Мотивациялық қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңi Шаттық шеңберіҚайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы бәрің сондай қуанышты, бір – біріне күліп қарап, ақ жарқын болып тұрсыңдар. «жанды сөз жанды жадыратады» - демекші біз бүгін бір – бірімізге мақтау айтайық. -Мен саған бақыт тілеймін!, Ата-анаңа сыйлы бол!, Денсаулығың мықты болсын!, т.б. | Балалар, тәрбиешімен күлімсіре амандасады. Шаттық шеңберін мұқият тыңдайды.
Балалар қызығушылық-пен сабаққа қатысып, бір-біріне қуаныш тілейді. |
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
| Сұрақ -Балалар,сендер бір-бірлеріңе жақсылық тілегенде қандай әсерде болдыңдар? -Қандай адамды жақсы тату адам деп атайды? -Тату- тәтті өмір сүретін адам болу үшін не істеу керек? -Сыйласу керек. -Адамдарды құрметтеу керек. -Көмектесу керек. -Қамқорлық көрсету керек. -Барлығын жақсы көру керек. -Қорытынды:Ендеше балалар бір-бірімізге үнемі жақсылық тілеп,тату болып жүрейік. Балалар, әрқашан үлкендерге, достарыңа көмектесіп, қолқанат болсаңдар, сыйласыңдар, сендерден тәрбиелі, мейірімді жақсы азамат шығады.Әңгiмелеу «Үш ұл» әңгімесін оқып әңгімелеу. Ертеде үш ана үш баласымен құдық басына су алуға келеді.Бірінші бала доп теуіп,өнерін көрсетіп,мақтанып келеді.Анасы мақтанып,менің балам фудбол ойнайды деп мақтанады. Екінші бала секіріп,неше түрлі қимылдар көрсетеді.Ол баланыңда анасы да менің балам гимнаст деп мақтанады. Үшінші баланың анасы не дерін білмей тұрғанда,баласы келіп анасының қолындағы суын алады. Сұрақтар: -Сендерге осы балалардың қайсысы ұнады? Неліктен? -Өздерің аналарыңды қалай сыйласыңдар? Қорытынды:Ендеше балалар анамызға деген сүйіспеншілігімізді аямайық. Дәйек сөз Жақсы бала – қуаныш. Сұрақтар: «Жақсы бала» дегенді қалай түсінесіңдер? Неліктен жақсы бала дейміз? Жақсы бала болу арқылы біз өзімізді дұрыс әрекетке шақыра аламыз ба? Қорытынды:«Жақсы бала-қуаныш» нақыл сөзінен түйетін ой ол жақсы бала айналасына қуаныш сыйлай отырып, өзін және өзгелерді адамгершілік қасиетке шақырады. Сергіту сәті Бір саусағым тіпті де Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Дәптермен жұмыс. Суретті сызықшалардың көмегімен қосу. -Балалар, тамаша жұмыстарыңды аяқтасаңдар осы сурет бойынша қандай қасиеттерді меңгердіңдер? -Сынған ағашты сызықшалар арқылы байлау арқылы біз дұрыс әрекет жасадық. Ойын «Өтінемін» ойыны бойынша Мен сіздерге сиқырлы сөздің бірі «өтінемін» сөзін айтсам, онда орындайсыздар. Егер мен «өтінемін» сөзін айтпсам, онда орындамайсыздар. Секіріңіздер. Өтінемін, қол шапалақтаңыздар. Оң аяқтарыңызды көтеріңіздер. Өтінемін, оң жақтағы көршіңізге қараңыздар. Қолдарыңызды ұстаңыздар. Өтінемін, отбасы болып құшақтасыңыздар. | Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық әрі нақты жауап қайтарады. «Үш ұл» әңгімесін мұқият тыңдайды. Әңгіме желісі берілген сұрақтарға жауап береді. Дәйексөзді жаттайды. Дәйексөз желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Балалар, сергіту сәтін өлеңді қайталай отырып, қимылдарын жасайды. Дәптерде берілген жұмысты қызығушылықпен орындайды. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
Рефлексивті- түзетушілік
| Топпен ән айту Музыка қосылып, «Ақпыз, қара, сарымыз-ағайынбыз бәріміз!» әнін орындау. Ғажайып сөздер Татулық, жақсылық отбасынан басталады. Соңғы тыныштық сәтi Баяу әуенді қосып, төмендегі сөзді баяу оқу. Әдеп сақта әманда Әрбір адал адамға Жасасаң жақсылық Қайтарады саған да. Бүгінгі сабақта біз адамдардың бір – біріне деген ыстық ықыласын нағыз адамға тән қасиет екенін түсіндік, адамгершілік, мейірімділік, татулық сияқты қасиеттер мен дұрыс әрекет құндылықтарын игердік. |
Балалар әуенге қосылып, тәрбиешімен бірге ән айтады. Балалар тәрбиешімен шеңберге тұрып өлең жолдарын айтады |