Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Біз не үйрендік"
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Біз не үйрендік"
Тәрбиеші: Қане, балалар, қонақтарымызбен амандасып алайық. Балалар: Сәлеметсіздер ме? Тәрбиеші: Балалар, шаттық шеңберге тұрайық. Балалар: Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сәулесін төгеді. Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар, өте жақсы,орнымызға жайғасайық. Балалар ,бүгін бізде ерекше күн, себебі біз барлық өткен оқу әс-әрекетімізді қайталаймыз. Тәрбиеші: Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Көктем. Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар. Көктем мезгілінде неше ай бар? Балалар: 3ай бар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Біз не үйрендік"»
Білім беру саласы : Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аралас. Тақырыбы: «Біз не үйрендік?» Мақсаты: Балалардың өткен білімдерін толықтыру. Білімділік: Түстерді, тәуліктерді, пішіндерді және биік аласа ұғымдарын ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Заттарды көлеміне қарай салыстыра білуге дағдыландыру. Тәрбиелеу:Сұрақтарға дұрыс жауап беруге, қызығушылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, әңгімелесу,сұрақ-жауап. Керекті құралдар: Шар, конверт, тәуліктің суреті, ойын, құрастыру. Тәрбиеші: Қане, балалар, қонақтарымызбен амандасып алайық. Балалар: Сәлеметсіздер ме? Тәрбиеші: Балалар, шаттық шеңберге тұрайық. Балалар: Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сәулесін төгеді. Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар, өте жақсы,орнымызға жайғасайық. Балалар ,бүгін бізде ерекше күн, себебі біз барлық өткен оқу әс-әрекетімізді қайталаймыз. Тәрбиеші: Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Көктем. Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар. Көктем мезгілінде неше ай бар? Балалар: 3ай бар . Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар? Балалар: 7күн . Тәрбиеші: Апта аттарын кім айтып береді? Балалар: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы. Тәрбиеші:Балалар, есік қағылған сияқты, кім екенін қарайықшы? (Ішке қолында түрлі-түсті шарымен конверти бар Маша кіріп келеді.) Маша: Сәлеметсіздер ме балалар? Балалар: Сәлеметсіз бе? Маша: Мені таныдыңыздар ма? Балалар: Маша. Маша: Дұрыс айтасыңдар балалар, мен Машамын. Маша: Мен сендерге ну орманнан тапсырмалар ала келдім.Қанекей тапсырмаларды орындаймыз ба? Балалар: Иә Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Маша?Біздің балалар өте ақылды және тапсырмаларды жақсы орындайды. Маша: Ендеше мен тапсырмаларды апайларыңа берейін. Тәрбиеші: Балалар,қараңдаршы, Маша бізге не алып келді? Балалар: Шарлар. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,шарлар. Шарлардың түстері қандай? Балалар: Қызыл,жасыл,сары, ақ. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар. Балалар бұл шарлар жыл мезгілдерін білдіреді.Бір жылда неще жыл мезгілі бар? Балалар: Төрт. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, атап шығайықшы. Балалар: Көктем, жаз,күз, қыс. Тәрбиеші:Бұл қай жыл мезгілін білдіреді? (жасыл шарды көрсетіп) Балалар: Көктем . Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. Көктем мезгілінде дала қандай болады? Балалар: Жылы болады, жер көгеріп, ағаштар бүршік ата бастайды. Тәрбиеші: Бұл қай жыл мезгілі? (қызыл шарды көрсетіп) Балалар: Жаз. Тәрбиеші: Не себепті? Балалар: Жазда гүлдер адемі әрі қызыл түсті болады. Тәрбиеші: Мына шар қай мезгілді білдіреді? (сары шарды көрсетіп) Балалар: Күз. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Не себепті? Балалар: Себебі күз мезгілінде жапырақтар сарғайып жерге түсе бастайды. Тәрбиеші: Бұл қай жыл мезгілді білдіреді? (ақ шарды көрсетіп) Балалар: Қыс мезгілі. Тәрбиеші: Не себепті? Балалар: Себебі қыста қар болады, қардың түсі ақ. Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар, өте жақсы. Тәрбиеші: Балалар енді Маша айтқандай мына конверттің ішінде тапсырмалар бар, соларды орындайық.
1-тапсырма.
Тәрбиеші: Балалар, бұл уақытқа байланысты жұмбақтар екен. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар.(мұқият тыңдап ілу керек жұмбақтың шешуін) Тәрбиеші: Ұйқымыздан оянамыз, Бетімізді жуамыз Анамызға ереміз Балалақшаға келеміз. Балалар: Таң. Серуеннен қайтамыз, Тамақ ішіп аламыз, Біз тәртіпті баламыз Тәтті ұйқыға батамыз. Балалар: Күндіз. Серуенде жүреміз Анамызды күтеміз Апай, «Сау болыңыз » деп Үйімізге кетеміз. Балалар: Кеш Тәрбиеші: Үйлерде шам жанады Маңай тастай қараңғы, Ертегіні тыңдап алып, Тәтті ұйқыға батамыз. Балалар: Түн. Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар, өте жақсы жауап бердіңдер. Тәрбиеші: Балалар,таң, күндіз кеш, түн дегендеріміз уақытты,яғни тәулікті білдіреді.Осыған орай адамдар күн тәртібін қояды. Мысалы, таңертең тұрады,жуынады,тамақ ішеді, жаттығу жасайды, жұмысқа барады, ал балалар,балабақшаға келеді және т.б.Осылай күндер қайталана береді. Тәрбиеші: Балалар, ойын ойнағыларың келе ме? Балалар: Иә. Ойын:Суреттерді ретімен орналастыр. Тәрбиеші: Ойын шарты балалар, үстел үстінде тәуліктің суреттерін ретімен орналастыру қажет. (Балалар суретті құрастырады.) Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар,өте тамаша.
II тапсырма.
Тәрбиеші: Балалар, екінші тапсырма жоғарыда-төменде, қзын-қысқа деп аталады.Мына екі тақтайға ненің жоғарыда, ненің төменде жүретінін жапсыру керек.Мысалы: Ұшақ жоғарыда, көлік төменде жүретіндігін.Құстар жоғарыда,ит тқменде жүретіндігін. Жолдың ұзын-қысқа және үстелдің де ұзын-қысқа екенін ажырату қажет.(Ортаға келіп суреттерді дұрыс орналасуға талпынады.) Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. Тәрбиеші: Балалар шаршадық па, ендеше серігіп алайық. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз Иілеміз оңға қарай, Иілеміз солға қарай Жаттығулар жасасақ Жақсы сергіп қаламыз.
III тапсырма.
Тәрбиеші: Балалар бізде үшінші тапсырма пішіндер туралы екен.Үстел үстіне қарайықшы не көріп тұрсыңдар? Балалар: Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер. Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар,өте жақсы. Тәрбиеші: Бірінші тұрған қандай пішін? Балалар: Үшбұрыш. Тәрбиеші: Үшбұрыштың неше бұрышы бар? Балалар: Үш. Тәрбиеші: Үшбұрыш неге ұқсайды? Балалар: Үйдің төбесіне. Тәрбиеші: Түсі қандай? Балалар: Қызыл. Тәрбиеші: Жәрайсыңдар. Екінші пішініміз қандай? Балалар: Төртбұрыш Тәрбиеші: Төртбұрышта неше бұрыш бар? Балалар: Төрт Тәрбиеші: Оның түсі қандай? Балалар: Көк. Тәрбиеші: Ол неге ұқсайды? Балалар: терезеге. Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар. Келесі пішініміз қандай? Балалар: Шеңбер. Тәрбиеші: Шеңберде бұрыш бола ма? Балалар: жоқ Тәрбиеші: Шеңбер неге ұқсайды? Балалар: Күнге, допқа. Тәрбиеші: Оның түсі қандай? Балалар: Сары. Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар, өте жақсы. Пішіндер туралы тақпақ білеміз бе? Рауан: Мен шеңбермін, шеңбермін. Доппен күнге ұқсаймын, Доп болып секіремін. Күн болып жарқыраймын. Тәрбиеші: Жәрайсың, Рауан. Айша: Сұрасаң атымды Үшбұрыш болады. Шатырға ұқсаймын Тұратын төбеде. Тәрбиеші: Жәрайсың, Айша. Айбибі: Төртбұрыштан жаралған Төрт қабырғам бар менің Теледидарға ұқсайтын Төрт бұрышым бар менің. Тәрбиеші: Жәрайсың Айбибі.Балалар жәрайсыңдар,өте жақсы. Тәрбиеші: Балалар, енді осы пішіндерден не құрастыруға болады? Балалар: Үшбұрыштан және төртбұрыштан үй құрастыруға болады. Тәрбиеші: Ал, шеңберден не жасауға болады? Балалар: Гүл. Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар.
IV тапсырма.
Тәрбиеші: Балалар, келесі тапсырма салыстыру, яғни ненің биік ненің аласа екенін ажырату керек.Сендерге суреттер көрсетемін сендер солардың қайсысы биік,қайсысы аласа екенін ажыратуымыз керек. (суреттер беріледі, қарап ажыратады.) Тәрбиеші:Жәрайсыңдар балалар, өте тамаша. Маша: Жәрайсыңдар балалар бәріңде ақылды, тапқыр екенсіңдер, менің тапсырмаларымның бірін дұрыс орындадыңдар. Енді менің кететін уақытым болды. Сау болыңдар! Балалар: Сау болыңыз! Тәрбиеші: Балалар сендерге ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма? Балалар: Иә Тәрбиеші: Бізге қонаққа кім келді? Балалар: Маша. Тәрбиеші: Маша бізге не алып келді? Балалар: Шарлар, тапсырмалар. Тәрбиеші: Біз не үйрендік, не білдік? Балалар: Тәулік пен пішіндерді, ұзын-қысқа, жоғары-төмен,биік аласа ұғымдарын ажыратып, салыстыруды үйрендік. Тәрбиеші: Жәрайсыңдар балалар ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар өте жақсы, енді қонақтарымызбен қоштасайық. Балалар: Сау болыңыздар!