Просмотр содержимого документа
«Бабалар өмірі –ұрпаққа өнеге»
Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән:Қоршаған ортамен таныстыру
Өтпелі тақырып: Салт-дәстүрлер мен фольклор
Тақырыбы: Бабалар өмірі –ұрпаққа өнеге
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: үлкендерге, қарт адамдарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу
Дамытушылық: отбасы- берекесі қарт адамдар екенін түсіндіру
Оқыту: әр түрлі жағдайларды талдау арқылы өздері келісіп, бірлесіп шешім қабылдау іскерліктерін үйрету
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тақпақ
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Көптілділік:салт-дәстүр - традиции
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Балалар, біз қазақтың ұлдары мен қыздары.Сондықтан, біз ұлтымыздың ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Балалар, қазақ халқы сөз қадірін біліп, қастерлеп өнеге тұтқан. Бүгін біздің тәрбиелік оқу қызметімізде ата-дәстүріміз бен өнеріміз туралы өткізілмек. «Бабалар дәстүрі ұрпаққа үлгі» атты оқу-қызметіміз тағылымымыздың мәні ана сүтімен даритын салт-дәстүр жайлы болмақ.Балалар, сендер Отан, тәрбие туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
2.Негізгі бөлімі: Ал енді балалар, қазір сендермен бірге «Қыз куу»деген ойынды ойнап жіберейік.Ойынның шарты: бір қыз бен бір бала кезекпен апайдың дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады. (жауап берген бала бір қадам алға жылжып отыру керек), (Мадақтау асық беріліп отырады)
Сұрақтар(Асықтар беру сыйлығы)
1.Қуанышты хабарды жеткізуші адам не алады?
2.Бала дүниеге келегенде қандай той болады?
3.Қай тойда беташар айтылады?
4.Үлкен адамдардың алдынан не істеуге болмайды?
5.Тойда не шашылады?
6.Кішкентай бала енді жүріп жатқанда қандай рәсім жасалады?
Сүйінші
Шілдехана
Үйлену тойында
Кесіп өтуге болмайды
Шашу
Тұсау кесу
Ғажайып сәт:
Сәлден соң есік қағылып, Әдемі қыз топқа кіреді. Бізге қонаққа Әдемі қыз келіпті.
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым-Әдемі қыз.Мен сендерге құр қол келгенім жоқ.Тапсырмалар ала келдім.
-Балалар, бізге Әдемі қыз суреттер алып келіпті.Сол суреттер бойынша сөйлесейік.Жама әдеттерді қара қалтаға саламыз.Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.(тақтаға ілдіру)
-Өте жақсы, енді екінші тапсырмам.
-Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?
-Қәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.
-Бұл үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?
Әдемі қыз:
Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Сендерге рахмет(топтан шығып кетеді)
-Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
3.Қорытынды: Үлкеннен бұрын сөйлемеу,алдын кеспей құрметтеу керек.
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса.
Үлкен болған кезіңде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайдын, кішіге қамқор болатын.Үлкенге орын беру, амандасу.