kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөйлеуді дамыту. Ажарлы қыс.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Ажарлы қыс.

Мақсаты: а) «Ажарлы қыс» үлгі суреті бойынша әңгіме құрауға үйрету. «Сөз», «Сөйлем» деген не екенін түсіндіру; әртүрлі ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту; балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлгі сурет, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: ажарлы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеуді дамыту. Ажарлы қыс.»

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Ажарлы қыс.

Мақсаты: а) «Ажарлы қыс» үлгі суреті бойынша әңгіме құрауға үйрету. «Сөз», «Сөйлем» деген не екенін түсіндіру; әртүрлі ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту; балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлгі сурет, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: ажарлы.

Билингвальды компонент: шана - сани, шаңғы - лыжи, ақ мамық - белый пушистый, аққала - снеговик.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Ұйымдасты

рушы- қозғаушы қызмет

- Балалар, мен өлең оқып берейін, сендер өлеңнің қай мезгілге арналғанын айтыңдар.

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек.

(З.Шүкіров)

- Өлеңде не туралы айтылған екен?

Балалар ынта қойып, қыс мезгіліне арналған өлең екенін

айтады.





- Қар туралы.

Ұйымдастыру-

ізденушілік


Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілі ұнай ма, несімен ұнайды?

Демонстрациялық құралмен жұмыс

Мына суретке қарап әңгіме құрайық.

Суретке қарап көргендеріңді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрап көріңдер.

Суретке мұқият қарап, тақырып қойыңдар. Сендер суретте шанамен сырғанап жүрген балаларды, коньки теуіп жүрген баланы көріп отырсыңдар, балаларға ат қоя отырып әңгіме құраңдар. Бұл суреттің тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіңдер.

Ия, дұрыс айтасыңдар. Сендердің ойларыңды қорыта келе, бұл суреттің тақырыбын «Ажарлы қыс» десек қайтеді, келісесіңдер ме?

Балалар, «ажарлы» сөзі «көрікті, әсем, тамаша, сұлу» деген мағынаны білдіреді.

Енді өздерің осы ажарлы қыс мезгіліне өз қиялдарыңмен әңгіме құраңдар.

Сергіту сәті:

(Сергіту жаттығуын К.Нүсіпбековтің «Суретші қыс» өлеңімен жасатуға болады).

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға.

Балалар жүр мақтанып.

Тазартып бар кір, шаңнан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.

- Балалар, мен сендерге «Көңілді қыс»деген өлең оқып беремін.

Билингвальды компонент: шана-сани, шаңғы - лыжи, ақ мамық - белый пушистый, аққала - снеговик.

- Балалар, сендер құраған әңгімелерің сөйлемнен тұрады, ал сөйлем сөзден құралады.

- Балалар, сөз дегеніміз - айтылатын бір ой. Егер сен «қыс», «қар»,«шаңғы» деген сөздерді ойлап айтсаң,сол сөзді өрбітіп сөйлем құрауға болады.

Сөйлем дегеніміз – тиянақты жинақталған бір ой. Сөйлемдер сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем,

лепті сөйлем болып бөлінеді. Әр сөйлемнің өзінің тыныс белгілері бар. Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады. Қуанышты көңіл күйді

білдіретін сөздерге леп белгісі қойылады, сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады.

Мысалы, «Алақай! Алақай!» деген сөйлемнен соң қандай белгі қойылады?

- «Қайдан келдің?» деген сөйлемнен соң қандай белгі қойылады?

Тәрбиеші қол көтеріп, әңгіме құрауға қызыгушылық танытқан балалардың бәрінің ойын тыңдайды. Жақсы әңгіме құраған баланы мақтайды.

- Балалар, сендер құраған әңгімелерің маған ұнады, өздеріңе де ұнады ма?

- Енді біз сөз, сөйлем деген не екенін білеміз.

«Айырмашылығын тап!» дидактикалық ойыны:

Ойын шарты: екі аққаланың суреті беріледі. Суретке қарап аққалалардың айырмашылығын табу керек. Жеке жұмыс жүргізеді.

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 5 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді.

Жаңылтпаш қайталату.

Жапалақтап, қаптап ақ қар жауды.

Алқапты аппақ ақ қар жапты.

Қыс мезгілінде үш ай бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қыс мезгілі бізге ұнайды. Сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз, коньки тебеміз, бәрінен де Жаңа жыл мерекесін күтеміз.

Балалар өз ойларын айтады. (Қыс қызығы, Қысқы серуен, Қыстағы ойындар, Аққала тұрғызайық, Достармен бірге, Біздің аулада, Қыс тамашасы.т.б.)


- Иә, келісеміз.

Балалар әңгіме құрайды: Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаш бұтақтарын қалың қар басқан. Балалар аулада ойнап жүр. Біреулері коньки теуіп, біреулері шанамен сырғанап, ал біреулері қарға су әкеліп құйып жатыр. Жиналған бір топ бала аққала жасап қойыпты. Бәрі де көңілді. Өздерінің жасаған жұмыстарына мәз-мейрам. Міне, қандай қыс мезгілі.

- Әрине ұнады, қызықты болды

Өлең мазмұнына

сәйкес қимыл-

қозғалыстар жасайды.


Қайталайды.
















- Леп белгісі.

- Сұрақ белгісі.











Сурет бойынша аққаланың айырмашылығын тауып береді.

Тапсырманы орындайды.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.


Жетекші -жөндеуші


Балалар, қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Біз бүгін қандай тақырыпқа сөйлем құрадық?

Қандай сөйлем түрлерімен таныстыңдар?

Қар жауады, күн суытады, бірақ біз қызықты ойындар ойнаймыз.

«Ажарлы қыс» тақырыбына.

Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем түрлерімен таныстық.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: берілген суретке тақырып қойып, әңгіме құрауды.

Түсінеді: сөйлем түрлерін, сөз бен сөйлемнің айырмашылығын.

Қолданады: айырмашылықтарын таба білу дағдыларын





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сөйлеуді дамыту. Ажарлы қыс.

Автор: Сундетова Назгуль Думбаевна

Дата: 23.12.2016

Номер свидетельства: 372833

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(252) "Бөлімі: Сауат ашу негіздері Тақырыбы: Сөйлем туралы алғашқы түсінік беру. Сызба бойын-ша сөйлемді құруды үйрету (ауызша, бірлесе талдылау)"
    ["seo_title"] => string(80) "bolimi_sauat_ashu_negizderi_takyryby_soilem_turaly_algashky_tusinik_beru_syzba_b"
    ["file_id"] => string(6) "562888"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1604921903"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства