«Ауырып ем іздегенше, ауырмауды? жолын ізде!» ашы? т?рбие са?аты
«Ауырып ем іздегенше, ауырмауды? жолын ізде!» ашы? т?рбие са?аты
Ма?саты:а) О?ушылар?асалауатты?мірсалтыннасихаттау, кез келген ауруды? алдын алу шаралары туралы т?сіндіру.
?) ?з денсаулы?тарын к?те білуге ?йрету, басты байлы? –денсаулы? екенін басты назарда ?стау?а т?рбиелеу.
б) ?з ойларын ашы? айту?а, ж?рт алдында еркін с?йлеуге да?дыландыру.
Саба?ты? к?рнекілігі: слайд, смайликтер, ж?рекше, с?ра?тар ?орапшасы.
Т?рі: Кездесу са?аты
Ж?ру барысы:
«Ауырып ем іздегенше, ауырмауды? жолын ізде!» депатам ?аза? бекер айтпа?ан. Сонды?тан ?рбір адам деніні? сау болуы ?шін, кез келген ауруды? алдын алып са?тана білуі шарт.Ендеше,балалар, бізді? ?мірімізді жары? ?ылатын, жан - жа?ымыз?а тамаша с?улесін шашатын, ?мірдегі басты байлы? не деп ойлайсы?дар?
?рине, Денсаулы?.
Олай болса, бізді? б?гін ?оз?айтын та?ырыбымыз да- денсаулы? аясында. Бізді? кешімізге арнайы ?она? ретінде ша?ырыл?ан ?она?тарымыз мектеп –интернат фтизиопедиатор д?рігерлері Софья Ораз?ызы ж?не Светлана Имангали?ызы ?атысып отыр.
«К??іл-к?йді к?теру»
Денсаулы? - ?мір жал?асыны? с?улесі. ?з денсаулы?ы?а ?ам?ор болса?, жаны?а ?немі с?ттілік серік болады. ?рбір адам ?з денсаулы?ыны? мы?ты болу жолдарын ?арастыра білуі керек. Дені сау адамны? ?р?ашан да к??іл к?йі к?тері?кі болып, кез келген іске ??лшына кіріседі. Я?ни,?андай да болмасын бір істі ат?ару адамны? к??іл к?йімен тікелей байланысты.Балалар, е? ?уелі мен сендерді? к??іл-к?йлері?ді біліп ал?ым келіп т?р.К?нде адам мына та?тада к?рсетілгендей ?ш т?рлі бетпердені? бірін киіп келеді.Осы суретті? біреуін к?з алдары?а ?ою ар?ылы ?з к??іл к?йлері?ді аны?та?дар!
(О?ушылар бет пердені? біреуін та?дайды.)
«??пия ж?шік»
Рахмет,балалар!Сендерді? к??іл к?йлері? ?р?алай екеніне к?зімді жеткіздім. Кешімізді? со?ына дейін барлы?ы?ызды? да к??іл к?йлері?із ?те жа?сы болады деген сенімдемін. Ендеше, ?здері?ні? к??ілдері?ді жабыр?атып, жандары?а ?аяу салып, жауабын таппай ж?рген б?гінгі та?ырып т??ірегінде сауалдары?ыз болса, а? пара??а т?сіріп, ??пия т?рде ж?шікке салулары?ыз?а болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ауырып ем іздегенше, ауырмауды? жолын ізде!» ашы? т?рбие са?аты »
Тақырыбы: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде!» Мақсаты: а) Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, кез келген аурудың алдын алу шаралары туралы түсіндіру.
ә) Өз денсаулықтарын күте білуге үйрету, басты байлық –денсаулық екенін басты назарда ұстауға тәрбиелеу.
б) Өз ойларын ашық айтуға, жұрт алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру. Сабақтың көрнекілігі: слайд, смайликтер, жүрекше, сұрақтар қорапшасы. Түрі: Кездесу сағаты
Жүру барысы:
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде!» деп атам қазақ бекер айтпаған. Сондықтан әрбір адам денінің сау болуы үшін , кез келген аурудың алдын алып сақтана білуі шарт.Ендеше,балалар, біздің өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Әрине, Денсаулық. Олай болса, біздің бүгін қозғайтын тақырыбымыз да- денсаулық аясында. Біздің кешімізге арнайы қонақ ретінде шақырылған қонақтарымыз мектеп –интернат фтизиопедиатор дәрігерлері Софья Оразқызы және Светлана Имангалиқызы қатысып отыр.
«Көңіл-күйді көтеру»
Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз денсаулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыра білуі керек. Дені сау адамның әрқашан да көңіл күйі көтеріңкі болып, кез келген іске құлшына кіріседі. Яғни,қандай да болмасын бір істі атқару адамның көңіл күйімен тікелей байланысты . Балалар, ең әуелі мен сендердің көңіл-күйлеріңді біліп алғым келіп тұр.Күнде адам мына тақтада көрсетілгендей үш түрлі бетперденің бірін киіп келеді.Осы суреттің біреуін көз алдарыңа қою арқылы өз көңіл күйлеріңді анықтаңдар!
(Оқушылар бет перденің біреуін таңдайды.)
«Құпия жәшік»
Рахмет,балалар!Сендердің көңіл күйлерің әрқалай екеніне көзімді жеткіздім. Кешіміздің соңына дейін барлығыңыздың да көңіл күйлеріңіз өте жақсы болады деген сенімдемін. Ендеше, өздеріңнің көңілдеріңді жабырқатып, жандарыңа қаяу салып, жауабын таппай жүрген бүгінгі тақырып төңірегінде сауалдарыңыз болса, ақ параққа түсіріп, құпия түрде жәшікке салуларыңызға болады.
( Оқушылар сұрақтарын жәшікке салады)
«Дәрігерлер кеңесі»
Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегі зор екенін білеміз. Олар бар күш – жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күні – түні аянбай еңбек етеді.
Софья Оразқызы!
Жалпы адам кез келген аурудың алдын алу үшін, яғни ауырмау үшін нені білу керек?
Ең әуелі осы сауалдың жауабын бізге толықтай түсіндіріп берсеңіз!
(Дәрігер сөйлейді.)
2. Біздің қоғамда өршіп тұрған қатерлі жұқпалы аурулар көптеп саналады. Соның ішінде біз үшін басты проблема болып отырған туберкулез ауруы. Бұл ауру өте қатерлі, бұл аурудың салдарынан жылына бірнеше адам өмірмен қоштасып та жатыр.
Светлана Имангалиевна! Келесі сауалымыз сізге арналады.Осы қатерлі жұқпалы дерттің , туберкулездің алдын алу шаралары қандай болмақ? Осы төңірегінде ашып айтып кетсеңіз!
( Дәрігер сөйлейді.) 4. «Сұрақ- жауап»
Иә, туберкулез-жұқпалы ауру. Сондықтан оны жұқтырмау амалдарын сақтау, ал жұқтырған жағдайда толық емделу шараларын қатаң жүзеге асыру шарт. Сонда ғана соңғы кездерде өршiп бара жатырған жауыз iндеттiң бетiн қайтара аламыз. Енді құпия жәшіктегі сұрақтарға кезек берейік!
Балалардың арасында қандай ауру түрлері жиі кездеседі?
Имунитеттің төмен екенін қалай байқауға болады және имунитеті төмен адам ауруға шалдығады деген рас па?
Жұқпалы ауру түрлері қандай, олардан қалай сақтанып жүруге болады?
- Туберкулез адамға қалай жұғуы мүмкін?
- Адамның туберкулез ауруын жұқтырғанын неден байқауға болады?
Туберкулез ауруын қоғам болып күресіп жеңуге бола ма?
Туберкулезді жұқтырып алған адам қанша уақыт емделеді?
Туберкулез ауруы тұқым қуалай ма?
- Аурудың көбею себептері неде?
- Науқас адамнан таралатын бактерияларды қалай залалсыздандырады?
Емделген адам туберкулезден толықтай жазылып кете ала ма, әлде өмір бойы емделумен жүре ме?
Емделіп болған адам туб. диспансерден тіркеуден шыққасын балаларын интернаттан шығара ма?
Аурудың ашық түрі және жабық түрі деген не? Қайсысы қауіпті болып саналады?
Көктем мезгілінде аурулар өршіп, күшейе түседі деген рас па?
- Мiне, балалар бүгін сендер жалпы аурулар туралы ,аурудың алдын алу шаралары туралы және өз көкейлеріңде жүрген сұрақтардың жауабын түсiніп алдыңдар. Ауырмай, деніміз сау болу үшін қолымыздан келетiннiң бәрiн жасауымыз керек.
5 . Жағдаяттық тапсырмалар.
Енді жағдаяттық тапсырмаларға кезек берейік! Әр түрлі жағдайлардан біздің оқушыларымыз қалай шыға біледі екен, яғни тапқырлықтарын, ақылдылықтарын байқап көрейікші!
1.Далаға серуенге шыққанда сенің досың үнемі бас киімсіз шығады. Анасы оған жалаң бас жүруге болмайтынын, басына, миына, құлағына салқын тиіп, зақым келетінін екерткен болатын. Бірақ ол анасының тілін еш алмайды. Сенің достық әрекетің қандай?
2 . Мектептің бұрышынан өтіп бара жатқан кезіңде жоғарғы сынып қыз балаларының темекі тартып тұрғанын байқап қалдың. Бұл жердегі сенің әрекетің?
3. Сен көршіңнің үйіне жиі барасың! Бір күні ол анасының жұқпалы дертпен көп жылдардан бері ауыратынын айтты. Жұқпалы аурудың адам өміріне қаншалықты қауіп төндіретінін сен жақсы білесің! Бұл әңгімеден кейін сен көршіңмен араласасың ба?
4. Өткен аптада «Облыс орталығында туберкулез ауруымен ауыратын көп науқастар емделуден бас тартып, ауруханадан қашып кетіп жатыр,»- деп жарияланды газет беттерінде. Аурудың алдын алып емделген дұрыс па,әлде ауруын жасырып емделусіз жүре берген дұрыс па? Өз ойыңды білдір!
5. Дүйсенбі күні интернатқа келгенде гигиеналық заттарыңды ( қол орамал, сабын т.б.) үйге қалдырып кеткеніңді байқадың. Тазалық- денсаулық кепілі. Сол мезетте үйдегілерге телефон соғып, әкеліп тастауларын өтіндің. Бірақ олар қолдары тимейтінін, әкеліп бере алмайтындарын айтты. Сен енді не істейсің?
(Оқушылар жауап берген соң, дәрігерлер толықтыра кетеді.) Мінеки, балалар! Бұл сұрақтардың жауаптарын да бір мезетте шеше білдіңдер. Мұның бәрі сендердің ақылды, тапқыр екендеріңді білдіреді. Әркімнің өз денсаулығы өз қолында. Дені сау адам ұзақ ғұмыр кешетіні белгілі. Сонымен адам өз денсаулығын нығайту үшін, ұзақ өмір сүруі үшін не істеуі қажет? Осы турасында біз қазір ойын ойнаймыз.
6. «Жалғастыру» ойыны.
Бұл ойын «Денсаулығыңды ойласаң» деп аталады.
Иә, үнемi тиімді тамақтану,жеке бас гигиенасын сақтау, таза ауада демалу, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану біздің денсаулығымыздың мықты болуының кепiлi. Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте замандардан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибадатты сөздер адам баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Тіпті, азабын арқалатып діңкесіне тиген жамандықтан құтыла алмай, дертке амалсыз көніп, көмек тілеп алдына келген науқасқа да дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі де тамаша қуат береді екен. Ал қазір сіздердің медицина тілінде жас ұрпаққа айтар тілектеріңіз қандай?
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «... Біздің білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл біздің - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы ауқымды қадамымыз.» деп айтқан болатын. Басты байлығымыз денсаулығымыз мықты болса, барлығына да қол жеткіземіз.Халықтың денсаулығын сақтау, нығайту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халаттылардың еңбегі жана берсін!Біздің кешімізге келіп, арнайы сұхбат бергендеріңізге көп-көп рахмет! Еңбек жолында жасаған игі істеріңіздің жемісін көріп жүре беріңіздер! Дендеріңіз сау болсын!