамдар жолдан бағдаршамға қарап өтеді. Жол қиылысындағы бағдаршамның жанып, ауысып тұратын үш түсті көзі бар. Бірінші қызыл көзі жанғанда «тоқтап тұр» деген белгі береді. Сары түсі жанғанда «дайындал» деген белгі береді. Ал үшінші жасыл түсі жанғанда жолдан өтуге болады.
Балақай бағдаршам макетін қолдана отырып, түсіндіреді.
-Сендер енді жол ережесін білетін болдыңдар. Жол ережесін мұқият сақтап жүрсеңдер ешқандай жол апаты болмайды, - деп , түсіндірген балаға түлкі мен қасқыр алғыстарын білдірді. Түлкі мен қасқыр балақаймен қоштасып, ормандағы үйлеріне қайтады.
-Балалар, бағдаршам жолдан өту тәртібін реттейді екен. Сендер қандай жұмбақтар, тақпақтар білесіңдер?
1-бала. Бір көзім «кідір», дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
Қарап ал маңайға дейді. (Бағдаршам)
2-бала. Қызыл көзін ашқанда,
Сының сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба (Бағдаршам)
-Бағдаршамның неше көзі бар? (1,2,3)
Ал, енді кері санайық (3,2,1)
-Жарайсыңдар балалар!
3-бала. Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Мен берген белгіні сақтан, қолдан (Ескерту белгісі)
4- бала. Қызылмен боялған щеңбермін,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын,
Мен тұрған жерлерде,
Қақын жоқ жүруге (Тыйым салу белгісі)
Сергіту сәті: «Бағдаршам» ойыны.
Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда билейді.
Санамақ жаттау.
Бір дегенім – білім,
Екі дегенім – елім
Үш дегенім – үміт
Жүрейік әрқашан күліп.
Жапсыру: Топтық жұмыс
Балалар үш топқа бөліп бағдаршамды жапсырады. Қай топ жылдам әрі әдемі жапсырса, сол топ жеңіске жетеді.
Шаттық шеңбері:
Қызыл, сары, жасылмыз
Достармыз біз бәріміз.
- Жарайсыңдар!
- Бүгін бізде достық жеңіске жетті. Балалар , мен сендердің әрқашан тату дос болып жүрулеріңе тілектеспін.