Дәлелдеп талаптану | Ұйымдастыру кезезеңі. Шаттық шеңбері. Қайырлы таң, қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін! Амансыз ба ағайлар Амансыз ба апайлар Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық бәріміз, Арайлап атқан күнге! 1,2,3- Сынып іші тып-тыныш, Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. Балалар сендердің бүгінгі көңіл-күй- лерің қандай? Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? -Балалардың көңіл-күйін смайлик арқылы анықтау. Балаларды екі топқа бөлу 1-топ дауысты дыбыстар тобы 2-топ дауыссыз дыбыстар тобы | Қонақтармен амандасады, Дөңгеленіп шеңбер құрады, дауыстап айтады, жасайды. Бәрі қуанып қол шапалақтайды -тамаша,өте жақсы дайынбыз өздері таңдайды, өте қуанышты екендерін білдіреді. Өздеріне ұнаған жұлдызшаларды таңдап алу арқылы бөлініп отырады тапсырмалар орындайды |
Ұйымдастыру ізденістер | 1-тапсырма Ойланайық кім тапқыр? Жұмбақ шешу. Ақ сарайын талқандап, Шықты біреу талтаңдап. 2.Қанаты бар ұшпайды, Су астында қыстайды. 3. Көлігі жоқ көшеді, Өзін кезбе деседі. 4. Күндіз төбеге шығады, Түнде шегеге шығады. Балалар осы сөздердердің бәрі қандай дыбыстан басталып тұр? Дұрыс айтасыңдар ендеше біз бүгін жаңа дыбыспен танысамыз ол «Бб» дыбысы. Қане бәріміз дауыстап айтайықшы. Б-дыбысы дауыссыз дыбыс себебі ол созылмайды айтылу кезінде кедергілерге ұшырайды. Балаларға электронды тақтамен «Бб» әріпін таныстыру, түсіндіру. Суреттер арқылы «б» дыбысына ой шақыру. Б дыбысының баспа түрімен таныстыру. Сергіту сәтін жасату. 2-тапсырма. Суретпен жұмыс. Екі топтың балаларына ортақ сурет беріледі, суретке сөйлем құрайды, сөзге дыбыстық талдау жасату. 3-тапсырма Кім жылдам? Әр балаларға таяқшалар беріліп әріптер құрайды, сөздер құрайды. Сергіту сәті 4-тапсырма Әріптерге санамақ айтқызу, мәнерлеп айтуға үйрету Сабақты қорытындылау: Балалар біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? «Б» дыбысы қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде келеді? Біз бүгін қандай тапсырмалар орындадық? Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Балаларды бағалау, мадақтау, | -Балапан. -Балық -Бұлт -Бөрік Ойланады, айтады Б-дыбысынан басталған -б-б-б хормен айтады -тақтадағы сөздерді қосылып айтады -суреттерді өздері іледі қосылып айтады -тыңдайды, айтады -әуенге қосылып жасайды, қуанады. -Менің әкем балық аулады, балық өте дәмді. Ба-лық 5-дыбыс, 2-буын. Ба-ла-пан 7-дыбыс,3-буын. -А,У, Ш, Т, Л, Қ, Бақа, бал ,тау -Бәрі қимылмен жасайды -хормен: Далада қар борайды Ақ мамыққа орайды, Мұз болады қатады, Жып-жылтыр боп жатады. Б-дыбысымен таныстық Ол дауыссыз дыбыс Басында, ортасында, Аяғында Жұмбақ шештік, Сөйлем құрадық, Санамақ айттық Әріптер құрадық. Иә ұнады. . |