Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Денсаулы?ты? достары мен ?астары"»
«Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №5 жалпы білім беру орта мектебі»
Тақырыбы: «Денсаулықтың достары мен қастары»
Сынып жетекшісі: Жалгасбаева.А.С.
Сыныбы: 6«А»
Ақтау – 2015ж
Тақырыбы: «Денсаулықтың достары мен қастары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қоршаған орта, денсаулық жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: Ойлай білуге, ойын жүйелі түрде жеткізуге, зерттеу дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу:
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бүктеме, суреттер
Әдісі: Сұрақ – жауап
Тәрбие сағатының түрі: Біріккен сабақ
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе
Хор: «Қазақстаным»
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз бұрын әліппеден, математикадан, ана тілінен ашық сабақ және тәрбие сағаттарын өткізгенбіз. Бүгінгі сабақ оларға ұқсамайтын өзгеше сабақ.
Денсаулыққа қатысты мақал мәтелдер сұралады.
Осының алдында айтқан мақал мәтелдеріңде «Аурудың алдын ал» деп айттыңдар. Қашанда аурудың алдын алып, дер кезінде дәрігерге көрінген абзал.
Көрініс: «Әже мен бала». Далада немересі ойнап жүреді. Әжесі сабақтан қалып қоятынына, уақытында тамақ ішпегеніне мазасызданып шақыра береді. Әжесін әбден шаршатып немересі келеді. Келе салып, кітап, дәптерін, киімін іздейді. Тамақты асығыс шайнайды. Қолын да жумайды.
Осы көрініс жайлы жекелеген оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.
«Денсаулықтың достары мен қастары» леп аталатын монтаж.
Қазақ халқының педагогикасы әдет – ғұрып жырларында да терең қамтылған. Сол әдет – ғұрып жырларының бірі - «Өс-өс!» жырында:
Өс – өс балам, өсе бер,
Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі,
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық,
Епті болсын балтырың
Епті боп өссін, жарқыным, өс – өс! – деп тілек айту дәстүрлі сақталған. Ол жас нәрестенің дене құрылысының дұрыс өсуіне жасалған қамқорлық.
Біздің әдет – ғұрып жырларының бірі - «Тұсау кесерде» ұрпағының әрі күшті, әрі білімді болып өсуі үшін мынадай тілек білдіреді:
Қаз – қаз, балам жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай, құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан са бер.
«Ауру - астан » дегендей, денсаулыққа шипалы әрі жеңіл астың бірі – сүт өнімдері. Ол жайында әдет – ғұрып жырларында былай делінген:
Ақ сиырдың сүтін іш,
Ақ сүт берер саған күш,
Шым – шым мөлдір суға түс,
Тұмау келсе, қуа түс.
Орта Азияда екінші Аристотель аталған Әл – Фараби «Егер тән саламат болса, онда сол халді сақтау керек, егер дімкәс болса, онда сол кеселді жоюдың тәсілдерін қолдану керек» деген.
Өмірдегі ең қымбаты алтын емес,адам.Ең қымбатты адам болғаннан кейін оған қажеттісі-денсаулық.Денім сау болсын десең,денсаулықтың достарын біліп қойыңдар.Абай атамыз айтқандай.
Талап,еңбек,терең ой
Қанағат,рақым,ойлап қой.
Денсаулықтың достары – таза ауа, күннің сәулесі. Денің сау болу үшін таза ауа күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.
Адам күш – қуатты тамақтан алады. Денсаулықтың досы – тамақ. Тамақты асықпай дұрыстап шайнап жеу керек. Дұрыс шайналмаған ас асқазанға зиян келтіреді.
Адам еңбегімен қадірлі. Денсаулығың мықты болсын десең, денсаулықтың досы – еңбек.
Денім сау болсын десең, денсаулықтың досы – киімдеріңді жылдың төрт мезгіліне лайықты киіну керек. Аурудың көбі суықтан да болатынын ұмытпа.
Денсаулықтың достарының бірі – тазалық. «Тамақты қазақша қолмен жесең, қолыңды сабындап жу» деп Халел Досмұхамедұлы айтпақшы, әсіресе, бау – бақша өнімдерін жеместен бұрын қол жууды ұмытпауымыз керек. Өйткені жеміс – жидек өнімдері жұқпалы іш ауруларын жылдам туғызады.
Денсаулықтың қастары:
Абай атамыз айтқандай: Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Денсаулықтың қастарының бірі – еріншектік. Бетін суық суға тигізгеннен қорқып, денесін шынықтырмай, есік алдына шығып ойнамай, еңбек етпей жүрген балаларды айтамыз.
Денсаулықтың қастарының бірі – демалмастан ұзақ уақыт теледидардың алдында отыру.
Денсаулықтың қастарының бірі – шамадан тыс тамақ ішу.
Денсаулықтың қастарының бірі – әке – шешенің, мұғалімнің, үлкен адамдардың айтқандарын тыңдамау. Ол кісілер оқы, үйрен дейді. Ал оқып үйренсең, ойдың сергектігі денсаулықты тазалыққа жетелейді.