kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ажарлы қыс" тақырыбындағы ересек тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық карта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөз, сөйлем құрауға үйрету. "Ажарлы қыс" тақырыбында сурет бойынша жұмыс жасауға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ажарлы қыс" тақырыбындағы ересек тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық карта»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Мерзімі: ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ажарлы қыс» сөз, сөйлем

Мақсаты: «Ажарлы қыс» үлгі суреті бойынша әңгіме құрауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: «Сөз», «сөйлем» деген не екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Әртүрлі ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалысын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Ажарлы, ақ мамық.

Керекті құралдар: Қыс мезгілі суреттірі, ойынға керекті құралдар, слайдтар, «Ақылды қоян» ойыншығы.

Үш тілдік компонент: Қыс-зима-winter, қар-снег-snow, аяз-мороз-freezihq, шана-сани-sleiqhs, шаңғы-лыжи-ski, ақ мамық-белый пушистый-white fluffy, аққала-снеговик-snowman.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Шаттық үні» 01-«Г»-№18

Достарменен бір жолда,

Иықтасып жүреміз.

Қиындықта қол ұшын,

Береріне сенеміз.

Жұмбақ жасырады:

Жапалақтап жауады,

Жердін бетін жабады.

Бұл не аппақ мақтадай?

Кәнекей, кім табады?

-Дұрыс таптыңдар, бұл жұмбақтың шешуі: қар

Өлең оқиды:

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек.

(З.Шүкіров)

-Өлеңде не туралы айтылған екен?


Балалар ынта қойып,

қыс мезгіліне

арналған өлең екенін

айтады.






-Қар.








-Қар туралы.

Ұйымдастыру-іздестіру

Жаңа тақырып

-Қыс мезгілінде неше ай бар?




-Қыс мезгілі ұнай ма, несімен ұнайды?




Демонстрациялық құралмен жұмыс

-Мына суретке қарап әңгіме құрайық.

Суретке қарап көргендеріңді өз

Қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрауды айтады:

-Суретке мұқият қарап,тақырып қойындар. Сендер суретте шана мен сырғанап жүрген балаларды, коньки теуіп жүрген баланы көріп отырсындар, балаларғы ат қоя отырып әңгіме құрауларын айтады.

Бұл суреттінң тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіндер?

-Ия, дұрыс айтасындар. Сендердін ойларынды қорта келе, бұл суреттін тақырыбын «Ажарлы қыс» десек қайтеді, келісесіндер ме?


Сөздік жұмыс: «Ажарлы» сөзі «көрікті, әсем, тамаша, сұлу»деген мағынаны білдіреді.

-Енді өздерің ажарлы қыс мезіліне өз қиялдарыңмен әңгіме құраңдар.









Әр балаға педагогикалық баға беріп, мақтап –мадақтайды.

Құраған әңгімелерін маған ұнады, өздеріне де ұнады ма?


Сергіту сәт:

К.Нүсіпбековтің «Суретші қыс» өленің ұсынады.

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға.

Балалар жүр мақтанып.

Тазартып бар кір, шаңнан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.

Дидактикалық ойын: «Colours»

Ойын шарты: түстерді үш тілде атап, өз түстеріне жиналу керек.

ақ - белый-white, көк-синий-blue, қызыл – красный - red, жасыл - зелёный-qreen, сары - желтый - yellow, қоңыр- каричневый - brown, сарғыш-оранжывый - oranqe, күлгін - фиолетовый-purpll, қызғылт - розовый-pink, сұр-серый-qrey, қара-черный-black.


-Құраған әңгімелерің сөйлемнен тұрады, ал сөйлем сөзден құралады.

-Сөз дегеніміз- айтылатын бір ой. Егер «қыс», «қар», «шаңғы» деген сөздерді ойлап айтсаң, сол сөзді өрбітіп сөйлем құрауға болады.


-Сөйлем дегеніміз- тиянақты жинақталған бір ой. Сөйлемдер сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем, лепті сөйлем болып бөлінеді. Әр сөйлемнің өзінің тыныс белгілері бар. Хабарлы сөйлемнен соң нукте қойылады. Қуанышты көңіл күйді білдіретін сөздерге леп белгісі қойылады, сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады.

Мысалы: «Алақай! Алақай!» деген сөйлемнен соң қандай белгі қойылады?

-«Қайдан келесің?» деген сөйлемнен соң қандай белгі қойылады?

-Енді бір сөз, сөйлем деген не екенін білдік.

«Айырмашылығын тап!»

Ойын шарты: Екі аққаланың суреті беріледі.

Суретке қарап аққалалардың

Айырмашылығын табу керек.


Жаңылтпашты қайталату

Жапалақтап, қаптапақ қар жауды.

Алқапты аппақ қар жапты.


Орманда қар,

Жерде қар.

Шыршада қар,

Көлде қар.


Дид. ойын: «Аққала»

Шарты: Тақтаның бетіне қиылып жабыстырылған, аққаланың жетіспейтін бөлігін тауып, көзін жұмып барып жабыстыруды ұсынады. Аққала туралы әңгіме құрап айтуды айтады.


Тақпақтар айтуды ұсынады.

«Мороз» 

Ой, сердит мороз!

Ветки снегом занес.

Хватает за нос.

Щиплет до слез.

Ребятишки не испугаются

И на лыжах,

И на саночках катаются,

Над морозом сердитым

Потешаются.
















Үш тілдік компонент: Қыс-зима-winter, қар-снег-snow, аяз-мороз-freezihq, шана-сани-sleiqhs, шаңғы-лыжи-ski, ақ мамық-белый пушистый-white fluffy, аққала-снеговик-snowman.


Дидактикалық ойын: «Сөзді жалғастыр»

Шарты: Әр балаға қағаздан қиылған қар түйіршіктерін таратып береді.

-Қолдарыңдағы әдемі қар түйіршіктеріне қарай отырып қардың қандай екендігі туралы сөздер ойлап көріңдер.


«Қыс» сөзіне дыбыстық талдау

Сөздегі дыбыстардың орнын әр дыбысқа екпін түсіріп айту арқылы анықтатады.


-Қыс сөзінде бірінші (екінші, үшінші)

қандай дыбыс естіліп тұр?

-қ дыбысын (ы, с дыбысын) қандай түсті дөңгелекпен белгілейміз?...Неліктен?

-«Қыс» сөзінде қанша дыбыс бар?

-Дауысты дыбысты ата.

-Қанша буын бар?...Неге?



Дидактикалық ойын «Сөзді өзгерт»

Шарты: «Қыс» деген сөздегі соңғы с дыбысын алып тастап,орнына з дыбысын қойсақ қандай сөз болады?

Сөздегі бір дыбысты өзгертсе сөздің мағынасы өзгеріп кететіні туралы түсінік береді.

С дыбысына аяқталатын сөздерді айтады, с дыбысының орнына з дыбысын қойып, сөзді өзгертіп айтуды ұсынады.

-Жас- ...

-Қас- ...

-Түс- ...


-Қыс мезгілінде үш

ай бар: желтоқсан,

қаңтар, ақпан.

-Қыс мезгілі бізге ұнайды. Сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз, коньки тебеміз,

бәрінен де, Жаңа жыл

мерекесін күтеміз.


Өз ойларын айтады.

Қыс қызығы, Қысқы серуен, Қыстағы ойындар, Аққала тұрғызайық, Достармен бірге, Біздің аула,Қыс тамашасы.









-Келісетіндерін айтады.


Әңгіме құрайды:

Далада қар жауып тұр.Күн суық, аяз. Ағаш бұтақтарын қалын қар басқан. Балалар аулады ойнап жүр. Біреулері коньки теуіп, енді бірі шанамен сырғанап,ал біреулері қарға су әкеліп құйып жатыр. Жиналған бір топ бала аққала жасап жатыр.Бәрі де көңілді.Өздерінің жасаған жұмыстарына мәз-мейрам. Міне қандай қыс мезгілі.

Ұнағандарын айтады.





Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.











Сөздерді қайталай отырып, белсене ойынға қатысады.




















-Леп белгісі.


-Сұрақ белгісі.




Сурет бойынша аққаланың айырмашылығын тауып береді

Тапсырманы орындайды.


Балаларпедогогпен бірге қайталайды








Аққаланы құрастырады. Аққала туралы әңгіме құрап айтады.




Қимылын келтіре айтады.

Качают головой, взявшись за нееруками.

Взмахивают кистями рук. Хватают себя за нос.

Щиплют себя за щеки.

Грозят «Едут на лыжах». «Едут на санках».

Прыгают, одновременно

хлопая в ладоши.


«Snoy»

Snoy on the qround,

Snoy on the tree.

Snoy on the,

Snoy on me!

Аппақ біздің шанамыз,

Аппақ қырдан ағамыз.

Сауық-сайран саламыз,

Біз шадыман баламыз.


Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.



Қайталап айтады.




Қолдарындағы қар

түйіршіктеріне қарап отырып айтады:

-Қар ақ түсті

-Қар әдемі

-Қар суық


Бір бала тақтада, қалған балалар алдарындағы қызыл, көк түсті дөңгелектерді пайдаланып орындарында отырып орындайды.

Сөздегі дыбыстар туралы айтады:

-Сөзде үш дыбыс бар.

-1 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс бар

-Сөзде бір буын бар, өйткені дауысты дыбыс біреу.




Қыз сөзі шығады.






-Жаз

-Қаз

-Түз.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытынды:

-Балалар, қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?



-Біз бүгін қандай тақырыпқа сөйлем құрадық?


-Қандай сөйлем түрлерімен таныстыңдар?



Педагогикалық баға беріп, мақтап-мадақтайды.


«Жүректен-жүрекке» шеңбері

01-«Ж»-№5

Күн, мен сені сүйемін,

Саған бас иемін.

Жылу бер, бақыт бер,

Мейірім мен бақыт бер.



-Қар жауады, күн суынады, бірақ біз қызықты ойындар ойнаймыз.


-«Ажарлы қыс» тақырыбына.


-Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем

түрлерімен таныстық

Қуанады.




Бірге жүрек жылуын айтады.


Күтілетін нәтиже


Білу керек: Берілген суретке тақырып қойып, әңгіме құрауды.

Болу керек: Сөйлем түрлерін, сөз бен сөйлемнің айырмашылығын.

Істей білу керек: Айырмашылықтарын таба білуді, суреті бойынша әңгіме құрауды.


Тәрбиеші: Иембердина Б. Т.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Иембердина Балнұр Түгелжанқызы

Дата: 28.10.2018

Номер свидетельства: 482380


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства