Іздену- ұйымдастыру | Ғажайып сәт: Ауылдан аже телефон соғады. Телефоннан әже сөйлеп, атаның ауырып қалғанын баяндайды. Өзіне қорадағы малды қарасуға балалардың көмегі керек болып тұрғанын айтады. Ауылға қонаққа шақырады. Содан кейін слайд арқылы ауылдың күзгі көрінісі және үй жануарларының суреттері көрсетіледі. Ендеше, балалар ажемізге тезірек барып қол ұшымызды беріп, ауылға саяхаттап барып келейік. Қазір мен сендерге билет беремін сіздер билеттеріңді алып орындарына орналасыңдар. Билеттер геометриялық пішіндер түрінде үлестіріліп, алдын -ала пішіндер жапсырылып қойған орындықтарға әр кім сәйкес келетін пішіндер тұсына отыру керек. Автобусқа мініп әдемі әуенмен жолға шығу. -Балалар, ауылғада келіп қалған екенбіз ендігі қалған жолды жаяу жүріп, өзеннің үстінде жатқан көпірден өтсек қалай қарайсындар? Көпір ретінде жатқан гимнастикалық тақтайшадан тепе-теңдікті сақтап өткізу. Алдарынан әже шығып қарсы алады, балаларды ертіп қораға апарып, қорадағы малмен таныстырады. Балалармен бірге үй жануарларын тамақтандыру. Шөп, жем, су беру. Үстел үстіндегі үй жануарларының өнімдерінен ұйымдастырылған көрмемен таныстыру. Бізге үй жануарлары не береді? Біздер оларға не үшін рахмет айтумыз керек? Сол жөнінде сұрақ-жауап. Үй жануарлары туралы жұмбақтар сұрау Билингвальды компонент: Ауыл-поселок, ауыл-village. Сергіту сәті: Құлыншағым құндызым Құлдырайды шабады Жылтылдаған жұлдызым Құстай қанат қағады Д/ойын: «Ненің дыбысы?» Аудиотаспадан үй жануарларының дыбыстары қосылады. Балалар дыбыстарды ажырату керек. Әжемен қош айтысып, қайта автобусқа мініп қалаға қайту. Қалаға келіп ауылдан көрген жылқының бейнесіне жырту әдісі арқылы жапсыру 4 топқа бөлініп ұжымдық жұмыс жасату | Тәрбиешіні тыңдайды. Қызығушылықпен қарайды. Сәйкес пішіндерді тауып отырады. Әдемі әуенмен жолға шығады. -Ия, жаяу жүріп, көпірден өтуге әзірміз. Гимнастикалық тақтайшадан өтеді Әжемен амандасып, малдарын бірге қоректендіреді, әженің әңгімесін тыңдайды. Түйе, сиыр, қой туралы жұммбақтар айтады. Қайталайды Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қыймылдарын жасай отыра орындайды Үй жануарларының дыбыстарын тыңдап ажыратады. Әжемен қоштасу Ауылдан келіп 4 топқа бөлініп ұжымдық жұмыс жасады. Жырту әдісі арқылы жылқының бейнесін құрастыра жапсырды |