kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-баба д?ст?рі -?рпа??а ?неге

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Ата – баба д?ст?рі – ?рпа??а ?неге!
Ма?саты: Салт – д?ст?р ар?ылы балаларды? бойына м?дени, рухани ж?не адамгершілік ??ндылы?тарды дарыту. Хал?ымызды? ?асырдан - ?асыр?а жал?асып келе жат?ан салт - д?ст?рі – «Т?сау кесу» р?сімін д?ріптеу.

Барысы: Музыка ?уенімен балалар зал?а кіреді.

Ж?ргізуші: Балалар, б?гін ерекше к?н. Бізді? т?рбиелік іс - шарамыз?а ?она?тар келіп отыр. Олай болса, балалар, ?она?тармен амандасайы?.
Балалар ?олдарын к?теріп кеудесіне ?ояды.

К?нні? к?зі ашылсын,
К?кке шуа? шашылсын.
??тты ?она? келіпті,
Т?рімізге еніпті.
Амандасу ?лкенге,
Т?рбиені? басы ?ой.
Ал, ?анекей б?ріміз,
С?лем дейік ?лкенге.
С?леметсіздер ме, апайлар!
Ж?ргізуші: Армысыздар, ??рметті ?она?тар! №2 «Айг?лек» балаба?шасыны? «Ата - баба д?ст?рі – ?рпа??а ?неге» атты т?рбиелік іс - шарамыз?а ?ош келіпсіздер!
?аза?ымны? салт - д?ст?рі жа??ыр?ан,
Т?лімді ой сына?ы, т?рбие к?зі ?алдыр?ан.
Салт - д?ст?рді арда?тайы? а?айын,
?аза? атты ?лкен, кіші, балдыр?ан.
Жиналыппыз с?тті к?ні б?ріміз де,
?лкен, кіші, жасымыз, к?рімізде.
Т?рлеті?із, ?адірменді ?она?тар,
Г?л - г?л жайнап мына бізді? т?рімізге.
- Балалар, біз ?аза?ты? ?лдары мен ?ыздарымыз. Сонды?тан, біз ?лтымызды? ата - бабамыздан жал?асып келе жат?ан салт - д?ст?рлерімізді ?мытпауымыз керек. Балалар, ?аза? хал?ы с?з ?адірін біліп, ?астерлеп ?неге т?т?ан. Салт - д?ст?рлеріміз, ма?ал – м?тел, ж?мба?, айтыс ?нері ?рпа?тан - ?рпа??а к?ні б?гінге дейін жал?асып келеді.
Балалар, б?гін бізді? т?рбиелік іс – шарамыз ата - д?ст?ріміз бен ?неріміз туралы ?ткізілмек. Балалар, сендер Отан, е?бек, ?нер туралы ма?ал – м?телдер білесі?дер ме?
?сел.
Ту?ан жердей жер болмас,
Ту?ан елдей ел болмас.
Н?рсаят.
Отан – оттан да ысты?.
Елнар.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Д. Н?рай.
?лсіз ат с?ріншек,
А?ылсыз адам еріншек.
Бекзат.
Е?бек - ?нер ?рісі,
?нер - ?мір жемісі.

Ж?ргізуші: ?ымбатты ?она?тар, біз ?аза? хал?ы ?нге де, биге де ?те бай, ?нерлі халы?пыз. Сонды?тан да, ?азір бізді? балалар сіздерге ?н айтып береді.
Хор. «?аза? ?ызы»
Ж?ргізуші: Ал енді балалар, ?азір сендермен бірге «Кім зейінді?» деген ойынды ойнап жіберейік.
Ойынны? шарты: Мен сендерге с?ра? ?оямын, сендер жауап бересі?дер.
С?ра?тар: 1. ?уанышты хабарды жеткізуші адам не алады?
(с?йінші)
2. Бала д?ниеге келгенде ?андай той болады?
(шілдехана)
3. ?ай тойда беташар айтылады?
(?йлену тойында)
4. ?лкен адамдарды? алдынан не істеуге болмайды?
(кесіп ?туге болмайды)
5. Тойда не шашылады?
(шашу)
6. Кішкентай бала енді ж?ріп келе жат?анда ?андай р?сім жасалады?
(т?сау кесу)
Ж?ргізуші:
К?йлектері тал бойына жарас?ан,
Сымбаттары ай мен к?нге талас?ан.
Б?лдіршіндер ортада би билейді,
?имылы мен ?уені ?йлес тап?ан.
Би. «?кілі ?ыз»
Орындайтындар:

Ж?ргізуші: Балалар, ерте кезден той - думанды ?ыздырып ж?рген тіл ?неріні? бір т?рі – айтыс. Айтыс ар?ылы а?ындарымыз ?здеріні? ойларын, халы?ты? м?? – м??тажын, ?здеріні? ?зілдерін ?ндетіп жеткізген. ?азір сол айтысты? бір т?рі «?ыз бен жігіт» айтысынан ?зінді тамашалайсыздар.
Ортада
?лібек.
Балаба?ша тойында,
Кім айтысар менімен.
Айтыс, айтыс болады,
Айтыс?анда те?імен.
Г?лсая.
Айтыс, айтыс болады,
Шы?са а?ын те?імен.
Шешен болса? к?рейін,
Айтысып к?р менімен.
?лібек.
Бес н?рседен ?ашы? бол,
Бес н?рсеге асы? бол.
?оса алды? ба м?н беріп,
?анша болды санап к?р.
Г?лсая.
Бесті беске ?ос?анда,
Он болады ей.
Сен дейсі? бе сауса?ын,
Санай алмай ж?ретін.
Екеуі ?осылып: Білім, ?ылым ?нерге,
?анат ?а?ар кезіміз.
Ата салтын ерте?ге,
Жеткізетін ?зіміз.

Ж?ргізуші: Балалар, бізді? ана тіліміз – ?аза? тілі. ?лтымыз ?аза?. Біз ?аза? бол?анымыз ?шін ма?тануымыз керек. Себебі, біз ?з дінімізді, тілімізді, салт – д?ст?рімізді жо?алт?ан жо?пыз. ?азір мен б?лдіршіндерімізді орта?а ша?ыр?ым келіп т?р. Балалар, ана тіліміз туралы ?ле? шума?тарын айтып береді.
Бірханым.
Ана тілім ж?регісі? анамны?,
Ана – ж?рек бір ?зі?нен жаралдым.
Са?ат сайын саулы?ы?ды тілеймін,
Сенсіз ма?ан керегі жо? ?аламны?.
Сені? ?рбір тынысы?нан к?н кешем,
Сен ар?ылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне ?алай тура ?араймын,
Ана тілім егер сені білмесем.
?лібек.
Тілім барда, ?аза?ым бар, хал?ым бар,
Д?ст?рім бар, ата жолы салтым бар.
Ке? даламдай жиналма?ан шал?айы,
А??ау ашы? мінезім бар а??ылда?.
Ту?ан тілде сыры тере? жаным бар,
Ту?ан тілде ?нім менен с?нім бар.
Ту?ан тілім тіл болудан ?алса егер,
Ж?регімді суырып - а? алы?дар.
Д. Н?рай.
Жермен бірге тілімді,
Бабалар жаудан ?ор?а?ан.
Айтатын болсам шынымды,
Б?рінен ?ымбат ол ма?ан.
Мемлекеттік тілім деп,
К?ктегі жары? к?нім деп.
Анамдай сені к?ремін,
Алдымнан шы?ар к?лімдеп.
Ж?ргізуші:
?йы?тап жат?ан ж?ректі ?н оятар,
Оны? т?тті орал?ан м?ні оятар.
Кейі сауы?, кейі м?? дертін ?оз?ап,
Жас балаша к??ілді жа?сы оятар.
Жерлес сазгер Н. Ал?ашбаевты? «Егеменді ?аза?стан» ?ні, орындайтын
(Шашу шашып, немересін ерткен ?же кіріп келеді).
?же: А? санды?ты ашайын,
Шашу, шашу шашайын.
Б?л мереке ?лы той,
Баста??ыны бастайын.
Ж?ргізуші: С?лембердік, ?же! Бізді? балаба?шамыз?а ?ош келіпсіз. Балалар, ?жемізге с?лем берейік.
(Балалар ?жемен амандасады)
?же: Армысы?дар, балалар! ба?ытты болы?дар. Мен осы балаба?шада салт – д?ст?р туралы іс - шара ?тіп жатыр деген со? немеремді ертіп келдім. Мен мына жа?адан т?й - т?й басып, ж?ріп келе жат?ан немеремні? т?сауын ?за? жылдар бойы жас ?рпа?ты білім н?рімен сусындатып, т?уелсіз елімізге ?з ?лесін ?осып, ана тілімізді? м?ртебесін к?теріп ж?рген Н?рбибі ?ызыма кестіргім келіп отыр. Осы немерем т?тесі сия?ты еліне елеулі, хал?ына ?алаулы азамат болса екен деп тілеймін.
(Т?сау кесу р?сімі жасалады)
?аз - ?аз, балам, ?аз балам,
?адам басса? м?з болам.
К?рмеуі?ді шешейін,
Т?сауы?ды кесейін.
?аз - ?аз, балам, ?аз, балам,
Та?ымы?ды жаз, балам.
?адамы?а ?арайы?,
Бас?аны?ды санайы?.
?аз - ?аз, балам, ж?ре ?ой,
Балтыры?ды т?ре ?ой.
Тай - ??лын боп шаба ?ой,
Озып б?йге ала ?ой.
?аз баса ?ой, ?ара?ым,
??тты болсын ?адамы?!
?мірге ая? баса бер,
Асулардан аса бер.
Ж?гіре ?ойшы, ??лыным,
Желбіресін т?лымы?.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Ж?ргізуші: ?ымбатты ?она?тар. Той бол?ан со? ауылды? алты ауызынсыз ?тпейді. ?азір орта?а кішкене б?лдіршіндерімізден ??рал?ан «Айг?лек» оркестрін орта?а ша?ырамын.
Оркестрді? орындауында халы? ?ндерінен «Попури»
Ж?ргізуші: Н?рбибі апай мен аналарымызды? ??рметіне «Айг?лек» балаба?шасыны? ж?лдызы, облысты? «Бота?ан» бай?ауыны? дипломанты Алданазарова Н?райды? орындауында «Жан анам» ?ні
Ж?ргізуші: Ке? байта?, к?з жетпейтін жерім мені?,
Таулы орман, жасыл жайлау к?лім мені?.
Б?гінде бар ?лемге да??ы? жетті,
Т?уелсіз ?аза?стан – елім мені?!,- дей отырып, балаларымызды? дайында?ан «Жаса, ?аза?стан!» композициясын тамашала?ыздар.
Ж?ргізуші:
?дет – ??рып, салт – д?ст?рі ?аза?ты?,
Жарасымды, ?насымды ?ажап шы?.
?мыт бол?ан д?ст?рлерді са?тайы?,
Насихаттап, жа?артудан ?ашпайы?.
Ата салтым, асыл м?рам, арда?ым,
Бабаларды? жал?астырар арманын.
Сан ?асырда ?алпын б?збас ?адірім,
?ткенімді б?гінменен жал?адым.

??рметті ?она?тар, апайлар, сіздер б?гін «Ата – баба д?ст?рі – ?рпа??а ?неге» атты іс - шарамызды тамашалады?ыздар. ?аза? хал?ыны? ?рбір т?жырымды ойы, ма?ал – м?телі, тиым с?здері – т?рбиені? мол м?расы екендігін, оны? к?нделікті ?мірде ?ажеттілігін к?рдік. Хал?ымызды? ?де т – ??рып пен д?ст?рін, тарихын біліп, оны ?астерлеп, б?гініміз бен келешегімізді? ?айнар к?зіне айналдыру ?р?айсымызды? азаматты? борышымыз. Осымен б?гінгі іс - шарамыз ?з м?ресіне жетті. Уа?ыт б?ліп келгендері?ізге к?п – к?п рахмет. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын. Сау болы?ыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-баба д?ст?рі -?рпа??а ?неге»

Тақырыбы: Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге!
Мақсаты: Салт – дәстүр арқылы балалардың бойына мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарды дарыту. Халқымыздың ғасырдан - ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрі – «Тұсау кесу» рәсімін дәріптеу.

Барысы: Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің тәрбиелік іс - шарамызға қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар қолдарын көтеріп кеудесіне қояды.

Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! №2 «Айгөлек» балабақшасының «Ата - баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» атты тәрбиелік іс - шарамызға қош келіпсіздер!
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.
- Балалар, біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз. Сондықтан, біз ұлтымыздың ата - бабамыздан жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Балалар, қазақ халқы сөз қадірін біліп, қастерлеп өнеге тұтқан. Салт - дәстүрлеріміз, мақал – мәтел, жұмбақ, айтыс өнері ұрпақтан - ұрпаққа күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Балалар, бүгін біздің тәрбиелік іс – шарамыз ата - дәстүріміз бен өнеріміз туралы өткізілмек. Балалар, сендер Отан, еңбек, өнер туралы мақал – мәтелдер білесіңдер ме?
Әсел.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Нұрсаят.
Отан – оттан да ыстық.
Елнар.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Д. Нұрай.
Әлсіз ат сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Бекзат.
Еңбек - өнер өрісі,
Өнер - өмір жемісі.

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, біз қазақ халқы әнге де, биге де өте бай, өнерлі халықпыз. Сондықтан да, қазір біздің балалар сіздерге ән айтып береді.
Хор. «Қазақ қызы»
Жүргізуші: Ал енді балалар, қазір сендермен бірге «Кім зейінді?» деген ойынды ойнап жіберейік.
Ойынның шарты: Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап бересіңдер.
Сұрақтар: 1. Қуанышты хабарды жеткізуші адам не алады?
(сүйінші)
2. Бала дүниеге келгенде қандай той болады?
(шілдехана)
3. Қай тойда беташар айтылады?
(үйлену тойында)
4. Үлкен адамдардың алдынан не істеуге болмайды?
(кесіп өтуге болмайды)
5. Тойда не шашылады?
(шашу)
6. Кішкентай бала енді жүріп келе жатқанда қандай рәсім жасалады?
(тұсау кесу)
Жүргізуші:
Көйлектері тал бойына жарасқан,
Сымбаттары ай мен күнге таласқан.
Бүлдіршіндер ортада би билейді,
Қимылы мен әуені үйлес тапқан.
Би. «Үкілі қыз»
Орындайтындар:

Жүргізуші: Балалар, ерте кезден той - думанды қыздырып жүрген тіл өнерінің бір түрі – айтыс. Айтыс арқылы ақындарымыз өздерінің ойларын, халықтың мұң – мұқтажын, өздерінің әзілдерін әндетіп жеткізген. Қазір сол айтыстың бір түрі «Қыз бен жігіт» айтысынан үзінді тамашалайсыздар.
Ортада
Әлібек.
Балабақша тойында,
Кім айтысар менімен.
Айтыс, айтыс болады,
Айтысқанда теңімен.
Гүлсая.
Айтыс, айтыс болады,
Шықса ақын теңімен.
Шешен болсаң көрейін,
Айтысып көр менімен.
Әлібек.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Қоса алдың ба мән беріп,
Қанша болды санап көр.
Гүлсая.
Бесті беске қосқанда,
Он болады ей.
Сен дейсің бе саусағын,
Санай алмай жүретін.
Екеуі қосылып: Білім, ғылым өнерге,
Қанат қағар кезіміз.
Ата салтын ертеңге,
Жеткізетін өзіміз.

Жүргізуші: Балалар, біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ұлтымыз қазақ. Біз қазақ болғанымыз үшін мақтануымыз керек. Себебі, біз өз дінімізді, тілімізді, салт – дәстүрімізді жоғалтқан жоқпыз. Қазір мен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырғым келіп тұр. Балалар, ана тіліміз туралы өлең шумақтарын айтып береді.
Бірханым.
Ана тілім жүрегісің анамның,
Ана – жүрек бір өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің әрбір тынысыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.
Әлібек.
Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даламдай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
Д. Нұрай.
Жермен бірге тілімді,
Бабалар жаудан қорғаған.
Айтатын болсам шынымды,
Бәрінен қымбат ол маған.
Мемлекеттік тілім деп,
Көктегі жарық күнім деп.
Анамдай сені көремін,
Алдымнан шығар күлімдеп.
Жүргізуші:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар.
Кейі сауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы оятар.
Жерлес сазгер Н. Алғашбаевтың «Егеменді Қазақстан» әні, орындайтын
(Шашу шашып, немересін ерткен әже кіріп келеді).
Әже: Ақ сандықты ашайын,
Шашу, шашу шашайын.
Бұл мереке ұлы той,
Бастаңғыны бастайын.
Жүргізуші: Сәлембердік, әже! Біздің балабақшамызға қош келіпсіз. Балалар, әжемізге сәлем берейік.
(Балалар әжемен амандасады)
Әже: Армысыңдар, балалар! бақытты болыңдар. Мен осы балабақшада салт – дәстүр туралы іс - шара өтіп жатыр деген соң немеремді ертіп келдім. Мен мына жаңадан тәй - тәй басып, жүріп келе жатқан немеремнің тұсауын ұзақ жылдар бойы жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәуелсіз елімізге өз үлесін қосып, ана тіліміздің мәртебесін көтеріп жүрген Нұрбибі қызыма кестіргім келіп отыр. Осы немерем тәтесі сияқты еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болса екен деп тілеймін.
(Тұсау кесу рәсімі жасалады)
Қаз - қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз - қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз - қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай - құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар. Той болған соң ауылдың алты ауызынсыз өтпейді. Қазір ортаға кішкене бүлдіршіндерімізден құралған «Айгөлек» оркестрін ортаға шақырамын.
Оркестрдің орындауында халық әндерінен «Попури»
Жүргізуші: Нұрбибі апай мен аналарымыздың құрметіне «Айгөлек» балабақшасының жұлдызы, облыстық «Ботақан» байқауының дипломанты Алданазарова Нұрайдың орындауында «Жан анам» әні
Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!,- дей отырып, балаларымыздың дайындаған «Жаса, Қазақстан!» композициясын тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Әдет – ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
Ата салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Құрметті қонақтар, апайлар, сіздер бүгін «Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» атты іс - шарамызды тамашаладыңыздар. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал – мәтелі, тиым сөздері – тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әде т – ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің қайнар көзіне айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Осымен бүгінгі іс - шарамыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын. Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ата-баба д?ст?рі -?рпа??а ?неге

Автор: Шалабаева Айдана Кудайбергеновна

Дата: 28.02.2016

Номер свидетельства: 300155


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства