Іздену- ұйымдасты- рушы | Тәрбиеші: –Балалар қазір жылдың қай мезгілі? –Жаз мезгілінде неше ай бар? –Жаз мезгілінің ай аттарын кім атап береді? –Жаз мезгілінде ауа–райы қандай болады? –Жарайсыңдар балалар, бүгін бізде Тіл дамыту оқу іс – әрекеті, қане балалар өткен тақырыпты есімізге түсіріп алайықшы. Біз не туралы өттік? –Балалар біз өткен оқу іс – әрекетте жаз мезгілі туралы өткен болатынбыз. Қане кім жаз туралы тақпақтар айтып береді? –Өте жақсы, сендер жаз мезгілі туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мені мұқият тыңдап отырып, өлең жолдары не туралы екенін айтыңдар. Отанымның төрінде Сарыарқаның өрінде, Ту ұстаған Астанам, Әсем қалам – бас қалам! –Балалар өлең жолдарында қай қала туралы айтылған? –Дұрыс Астана қаласы туралы айтылған екен, олай болса бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: «Астана – бас қала» деп аталады. –Балалар біздің ұлтымыз қазақ, ал Отанымыз Қазақстан деп аталады. –Қане балалар, «Қазақстан» деп айтайықшы. –Біздің еліміз ешкімге тәуелсіз ел, еліміздіғ елтаңбасы, әнұраны және туы бар. –Балалар қараңдаршы, міне мынау біздің еліміздің туы. Қане балалар «ту» деп айтайықшы. –Тудың түсі көгілдір, ортасында күн мен қыранның бейнесі бейнеленген, бір шетінде халқымыздың ою – өрнегі бар екен. –Балалар ал мынау біздің еліміздің елтаңбасы. –Ал мынау балалар, біздің әнұранымыз. Әнұран орындалған кезде барлығымыз орнымыздан тұрып, қолымызды кеудемізге қоюымыз керек. –Балалар біздің елімізді басқарып отырған елбасымыз бар. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Міне балалар – біздің елбасымыздың суреті. Ол елімізді бірлікте, ауызбіршілікте басқарып отыр. –Қане балалар, бұл кім екен? –Балалар біздің еліміз тәуелсіз мемлекет болғандықтан біздің елордамыз, бас қаламыз бар. Ол Астана қаласы. Қане балалар, «Астана» деп айтайықшы. Астана қаласы өте әдемі, жас қала. Астана қаласында әсем ғимараттар бар. Солардың бірі «Астана – Бәйтерек» монументі. Міне мынау біздің бәйтерегіміз. Қане балалар, «бәйтерек» деп айтайықшы. –Өте жақсы балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрып, сергіп алайық. –Жарайсыңдар балалар, біздер күннің екінші жартысында Астана туралы тақпақтар жаттаған болатынбыз, қане кім Астана туралы тақпақтар айтып береді? –Жарайсыңдар балалар, өте жақсы, біз тек қана тақпақтар жаттап қана койған жоқпыз, біз сонымен қатар Отан туралы мақалдар жаттадық, қане кім Отан туралы мақал – мәтелдер айтады? | Балалар: –Жаз мезгілі, –Жаз мезгілінде 3 ай бар, –Маусым, шілде, тамыз айлары, –Жазда ауа – райы ыссы, аптап болады, адамдар жеңіл киімдер киеді, бастарына бас киім киеді, өйткені күн өтіп кетуі мүмкін. Жазда адамдар теңізге барып, шомылады. Балалар өткен тақырыпты естеріне түсірді: –жаз мезгілі туралы өттік, – деп жауап береді. Балалар жаз туралы тақпақтар айтады: Назерке: Жайқалып жапырақ, Құлпырып қызғалдақ, Тұратын көз тартып, Жаз келді күн шуақ. Бейбіт: Көгалды ойнадық, Асыр салып күн ұзақ, Гүл тердік, ойнадық, Жарқын жаз қызық – ақ. Балалар өлең жолдарын тыңдады: –Астана қаласы, – туралы деп жауап береді. Балалар жаңа тақырыппен танысты. –Қазақстан, – деп айтады. Балалар еліміздің елтаңбасын, туын, әнұранын көрді. –Ту,– деп айтады. Балалар туды көреді, ту туралы түсінік алады. Балалар еліміздің елтаңбасы мен әнұранын көрді, түсінік алды. –Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, – деп жауап береді. –Астана қаласы, – деп айтады. Балалар Астана қаласының әсем ғимараттарының суреттерін көреді, –Бәйтерек,–деп айтады. Балалар сергіту жаттығуын жасайды. Бала, бала, балақан, Қане, қайсы алақан. Саусақтары әйбат, Былай – былай ойнат. Топ – топ – топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн, Жаса, жаса алтын нұр. Балалар Астана туралы тақпақтар айтады. Тасқын: Астана – арман қала, Бағы бір жанған қала, Жап – жас боп тұрады ол, Мен үлкен болған да. Мәнсия: Алтын астық ырғалған. Даңқы дастан жыр болған. Өмірі шат мереке, Менің байтақ Отаным Арта берсін атағың. Балалар Отан туралы мақал – мәтелдер айтады: Назархан: Отаны бардың аты өшпес Нұрдана: Отан оттан да ыстық. Диас: Отан үшін отқа түс, күймейсің. |
Рефлексті- коррекция- лаушы | Тәрбиеші балаларға: –Балалар бүгін бізде қандай іс – әрекет болды? –Балалар біздің еліміз қалай аталады? –Балалар біздің елеміздің елордасы, бас қаласы қай қала? –Бүгінгі іс – әрекет сендерге ұнады ма? –Жарайсыңдар балалар, сендер бүгінгі тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер. Елордамыз Астана қаласы туралы тақпақтар біледі екенсіңдер. Балалар сендер туған елімізді, жерімізді, Астана қаласын сүйе білетін, адамгершілігі мол азамат болуға тиіссіңдер, өйткені біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер. Бүгінгі іс – әрекетімізге барлығыңыз жақсы қатыстыңыз. Осымен балалар бүгінгі іс – әрекетіміз аяқталды, орнымыздан тұрып, келген қонақтармен қоштасайық. | Балалар: –Тіл дамыту оқу іс – әрекеті болды. –Қазақстан Республикасы. –Астана қаласы. –Ұнады,–деп жауап береді.– |