«Ателье» сюжеттік-рөлдік ойынның технологиялық картасы
Мақсаты: Балалардың ойын сюжетіне байланысты бірнеше топшаларға бөліну,ойын аяқталған соң бір ұжымға жиналу әдетін қалыптастыру.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы | Сәнгер мен модельді таңдау | Сәнгер агентігіне түседі. |
Ұйымдастырушылық -ізденушілік Рефлексивті-түзеуші | Сахна жүрісі, Сән киімін дайындау, Сән көрсетіліміне сәнгерлерді таңдау,сәнгерлермен жұмыс; Фотосуретшілермен жұмыс; Ателье жұмысын ұйымдастырып, жұмыскерлердің жұмысын қадағалайды, болып қалған дау-жанжалдарды шешеді. Киім пішуші өлшемдерді өлшейді, киім үлгісін жасайды. Қабылдаушы тапсырысты безендіріп, тапсырыс уақытын белгілейді. Тігінші тапсырысты орындап, бұйымның өлшеуін жасайды. Кассир тапсырыстын ақшасын алып, билеттерді сатады. Сәнгер дайын бұйымдарды көрсетілімге алады. Сәнгерлер төрде жүруге үйреніп, сәнді киімді көрсетеді. Қонақтар өз орындарына отырады, фотосуретшілер қызықты кадрларды түсіріп, модельдер үшін портфолио жасайды. Қабылдау , тапсырысты қабылдау мен безендіру. | Балалар сахна жүрісін, сәнгерлермен жұмыс жасайды. Сән үлгісінде портфолио жасайды. Әңгімелеседі. Тігінші бала өлшемдерді өлшеп, киім тіге бастайды. Сәнгерлер сәнді киімдерін көрсетеді. |