kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты "Аурудың алдын алу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл  сабақ  жоспары  мектеп алды  даярлық  тобына арналған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты "Аурудың алдын алу"»

«№15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Валеология

Тақырыбы :

Аурудың алдын алу .









Мектеп алды дайындық

Тобының мұғалімі : Ұ.Мейрбекова






Сабақтың тақырыбы : Аурудың алдын алу .

Сабақтың мақсаты : Балалардың денсаулығын сақтауға , салауатты өмір салтын ұстауға ,үлкенді ,кішіні сыйлауға , ұқыптылыққа , тазалыққа , жаман әдеттерден сақтануға , дұрыс тамақтануға үйрету .

Дамытушылық : Балаларға топ алдында еркін сөйлеуге , дауыс ырғағын дұрыс сақтауға , мәнерлеп айтуға , шешендікке баулу .

Сабақтың көрнекілігі : Плакаттар , суреттер , мақал – мәтелдер , дәрігер киімдері , денсаулық туралы кітапшалар ,венн диаграммасы, жұмбақтар .


1.Ұйымдастыру кезеңі .

а) Балаларды түгелдеу .

ә) Назарын аудару .

-Балалар бүгін кім кезекші ?

-Топта кім жоқ ?

-Аптаның нешінші күні ?

-Кеше қандай күн болды ?

- Қазір қандай сабақ ?

-Дұрыс айтасыңдар , бүгін «Валеология » сабағы .

Валеология сабағы не үшін қажет ? ,-екенін білейік .

Көрініс : валеология сабағы не үшін қажет ?

Емші Панацея ауру адамдарды бір -ақ дәрімен емдеуге болады деп ойлаған . Емші Гигия Панацеяның бұл ойымен келіспейді ,мұндай дәрі табу мүмкін емес .

Панацея – адамдарды әртүрлі ұнтақтармен , дәрілермен сұйықтықтармен емдеп жүреді . Ал Гигия адамдар арасында дұрыс өмір сүрудің заңдылықтарын үйретуде

Міне достым , осылай «Тазалық ғылымы ал оның негізінде денсаулық туралы жас ғылым Валеология» дүниеге келді .


Сергіту жаттығуы.


-Балалар біз «Валеология » пәнінен көптеген тақырыптар өттік . Еске түсірейікші :

«Тіс күтімі туралы»

«Ұйқы туралы »

«Құлақ туралы »

«Көз туралы »

«Менің жүрегім »

«Ми және жүйке »

«Тіл туралы »

Жаңа сабақ

Балалар біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы :

«Аурудың алдын алу »

Денсаулық дегеніміз -адамның тәнінің , жанының және рухани адамгершілігінің үйлесімділігі , оның басқа адамдармен мейірімді қарым қатынасы .

Денсаулық -табиғат заңдарына сәйкес келетін заңдылық , ал ауру - кездесойықтық. Сондықтан ауруды емдегеннен гөрі денсаулықты сақтап , аурудың алдын алған жеңілірек . «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің » демекші, дені сау кезде адам өзін ешқашан ауырмайтындай көрінеді . Алайда ,денсаулық көптеген жағдайда тәуелді болады .

- Дене тазалығына тұрғын үй жағдайына ,

-тағам өнімдер құрамына ,

- қозғалыс белсенділігінің деңгейіне ,

- киімнің маусымға сай болуына ,

- зиянды әрекеттерден аулақ болуға ,

-көңіл күйге.


Алдын алу шаралары .

1.Дұрыс тамақтану .

2.Алдын ала егу шаралары вакцина .

3. Тазалық -денсаулық кепілі (көрініс)

4.Түрлі жаттығулар .

Жарнама

а) Сәбіз -бұл А витаминіне жатады . Көздің көруіне сүйектер мен теріні жақсартады . Бойды өсіреді

ә) Лимон , апельсин – бұл С витаминіне жатады .

Суықтап қалғанын жақсартады .

б) Жұмыртқа Д витаминіне жатады . Қанды жақсы жүргізеді .

в) Пияз , сарымсақ дәруменге өте бай .

г) Айран

д) сүт

Көкжөтелге , туберкулезге , сары ауруға , тұмауға қарсы алдын алу егу шаралары .

3.Көрініс «Жалқаудың арманы »

Анау бала , қолын қара ,

Кір қожалақ . қап қара .

Тырнақ өскен , шашы көптен ,

Алынбапты –ау масқара .

Кітап сия , беті сия,

Салақ екен оңбаған .

Мұндай бала ,

Тазалықты білмеген .

Жалқаудың сөзі

Мұғалім сабақ сұрамаса ,

Үйде інім жыламаса .

Сиыр суды іше салса ,

Нанға апам бара салса .

Отынды көкем жара салса ,

Тамақ пісіп келе салса .

Сонда қамсыз жатар едім ,

Тәтті ұйқыға батар едім .


Ал балалар «Жалқау бала » немен дос болу керектігін жұмбақ арқылы білейік .

Жұмбақтар

Ертемен күнде сен , Шомылған баланы ,

Қолыңа сүйкесең Аймалап алады .

Кетіп кір ласың , Сүртеді қолыңды ,

Тап –таза боласың . Сүртеді жасыңды

Бұл не ? (Сабын) Бұл не ? ( Сүлгі )


Дәмі де жоқ , түсі жоқ Түйістіреді көзіңді

Пайдаланбас кісі жоқ (Су) Жолықтырады өзіңді өзіңе (Айна)


Қалтамда жатыр тісі бар Бойы бір қарыс

Тістемей ақ істер ісі бар (Тарақ ) Сақалы қырық қарыс (Сыпырғы)

-Балалар салауатты өмір салтын қалай ұстанамыз не істейміз ?

Тақпақтар


Менің таңым .

Ерте тұрып күнде мен ,

Терезені ашамын .

Сәлем ! –деймін Күнге мен ,

Шаттық әнге басамын .

Күні мол шаттық ,

Түсінемін,

Күн мен өсіп көрісем.

Содан соң үй ішімен ,

Шаттығымды бөлісемін .


Қайырлы тағ , аташым !-

Деймін келіп атама .

Қайырлы таң апашым !-

Деймін келіп апама .


Қолды шайып мен енді ,

Жарты шыны су ішем .

Шынықтырып денемді,

Жаттығуға кірісем .


Тұрады алшақ аяғым ,

Керіледі көкірек .

Еркін тыныс аламын ,

Санаймын ,

-бір ! Екі ! –деп


Тасытқан соң күшімді ,

Шынығуды бітіріп .

Тазалаймын тісімді ,

Жуынамын күтініп .

Жалықпаймын сабақтан ,

Оқимын да жазамын .

Білім нәрін таратқан ,

Ұстазда ылғи -назарым !


Мұның бәрі –

Мен білсем ,

Жаттығудың арқасы .

«Бақыттымын »деп жүрсем ,-

Алтын күннің арқасы .

Көрініс

Қуыршағым «Нағима »

Ал балалар бүгінгі сабақты қалай түсінгендеріңді білу үшін «Венн диаграмасын» қолданамыз .

Адамға пайдалы және пайдасыз .

Қорытынды

Үйге тапсырма






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық тәрбие сағаты "Аурудың алдын алу"

Автор: Мейрбекова Уркия Байбутаевна

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381342

Похожие файлы

object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ашы? т?рбие са?аты "Са?тансан сау боласын""
    ["seo_title"] => string(44) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-sak-tansan-sau-bolasyn"
    ["file_id"] => string(6) "297129"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456147524"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?рбие са?аты  "Са?таса? сау боласы?""
    ["seo_title"] => string(30) "trbiiesagatysaktasansaubolasyn"
    ["file_id"] => string(6) "297790"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456238351"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "«Ауырып ем іздегенше, ауырмауды? жолын ізде!» ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(71) "auyryp-iem-izdieghienshie-auyrmaudyn-zholyn-izdie-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "214923"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432530020"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) ""Ж?ТБ-?асыр  індеті" та?ырыбында?ы ашы?  т?рбие  са?аты "
    ["seo_title"] => string(59) "zhk-tb-g-asyr-indieti-tak-yrybyndag-y-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "162180"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422333086"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Т?рбие са?аты "Денсаулы?ты? достары мен ?астары""
    ["seo_title"] => string(52) "t-rbiie-sag-aty-diensaulyk-tyn-dostary-mien-k-astary"
    ["file_id"] => string(6) "287176"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454434892"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства