1.Білімділігі: Б дыбысы ж?не ?ріп та?басымен таныстыру.
2.Дамытушылы?ы: Балаларды Б дыбысы бар с?з, с?йлем ойлап табуына назар аудару с?здік ?орынына м?н беріп, ?иялын дамыту. ??ыптылы??а,сауатты жазу?а т?рбиелеу.
Саба?ты? п?наралы? байланысы: тіл дамыту, сурет ж?не ?орша?ан орта
Саба?ты? ж?рісі:
І. ?йымдастыру.
- Балалар б?гінгі бізді? саба?ымыз?а алыстан ?она? келеді. Оны жа?сылап ?арсы алайы?. ?она?ты? сендерге алып келе жат?ан ??нды базарлы?ы бар. Егер де сендер саба??а жа?сы ?атысып, ?она??а к?мектессе?дер, ол тез келетін болады. Мен ?ой?ан с?ра?тар?а д?рыс жауап беріп, тапсырмамды д?рыс ?рі тез орындаса?дар, ?она?ты? атын айтып беремін.
Просмотр содержимого документа
««Б дыбысы мен ?ріпі» »
Білім беру саласы: «Қатынас» Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекет түрі: Сауат ашу және жазу
Сабақтың тақырыбы: Б б дыбысы, әрпі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.
2.Дамытушылығы: Балаларды Б дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару сөздік қорынына мән беріп, қиялын дамыту. Ұқыптылыққа,сауатты жазуға тәрбиелеу.
3.Тәрбиелігі: Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, «Балдырған» журналын үлгі ету.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тіл дамыту, сурет және қоршаған орта
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
- Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан қонақ келеді. Оны жақсылап қарсы алайық. Қонақтың сендерге алып келе жатқан құнды базарлығы бар. Егер де сендер сабаққа жақсы қатысып, қонаққа көмектессеңдер, ол тез келетін болады. Мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмамды дұрыс әрі тез орындасаңдар, қонақтың атын айтып беремін.
Балалар, менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Енді, уәде бойынша, мен сендерге қонақтың суретін көрсетейін.
(Бақаның суретін тақтағы ілу).
Қане, бақа деген сөзде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
Б дыбысы (баспа, жазба түрлерін көрсету).
Б-Б-Б (хормен айытқызу)
Б – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
Б – дауыссыз дыбыс (б әрпін көк үйшікке салу).
Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Б әрпін жазу. Тақтаға жазбаша түрін жазып көрсету.Ауада жазу. Дәптерге бастырып жаздыру.Өте жақсы балалар,бұл тапсырманы да жақсы орындадық.
(Оқушы назарын суретке аудару).
«Бақа мен бала».
Бақа бізге келе жатса, алдынан бала шығады да, былай дейді:
Ал, бақалар, бақалар,
Бізде қызық ойын бар.
Қане, тәртіп сақтайық
Балаларға барайық,
Батыл атта, бастайық!
Баланың тапсырмасы: - Өлеңдегі Б дыбысы естілетін сөздерді ажыраттыру.
Баламен қоштасып, бақа әрі қарай жүреді.
Балалар суда жақсы көрінетін мынау не? (балық)
Қараңдаршы ол қандай? (Сиқырлы,алтын)
Ендіше бүгін бізге қонаққа алтын балық келіпті.
Бақаның тапсырмасы: Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс ? (Б) Айтып көрейікші (Б). Дауысты ма, Әлде дауыссызба?
Осы сөзді буынға бөліп көрейікші?
2 буын бар.Ендеше дауысты дыбыс нешеу ? (2)
Жақсы балалар алтын балықтың тапсырмасы бар екен.
Балықтың тапсырмасы:
«Мына сиқырлы қаламшамен сіздер б – әріпінен басталатын сөздер жазып беріңдерші» - дейді алтын балық.
Р
О
Б
Сиқырлы әріптер шашу : Б.А.Р.Л.Қ.О.Ы.А . Балық. Бор. Бала.
Талдап кету. Әр баланы сөйлету. Оқытып шығу.
Өте жақсы балалар. Алтын балықтың тапсырмасын жақсы орындадық . Алтын балық тағы ары қарай барайық деп тұр , ендеше алтын балықтың соңынан жүрейік.
IV. Сергіту сәті.
Балық,балық балықтар,
Қане қатар тұрыңдар.
Қанаттарыңды ашыңдар,
Бұлай –бұлай малтыңдар.
Бір, екі,үш,төрт ,бес,
Орыңдарыңды табыңдар тез.
Өте жақсы, бұл тапсырманы өте жақсы орындадық.
Балалар балық тағы сыбырлайды , енді бізге сиқырлы балық ойын ойнаймыз дейді. Ойнаймыз ба?
Балықтың ойыны:
«Қатені тап.»
Балаларды екі топқа бөліп ,әртүрлі суреттер беру.Сол суреттерден Б және М әрпіне байланысты сөздерді тауып тақтаға ілу.(бақа, балық, бала)(мысық, машина,маймыл,т.с)
Өте жақсы балалар,бұл тапсырманы да жақсы орындадық.
Алтын балықтың енді біздің соңғы тапсырмасы:
«Топтастыру».
Жануар Үй құсы
(бота) (Балапан)
Өсімдік Зат
(бәйшешек) (Бағдаршам)
Жеміс-жидек Оқу құралы
(банан) (Бор)
V.Нашар оқушылармен жұмыс.
Үлестірме қағаздар: Сөздердегі Б әрпінің астын қаламмен сызып шығуы керек және сол туралы не білетінін айту.
VI. Сабақты қорыту.
Балықтың базарлығы «Балдырған» журналымен таныстыру, онымен дос болуға шақыру.
Бүгін біз сонымен қай дыбысты үйрендік?
Б дыбыс мен әрпі.
VII. Үйге тапсырма.
Оқушыларға б-дан басталатын суретін тарату.
Әр суреттің артында сөздер жазылған. Сол сөздердің жазылуын жаттап келу.
VIII. Күтілетін нәтиже:Балалар Б б дыбысымен толық танысты
Қандай түсініктерді игерді: Топпен жұмыс жасауды, бір-біріне көмек беруді, мұғалімнің айтқанын тыңдауды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Буынға бөлуді, суреттермен жұмыс жасауды, әріпті жазуды үйренді.