Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда. Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар. “Бабалар сөзі – тәрбие көзі” атты сауалнама-әңгімеміз қарт ата мен жас жігіт арасында болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни, қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып өз ойын айтып беруін көрсетеміз
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бабалар сөзі Кітапхананың оқу залы әдемі безендірілген. Көрнекті жерге Қазақстан Республикасының рәміздері ілінген. Қонақтар, оқырмандар осы залға жайғасуда. (Композитор Н.Тілендиевтің “Ата толғауы” күйі жаймен ойналып тұрады) 1-жүргізуші: Көп жасаған қария Ақылы теңіз-дария. Көп өнеге сөзі бар Сөзі – соқпақ, өзі нәр. Ата салты – ардақты, Әрбір сөзі – салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң Тістерсің бір күн бармақты. 2-жүргізуші: Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда. Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар. “Бабалар сөзі – тәрбие көзі” атты сауалнама-әңгімеміз қарт ата мен жас жігіт арасында болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни, қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып өз ойын айтып беруін көрсетеміз. 1-бала: - Арман деген не? – депті қария. - Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс -ұшсам дейді, бала - өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт. 2-бала: - Бақытты болу оңай ма? – депті қарт. - Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында – депті жігіт. - Жоқ балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен. 3-бала: - Дос табу оңай ма? – депті қарт. - Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын. - Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, - депті қарт. 4-бала: - Өмірде не жетім? – депті қарт. - Ата-анасы жоқ бала жетім – депті жігіт. - Дұрыс балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Ханы ақылсыз болса – халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім, суы жоқ - құдық жетім, ұлы жоқ - әке жетім, қызы жетесіз болса - ана жетім, досы жоқ -жігіт жетім, шәкіртсіз – ұстаз жетім. Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар; Ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды. 5-бала: - Үйде кім, елде кім қадірлі? - Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт. - Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар, - депті қарт. 6-бала: - Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? - Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт. - Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт. 7-бала: -Елді кім, үйді кім бүлдіреді? – депті қарт. - Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді. - Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдірер. Әкім – ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау - әкімге жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды, - депті қария. 8-бала: - Үйдегі алтын қазық кім? – депті қарт. - Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт. - Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт. 9-бала: - Өмір сүру үшін не қажет? – депті қарт. - Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті. - Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді, - депті қарт. 10-бала: - Шындықты не бұзады? – депті қарт. - Ата, шындықты тіл бұзады, - депті жігіт. - Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса, өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын, айтылған сөзді тоқтату қиын. Адал адам шындықты білсе, өсек қылады. Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады, - депті қарт. 11-бала: - Адамға ақыл беретін кімдер? – депті қарт. - Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт. - Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт. 12-бала: - Адамның ақылы қайда? – депті қарт. - Адамның ақылы тілінде, ата, - депті жігіт. - Жоқ балам, тіл ақылдың айнасы, ақыл істің пайдасы. Есіңде болсын, ханның ақылы тағында, әкімнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында, - депті қарт. 13-бала: - Достықты нығайтатын не? – депті қарт. - Ата достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады. - Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достың ақылдыға тән екенін ұмытпа. Өмірде дос болуды ойласаң “Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, рахмет, сау болыңыз, сәлем айтыңыз, рұхсат па” дегенді үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рахмет те айта біледі. Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді – депті қарт. 1-жүргізуші: Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі екенін, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын не екенімен таныстық және осындай ғибрат аларлық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар. 2-жүргізуші: Енді “Ескірмейтін есті сөз” айдары бойынша ойын-жарыс өткізіледі. Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған. Күнделікті өмірде ата-әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен? 1-бала: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған. 2-бала: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе. Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар. 3-бала: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген. 4-бала: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді. 5-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме. 6-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады. 7-бала: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады. 8-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады. 9-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі. 10-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін. 11-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма. 12-бала: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды. 13-бала: Адамға ажал шақыратын мына ырымдар: Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды. Мойынға бос арқан салмайды. Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды. 14-бала: Тәңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып (тамақ ішіп) шық. Себебі “таңғы тамақ тәңірден” деген сөз бар. 15-бала: Дастарханды баспа, аттама. 16-бала: Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды. Міне осындай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап, орындап жүруіміз қажет. (Музыкалық үзіліс) 1-жүргізуші: - Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Қонақтар мен оқушылар болып сайысқа түсеміз. Сұрақтарға жауап беру кезегін алдымен қонақтарға береміз, соңынан оқушылар толықтырады. 2-жүргізуші: Жерден ауыр не бар? Судан терең не бар? Оттан ыстық не бар? Көктен биік не бар? (Қонақтар жауабы тыңдалады) Оқушы: Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім, Судан терең дегенім – оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі. Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі
1-жүргізуші: Алты алаш деген не? Оқушы: - Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан. 2-жүргізуші: Дүниеде не жетім? Оқушы: Жаңбыр жаумаса – жер жетім, Басшысы болмаса – ел жетім. Ұқпасқа айтылған – сөз жетім 1-жүргізуші: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты? Оқушы: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты. 2-жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім? Оқушы: Тату болса – ағайын жақын Ақылшы болса – апайың жақын Бауырмал болса – інің жақын. Инабатты болса – келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын – қарындасың. 1-жүргізуші: Дүниеде не қымбат? Оқушы: Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-береке – атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді – апаң қымбат. Бәрінен де ұят пенен ар қымбат. 2-жүргізуші: Дүниеде не қиын? Оқушы: Арадан шыққан – жау қиын. Таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын. Жазылмаған дерт қиын. Іске аспаған серт қиын. Ақылынан адасып, Өзің түскен өрт қиын. Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас миың. (Музыкалық үзіліс)
1-жүргізуші: Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады. (Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады) 1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің) 2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа) 3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар) 4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді) 5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген) 6. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі) 7. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын), 8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз). 9. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын). 10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер). 11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың) 12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар) 13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады). 14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл) Осыдан соң сайыстың қорытындысы шығарылады. 1-жүргізуші: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар. 1-оқушы: Атам - кітап, мен - дәптер, Ақыл толы сөзіне. Қызығам да әлбетте Көшіремін өзіме. 2-оқушы: Еш дүкенде сатылмас, Тегін кітап атамыз. Қанша оқысаң сарқылмас Өмір – кітап – атамыз. 3-оқушы: Беттер ашық ұдайы, Оқылатын кітап ол. Сырын ашып ұдайы Тоқылатын кітап ол.