Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | - Балалар, мен өлең оқып берейін, сендер өлеңнің қай мезгілге арналғанын айтыңдар. Айналама ұшып жүр, Ақ мамық қар себелеп. Қалт – құлт еткен бейне бір, Ақ қанатты көбелек. (З.Шүкіров) - Өлеңде не туралы айтылған екен? | Балалар ынта қойып, қыс мезгіліне арналған өлең екенін айтады. - Қар жауды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | - Қыс мезгілінде неше ай бар? - Қыс мезгілі ұнай ма, несімен ұнайды? - Мына суреттке қарап әңгіме құрайық. Суретке қарап көрген өз қиялдарымне толықтырып, әңгіме құрап көріңдер. - Суретке мұқият қарап, тақырып қойыңдар.Сендер суретте шанамен сырғанап жүрген балаларды, коньки теуіп жүрген баланы көріп отырсыңдар, балаларға ат қоя отырып әңгіме құрадыңдар. Бұл суретің тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіңдер. - Ия, дұрыс айтасыңдар. Сендердің ойларыңды қорыта келе, бұл суреттің тақырыбын «Ажарлы қыс» десек қайтеді, келісесіңдер ме? - Балалар «ажарлы» сөзі «көрікті, әсем, тамаша, сұлу» деген мағынаны білдіреді. - Енді өздерің осы ажарлы қыс мезгіліне өз қиялдарыңмен әңгіме құраңдар. Сергіту сәті: Қар борайды оң жақтан Қар борайды сол жақтан Қар атысып ойнасақ Су өтпейді қолғаптан «Көңілді қыс» өлеңі оқылады. Қонақтайды бақтарға, Ақ көбелек, ақ мамық, Аунап таза ақ қарға, Балалар жүр мақтанып. Тазартып бар кір, шаңын, Қыс өнерін бастады, Терезеге қыраудан Сурет салып тастады. Билингвальды компонент: Шана – сани, шаңғы – лыжи, ақ мамық –белый пушистый, аққала – снеговик. -Балалар сендер құраған әңгімелерің сөйлемнен тұрады, ал сөйлем сөзден құралады. Сөз - деген айтылатын бір ой. Егер сен «қыс», «қар» « шана» деген сөздерді ойлап айтсаң, сол сөзді өрбітіп сөйлем құрауға болады. Сөйлем деген – тиянақты жинақталған бір ой. Сөйлемдер сұраулы. хабарлы, лепті болып бөлінеді. Әр сөйлемнің өз белгілері бар. Сұраулы сөйлемге сұрақ белгісі қойылады Мыс: қайдан келдің? Хабарлы сөйлемнен соң леп белгісі қойылады. Мыс: Алақай!,Алақай! - Енді біз сөз, сөйлем деген не екенін білеміз. - «Қима суретті орналастыру!» дидактикалық ойын: Ойын шарты: Берілген қима суретті орналастырып табу керек. Жеке жұмыс жүргізілді. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 5 тапсырма орындалады. Жаңылтпаш қайталау. Жапалақтап, қаптап ақ қар жауды. Алқапты аппақ ақ қар жапты. | - Қыс мезгілінде үш ай бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан. - Қыс мезгілі бізге ұнайды.Сырғаанқ тебеміз,аққала жасаймыз, коньки тебеміз бәрінен де Жаңа жыл мерекесін күтеміз. Балалар өз ойларын айтады. Иә, келісеміз. Балалр әңгіме құрайды.Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаш бұтақтарын қалың қар басқан. балалар коньки теуіп, біреулері шанамен сырғанап, ал біреулері қарға су әкеліп құйып жатыр.Жиналған бір топ бала аққала жасап қойыпты. Бәрі де көңілді.Өздеріңнің жасаған жұмыстарына мәз- мейрам. Міне, қандай қыс мезгілі. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. Балалар өлеңді бірге қайталады. Сөйлем түрлері туралы түсінік алады. Берілген сұраққа жауап бере білді. - Леп белгісі қойылады. - Сұрақ белгісі қойылады. Сурет бойынша кима суретті орналасстыру. Тапсырманы орындайды. Тәрбиешімен бірге жаңылтпаштарды қайталайды. |
Іс- әрекеттің бағалау кезеңі | - Балалар қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар? - Бүгін біз қандай тақырыпта сөйлем құрадық? - Қандай сөйлем түрлерімен таныстыңдар? | - Қар жауады, күн суытады, бірақ біз қыста қызықты ойындар ойнаймыз. - «Ажарлы қыс» тақырыбында. - Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем түрлерімен таныстық. |