kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Сиқырлы қазан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке  дейінгі  дайындық  тобына  арналған     ашық сабақ  үлгісі .Сайыс түрінде  өткізілген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Сиқырлы қазан"»

«Кубизм» әдісі

Кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ТЫС ШАРА

«Білгірлер сайысы»

Шараның мақсаттары:
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру,

Шараның түрі: сайыс
Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар, Ы.Алтынсариннің портреті мен сөздері.

Шараның эпиграфы:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Шараның барысы:

Жүргізуші-

1.Кіріспе.
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.
Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады.Тапсырма саны-9,әр кезең сайын бір оқушы (аз ұпай жинаған) сайыстан шығады. Соңғы кезеңге 2 оқушы шығады, солардың арасынан жеңімпаз анықталады. Біздің сайысының әділ қазылар алқасылары болады. Олар, осы сайысының кезеңдеріне дұрыс жауаптар берген оқушылардың ұпайларын бақылап қосады да, соңында жеңімпаз оқушыны анықтап, марапаттайды.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. «Бәйге» .Сұраққа жауап бер-5 ұпай;
2. «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу-10 ұпай;
3. Полиглот-10 ұпай;
4. Сөз құру-1 ұпай;
5. Тақырыптық әңгіме құру-10 ұпай;
6. Тестілеу- «Қай септік?»-1 ұпай;
7. Сөздердің антонимдерін тап және аудар-1 ұпай;
8. Мақалды аяқта-5*3- 5 ұпай;

9. «Жорға»-әр жауапқа 5 ұпайдан.
3.Сайыстың жүруі:
1-кезең «Бәйге».

Сайыскерлердің қолында оған берілген өз саны.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер өз сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.Ең аз ұпай жиналған сайыскер ойыннан шығады.
1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
2.Абайдың шын аты? (Ыбырай)
3.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы)
5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден)
6. «Главные члены предложения» қазақша қалай болады? (тұрлаулы сөйлем мүшелері)
7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан)
8.Қыста не жауады,не сөғады? (қар,боран)
9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда)
10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?)
11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)
12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер)
13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім?

(Әл-Фараби)
14.Есімдік дегеніміз не? (Местоимение-правило, полный ответ)
15.Бір жылда неше күн бар? (365)
16.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін атаңдар?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)
18.Етістіктің неше шақтары бар, атаңдар? (нақ осы шақ, ауыспалы келер шақ, өткен жедел шақ)
19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100)
20.Қазақ тілінің қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар? (дауысты-15,

дауыссыз-25)

2-кезең «Шешуін тап».
Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады.
1.Тұзда бар,суда жоқ.
Мұзда бар,буда жоқ. (ұ)
2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ.
Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ)
3.Үйде бар,шиде жоқ.
Күйде бар,биде жоқ. (ү)
4.Қазда бар,үйректе жоқ.
Құрда бар,шілде жоқ. (қ)
5.Дәнде бар,елде жоқ.
Сәнде бар,селде жоқ. (ә)
6.Бірде бар,үште жоқ.
Екіде бар,бесте жоқ. (і)
7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ.
Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ)
8.Шөлде бар,далада жоқ.
Көлде бар,теңізде жоқ. (ө)
9.Қайсы әріп қасарып,
Көнбейтін болуға бас әріп? (ң)
3-кезең «Полиглот».
Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 10 ұпайдан,жиыны-20 ұпай беріледі. Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам. Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды- ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ және орыс тілдеріне аударыңдар.
1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок)
2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег)
3.Қаласы бар,үйі жоқ.
Өзеңі бар,суы жоқ.
Орманы бар,бүрі жоқ.
Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта)
4.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама!
Немесе-
Көп әңгімем,өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Соған тиер көмегім. ( кітап-книга)
5.Түк білмей барасың,
Тәлім аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа)
6.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед)
7.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи)
8.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник)
4-кезең. «Қазақстандықтар» сөзінен сөз құрулары қажет,ең аз сөз құрған сайыскер ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі.
5-кезең Қалған ойыншы өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды.
Ұсынылған тақырыптар:
1.Менің отбасым;
2.Менің досым;
3.Менің мектебім;
4.Менің күн тәртбім;
5.Менің ауылым;
6.Қыста.
6-кезең «Қай септік?»

-ойыншылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады.Қалған 5 сайыскер өздері таңдап алған парақтары бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа берілетін ұпай саны-5.Ұпай аз ойыншы шығарылады.
1.Барыс септікті сөз тіркесін тап:
А)қаладан келді;
ә)қаланың адамы;
б)қалаға барды;
в) қалада тұрада
2. Жатыс септікті сөз тіркесін тап:
А)мектепке келді;
ә)мектептен қайтты;
б)мектепті бітірді;
в)мектепте оқиды;
3.Табыс септікті сөз тіркесін тап:
А)ауылдың малы;
ә)ауылға бардым;
б)ауылдан келдім;
в)ауылды жақсы көремін;
4.Шығыс септікті сөз тіркесін тап:
А)оқушымен келді;
ә)оқушыдан сұрады;
б)оқушыны көрді;
в)оқушыға қарады;
5.Көмектес септікті сөз тіркесін тап:
А)қаламды алдым;
ә)қаламның сиясы;
б)қаламмен жаздым;
в)көп қалам

7-кезең

Сайыскерлер сөздердің антонимдерін жазып айтады. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін және олардың аудармасын айту қажет. /участники находят и озвучивают антонимы данных им слов, с переводом/
1.Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.жаңа –ескі /новый –старый/
2.бүгін - кеше /сегодны-вчера/
3.жақсы –жаман /хороший-плохой/
4.тар – кең /узкий-широкий/

2.Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.аз – көп /мало-много/
2.биік - аласа /высокий-низкий/
3.кішкентай – үлкен /маленький-большой/
4.ерте –кеш /рано-поздно/

3. Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.күн-түн /день-ночь/

2.алыс-жақын /далеко –близко/

3.аш-жап /открой-закрой/

4.қысқа-ұзын /короткий-длинный/

4. Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.кедей – бай /бедный-богатый/

2. үстінде –астында /наверху-внизу

3.ақ – қара /белый-черный/

4.жақсылық –жамандық /добро-зло/
1. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз
1.новый -жаңа
2.расписание –кесте
3.дедушка -ата
4.хлеб -нан

2.Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз
1.время -мезгіл
2.год -жыл
3.август -тамыз
4.лето –жаз

3. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз

1.класс –сынып

2.сахар-қант

3.окно-терезе
4.дерево-ағаш

4. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз

1.старый –ескі

2.врач-дәрігер

3.независимый-тәуелсіз

4.учебник-оқулық

8 –кезең. «Мақалды аяқта»

кезеңінде қалған 3 сайыскерге мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі. Әр мақал үшін 5 ұпай есептеледі.
№1.
1.Өмір-үлкен ..... (мектеп)
2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз)
3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)

2.
1. ... бір күні,қыстың ...айын асырайды (күздің,бір)
2.Ұстаздан шәкірт .... (озар)
3.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)

3.
1.....жолдастан таяғым артық (жаман)
2.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта)
3.Кітап- ....,тілсіз мұғалім (ғалым)

9 –кезең. «Жорға»

Қалған екі сайыскер минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Көп ұпай жинаған оқушы сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады.

1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1.Тілдер күні (22 қыркүйек)
2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт)
3.Республика астанасы (Астана қаласы)
4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ)
5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ)
6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)
7.Кабинет истории (тарих кабинеті)
8.Біздің аудан атауы (Атбасар)
9.Бала оқытатын адам (мұғалім)
10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).

2-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы)
3. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы)
4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз)
5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір)
6. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті)
8.Адамды кім емдейді? (дәрігер)
9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен)
10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков).

Сабақтың тақырыбы:  Қазақ халқының ауыз әдебиеті.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың білімі мен біліктіліктері арқылы ой-өрістерін дамыту; қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ұшқырлық, ой қабілеттерін шыңдау;

2. Шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, сөздік қорын молайту;

3. Тапқырлыққа, ізденушілікке баулу, ұйымшылдыққа,  достық сезімдеріне тәрбиелеу.

Іс-шараның әдісі: сайыс сабақ.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар, шарлар, мақал-мәтелдер жазылған плакат, жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер, смайликтер, сандықша, шашу кәмпиттері, сыйлықтар.

     Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ «Жүзден жүйрік» музыкасымен басталады.

1-слайд.  «Халық ауыз әдебиетінің түрлері»

Сыныптан тыс сағатымыздың тақырыбы:  Халық ауыз әдебиетінің түрлері. Халық ауыз әдебиетінен білімдерімен күш сынасуға 5 А, 5Г сынып оқушылары келіп отыр.

   2) Сайысымызды бастамас бұрын, сендерді бүгін бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейін :  (музыка).

1.     10 А сынып оқушысы – Ерғали Жаннұр

2.     10 А сынып оқушысы –Кинаятова Карина

  3) Сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз. ( аттарымен, ұранымен таныстыру).

1-ші топтың аты – «Бірлік», ұраны «Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады», таңбасы - …………..(музыка).

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

2-ші топтың аты – «Достық», ұраны «Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды», таңбасы - ……..(музыка).

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.

      Сайысқа қатысушы топтармен таныстық,  ендеше  балалар,

Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,

Сұрақтарға нақ жауап беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - дей келе біз алғашқы  сайысымызды бастайық!

     Бұл сайыста сендерге тек жеңіс тілеймін. Өз білімдеріңді жан-жақты көрсете біледі деген сенімдемін.Кәнекей, экранға назар аударайық !

     (2-слайд).  Сайысымыздың І айналымы – Сұрақ-жауап  деп аталады. Таңдалған сұрақтарға жауап беру.  (екі топ мүшелері кезекпен ұяшық таңдайды, ұяшықтағы санға сәйкес сұрақтарға жауап береді).

      (3-слайд.  ұяшықтар) Сұрақтар:

1.     Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

2.     Мақал- мәтелдердің басқа әдеби шығармалардан айырмашылығы қандай? 

3.     Ауыз әдебиеті ғылымда қалай аталады?

4.     Халық ауыз әдебиетінің қай түрінде сөздер ұйқасып, әр сөзі тез айту үшін құрылады?

5.     Ертегілердің қандай түрлерге бөлінеді?  

6.     Тұрмыс-салт жырларына қандай өлең-жырлар жатады?  

Бірінші айналымның қорытындысы тақтада көрсетіледі. Музыка.

(4-слайд «Шашыраңқы»).                         

ІІ  айналым. «Шашыраңқы». Шарты: Мақал-мәтелдердің сәйкестігін табу.Плакатта жазулы тұрған мақалдарға конверттен қима қағаздар арқылы мақалдарды сәйкестіру.

1-топқа берілген мақал-мәтелдер.

           1. Отан - оттан да ыстық.                       а)  Еңбегіне қарай өнбегі

2. Еңбегі аздың өнбегі аз.                       ә) Ер дәулеті – еңбек

3. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.            б) Туған жерге туың тік.

4. Еңбек қылсаң ерінбей,                       в) Туған жердің күні де ыстық,

    Тояды қарның тіленбей.                         Түні де ыстық.   

5. Білекті бірді жығар,                           г) Кім еңбек етсе, сол тоқ.

    Білімді мыңды жығар.

6. Ердің атын еңбек шығарар               д)  Күш – білімде. 

2-топқа берілген мақал-мәтелдер.

1.     Туған жердей жер болмас,               а) Сөз асылы –мақал.

Туған елдей ел болмас.

2.     Батыр қол бастайды,                         ә) Дос жылатып айтар,

Шешен сөз бастайды.                           Дұшпан күлдіртіп айтар.

3.     Сөз мәйегі – мақал .                          б) Ел-елдің бәрі жақсы,

4.     Көп сөз – көмір,                                     Өз елің бәрінен жақсы.

Аз сөз – алтын.                                   в) Шешен сөз бастар,

5.     Бал тамған тілден у тамар.                    Батыр қол бастар.    

6.     Дос сыртыңнан мақтар,                     г) Көп біл, аз сөйле.

Дұшпан көзіңе мақтар.                      д) Басқа пәле тілден.

2-айналымның қорытындысы.  (Музыка орындалады).

               5-слайд.   

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын беру керек үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Жақсы баға(жауап), шәкірт саған несібе.

ІІІ  айналым. « Жанды сұрақтар».

   Қойылған сұраққа қай топ бірінші жауап береді , сол топқа ұпай саналады. Сондықтан мұқият тыңдап, тез жауап беруге тырысыңдар.

1-сұрақ. ( Хавлюк Марина Васильевна – бастауыш сынып мұғалімі)

               - Сәлеметсіңдер ме, сайысқа қатысушылар! Сендерге сайыста тек алда болуға тілеймін. Менің жасыратын жұмбағым:

                        Суға батпайды, Отқа жанбайды. Ол не?

2-сұрақ. (Мессерле Татьяна Алексеевна – музыка пәнінің мұғалімі).

               Балалар, мені мұқият тыңдаңдар. Мына жұмбақты шешіңдер:

               Жаны жоқ болса да, Ақылды адам ісін істейді. Бұл не?

3-сұрақ. (Қайыркенова Жанар Мүслимовна – қазақ тілі мұғалімі).

  Менің жұмбағыма ойланып жауап беріңдер. Мен сендерге сәттілік тілеймін!

Екі аяққа байлап,

Сырғанайсың жайлап.

3 – айналымның қорытындысы. Музыка орындалады.

       6-слайд   (Ертегі туралы).

IV  айналым:  «Ертек, ертек, ерте  екен,

                            Ешкі жүні бөрте  екен.

                            Қырғауылы қызыл екен,

                            Құйрықтары ұзын екен.»  деп аталады. (2 парақ қағаз).

      Берілген бір бет парақта ертегіден үзінді келтірілген. Сайыскерлер бұл үзінді қай ертегіден алынғанын анықтау керек. Анықталғаннан кейін, бұл үзінді бойынша қажетті заттар мен костюмдарды қолдана отырып, көрініс қою қажет.

1-үлестірме.

... Қараса, бір дәу екі тауды біріне бірін шақпақ қылып, ұрып тұр екен.

- Қайда бара жатқан шалсың?  Кел, екеуіміз күш сынасайық! – деп, қазандай бір тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де, қайта қағып алып: - ал, шал, осыны осылай қақпақыл етші! – дейді дәу Қаңбақ шалға.

     Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап, аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.

      Сонда дәу:

- Е, не қып тұрсың? Лақтыр! – дейді.

      Шал тұрып:

- Аспанға лақтырсам, «аспан айналып жерге түседі-ау!» деп, жерге қақпай түсірсем, «жер ортасынан ойылып түсе ме?» деп, қауіптеніп тұрмын! – дейді.

      Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:

- Ақсақал, лақтырмай-ақ қой, текке қырыламыз! – деп жалынып қойғызады.

2-үлестірме

     Мақта қыз бен мысық дос болыпты.Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. ( Кіс, кіс,кіс,

 Мысық келмейді. Қыз: « Келмесең келме! Өзім жеп қоямын! » - деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:

-( Мяу!  Неге шақырдың? – деп сұрайды.

Мақта қыз: -Айтпаймын!

Содан соң мысық:

- Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.

Мақта қыз:

- Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

- Апа, апатай, құйрығымды берші! – дейді мысық.

Мақта қыз:

- Менің қатығымды төле, беремін. – дейді.

 ( 7-слайд Көрермендердің суреті)

       2 топ көрініске дайындалғанша, Көрерменнен ұпай деп көрермендерден жаңылтпашты кім тез және мәнерлеп оқи алатынын байқаймыз. Көрерменнен қатысушы ұпаларын қай топқа сыйлағысы келеді, сол топқа есептеледі.

1-жаңылтпаш.

Сыныпта ақ бор бар,  

Көк бор бар,   

Көп бор бар.

2-жаңылтпаш.

Тақпақ жатта,

 Жатқа жатта.

3-жаңылтпаш.

Біл, бұл – піл,     

Бұл – бір ірі піл.

4-жаңылтпаш.

Олар Оралдан оралды,    

Бұлар Аралдан оралды.

ІҮ айналым мен көрермендерден ұпай қорытындысын

V  Қазылар алқасы қорытынды шығарғанша,

(8-слайд.  «Өтірік өлеңдер»)  

     Үй тапсырмасына «Өтірік өлеңдер» тақырыбы бойынша берілген тірек сөздерді қолдана отырып, өтірік өлеңдер құрастырып келу тапсырылған.

Мазмұны бойынша сурет салып келу.           

 Мысалы,

1---топқа берілген сөздер:  Арыстан, балық, сұрау, кешіру.

2-топқа берілген сөздер:  құмырсқа, құм, көл, аққала

Қазылар алқасы қорытынды шығарып, қатысқан топтар марапатталады.

   (9-слайд. –ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! )

VI. Қорытынды:  Ортаға  « Сиқырлы қалта» төп ете түседі, ішінен смайликтер пайда болады.  Әр смайликтің артында тілек сөздер жазулы тұрады, әр бала өздерінің сол жақтағы көршілеріне тілектерді оқи отырып табыс етеді.

 - Ал, сандықтың түбінде тағы не бар екен?! ( Балалар – О!О!О!) кәмпиттер!

 - Қазақтың салты бойынша сайысқа қатысушылар мен келген қонақтарға шашу! деп шашу шашылады. Қыздар ән айтып, би билейді.

                                               Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

                                               Қиындықтан өткізер.

- Осымен сайыс сабағымыз аяқталды, сау саламатта болыңыздар!

Интеллектуалды сайыс

(қазақ тілі онкүндігіне орай 5 «В» сыныбының

екі топ арасында өткізілген іс — шара)

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту;   қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.

  1. Әдісі: сайыс сабақ
    Көрнекілік: ұяшықтар, түсті кітаптар, қима қағаздар, әріптер

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1) алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) әділқазылар алқасын сайлау.
3) сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) «Танысу»

5) «Алтын ұяшық»

7) «Суретшілер»

8) «Түрлі — түсті кітаптар»

9) «Кім жылдам?»
Армысыздар  құрметті қонақтар,  қатысушылар! Бүгінгі «ЗЕРДЕ» сайысын тілдер онкүндігіне орай  өткізгелі отырмын.

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас,  — деп, Байділда Сарноғаев барлығымызды ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.

     Осымен «ЗЕРДЕ» интеллектуалдық ойынын ашық деп жариялаймын.

Сәттілік тілеп, ойынды бастау

Қатысушылар екі қатарға отырады, әділқазылар алқасы сайланады:

Оспанова Айгүл Антоновна
І тур «Танысу»

І топтың аты — «Құстар»
ІІ топтың аты — «Самға»

(Әр оқушы өзін таныстырып өтеді)

ІІ тур «Алтын ұяшық» (екі топтың қатысушылары кезектеп ұяшық таңдайды, таңдаған ұяшықтағы ережелерге байланысты сұрақтарға жауап береді)

Қазақстанның елбасы кім?

Қазақстанның астанасы қай қала?

Неше дауыссыз дыбыс бар?  Түрлерін ата

Неше дауысты дыбыс бар? Түрлерін ата

Қазақ тілінде неше септік бар? Түрлерін  ата

Жалғаулардың түрлерін ата

ІІІ тур «Суретшілер»  (мұғалім оқып тұрған өлең жолдарының мағынасын суреттеу)

Қоңыр қарындаш аламын,

Онымен жерді бояймын.

Сары қарындаш аламын,

Алтын  күнді бояймын.

Көк қарындашты аламын,

Көгілдір суды саламын.

Жасыл қарындаш қолымда,

Онымен шөпті саламын.

Салған суреттерін қорғау (не түсінді,не салды?)

IV тур «Түрлі –түсті кітаптар» (оқушылар кезектеп кітап таңдайды, кітаптың ішінде берілген тапсырманы топтасып орындайды)

«Кітап» сөзін жекеше түрде тәуелде

«Ән» сөзіне фонетикалық талдау жаса

Сын есімге және сан есімге  5 мысалдан келтір

«Қалам, оқулық, ғарышкер»  сөздеріне көптік жалғау жалға

«Оқушылар тіл апталығына қуана қатысты» Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тап

«Балалар спорттық жарыстан бірінші орын алды» сұраулы сөйлем жаса

V тур «Кім жылдам?» (әр қатысушының алды – артына әріптер жапсырылады, берілген уақыттың ішінде мұғалім сөздерін аударып, жылдам керекті ретпен тұрып сөз аудармасын көрсетулері қажет; күй «Адай» ойнап тұрады)

к  м   и   л   і   е                              б   а   р   б   қ   с

1   2   3   4   5  6                              1  2   3   4   5   6

д  ә   п   т   е   р                              о  т   а   н   ы   м

Жіңішке әріптер қатарына: тетрадь,квартира, школа, одежда, лекарство, ковер.

Жуан әріптер қатарына: моя Родина, семья, мыло, урок, лес.

Әр топқа әділқазылар алқасы бағаларын қояды, жеңімпаздарды анықтайды.

«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» — дейді Г.Гегель.

Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі интеллектуалды сайысымыз өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін алғысымды білдіремін.

Тіл жүйрікте кім жүйрік? (сыныптан тыс сайыс сабағы)

admin 9-04-2014, 12:11 13 049 Сыныптан тыс жұмыс

Смаилова Елназ Ернұрқызы
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы Целиноград ауданы №1 Қосшы орта мектебі

Тіл жүйрікте кім жүйрік? (сыныптан тыс сайыс сабағы)

Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
(сыныптан тыс іс-шара 8 «А», 8 «Ә» сыныптар арасында ұйымдастырылады. Әр сыныптан 5 оқушы және сынып жетекшілері қатысады.)
Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Исина Гүдариға Есламбекқызы және Тукеева Жанар Орынбаева, Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.

– Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
І. Таныстыру
ІІ. Деген екен
ІІІ. Білімді мыңды жығар
ІҮ. Өлең өрнегі
Ү. Сөз болаты – мақал
ҮІ. Бейнесұрақ
І. Таныстыру. Бұл бөлімде әр топ өз тобының атымен және ұрандарымен таныстырады.
– Енді таныстыру бөлімі бойынша әділ қазылардың берген ұпайларын көрейік.
ІІ. «Деген екен» деп аталатын бөлімде әр топ өздерінің дайындалып келген шешендік сөздері бойынша сайысқа түседі. Сайыскерлерімізді шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Оқу мәнеріне назар аударылады.
- Осы бөлім бойынша әр топтың ұпай сандары сұралады.

ІІІ. «Білімді мыңды жығар» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді.
8 «А» сыныбына қойылатын сұрақтар реті
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).
5. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
7. Синтаксис нені зерттейді? (сөз тіркесі, сөйем мүшелері)
8. Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу)
9. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
10. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

8 «Ә» сыныбына қойылатын сұрақтар реті
1. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
2. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
3. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
4. «Абай-қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
5. -Балталы, Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман қол! – үзінді қай жырдан алынған?
6. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата (жалғау арқылы, шылаулар арқылы, орын тәртібі арқылы, интонациы арқылы)
7. Морфология нені зерттейді? (сөз құрамы, сөз таптары)
8. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.
9. Әдебиет қай тілден енген сөз, қандай мағына береді? (араб тілі, асыл сөз).
10. Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады? (проза)
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.
ІҮ. «Өлең өрнегі» деп аталатын бөлімде тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырынған тақырыпқа өлең шығару.
– Құрметті көрермендер ақындарымыз өлең сөздерін аяқтағанша біз 8 «А» сыныбының оқушысы Қабылда Жаңабикенің орындауындағы «тттттттт» күйін тыңдайық.
– Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.
Ү. «Сөз болаты-мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз.Ү турымыздың шарты бойынша сайыскерлер, сендерге сөздер беріледі, сол сөзі бар қандай да бір мақал тауып айтуларың керек.
– Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көтерсеңіздер.

ҮІ. «Бейнесұрақ» бөлімінде әр топ экранда көрсетілген суреттегі тұлға жайлы мәлімет айту керек
– Құрметті әділ қазылар ұпай сандары сұралады.
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: «Тілім- менің асыл қазынам».
Мақсаты:
Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға тәрбиелеу.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, буклеттер.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші,
«Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Барысы.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: Сынып бес топқа алдын ала бөлініп қояды. Әр топтың басшылары тағайындалады. «Қазына» « Дастан» « Мұрагер» «Шежіре» «Тұлпар»
1. “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.
2. “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” мәнерлеп оқу
3. “Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы
4. “Тапқыр дос” өлең құрастыру
5. “Сөз тапқанға қолқа жоқ” керек сөзді тауып, екі тілге аудару
6. “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы
1. турымыз “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз. Әр топ өздерін таныстырады.
2. турымызды “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” деп атап,
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады. - дей келе,
Қазақ ақындарының шығармасынан өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Ақындардың өлеңіне арналады.
3. туры мақал-мәтелдерге арналады. Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұраны қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді..
“Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы мақалдың жалғасын тауып, жалғастырып айтады.

1. Өнер алды – ....................
2. Ана тілі азбасын,
.......................................
3. Тіл тас жарады, ............................
4. Бас кеспек болса да, ............................
5. Шебердің қолы ортақ, .........................
6. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл,
..............................................
7. Ақылдың көркі – тіл.
......................................................
8. Тілден артық қазына жоқ,
................................................
9. Тіліңді ноқталасаң,
......................................................
10. Білекті адам бірді жығады,
.............................................

4. тур. Осы кезекте алдын-ала дайындалған парақтардағы мақал-мәтелдердің түсіп қалған сыңарын тауып екі тілде баламасын айту.

1.Құлақтан кірген.... Жүрекке барып мұз болар
(Сөз-слова)
2.Таза мінсіз асыл ... Су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.
(тас-камень)
3. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ.
(тіл – язык)
4.Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.
(су – вода)
5.Ілім – бұлақ... – шырақ!
(білім – знание )
6. Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын.
(сегіз – восемь )
7.Тіл тас жарады, Тас жармаса...жарады.
(бас-голова)
8.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл.
(Ілім-знание)
9.Қаһарлы сөз ... бұзар.
(Қамал-замок)
10.Ине көзінен сынады, ... сөзінен сынады.
(Шешен –оратор)
11.Айтылған сөз, атылған ... тең.
(Оқ-пуля)
12 ... сөз жарым ырыс.
(Жақсы-хорошее)
Полиглот» Шешімін тауып үш тілде айту, дұрыс жауап 15 ұпай 1. Мектеп кеме, білім ...(теңіз- ... - ... ) 2. Отансыз адам, ормансыз ... (бұлбұл - ... -... ) 3.Өнер алды қызыл ... (тіл - ... -... ) 4. Күш білімде, білім ... (кітап -... - ... ) 5. Абай Құнанбаев ұлы ... (ақын -... - ... ) 6. Көп тіл білу ... талабы. (өмір ... -... ) 7. ... оттан да ыстық. (Отан - ...- ... )

7. Сайысымыздың келесі бөлімі “Тапқыр дос” өлең құрастыру
деп аталады, берілген әріптерге өлең құрастыру . А,Б,Қ,О
8. “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы
Берліген сөздерден мақалдар құрайды.
Қорытындылау, марапаттау.
Жүргізуші: Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты 8-сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош сау болыңызар!

Қорытынды: «Тіл – қазына, тіл – тапқырлық, тіл – тіл – мемлекет, тіл – даналық. Ендеше сайысымызды Шона Смаханұлының «Анамның тілі» өлеңімен аяқтаймыз..

Анамның тілі
Өмірге келдім Мектепке келдім, Анамды көрдім, Ұстазды көрдім. Деді ол: «жаным» Тыңдадым сөзін «Арайлы таңым». Табынып сүйіп. Самал боп желпіп, Анамның тілі, Жырымен ертіп. Аяулы үні. Үйретті тынбай, Жүрекке нұрын Бал тілін маған. Жіберді сеуіп.
Қайырмасы:
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай-күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.

Білгірлер сайысы

Шараның  мақсаттары: 

1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту; 

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; 

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау. 

Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру. 

Шараның түрі: сайыс  

Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар. 

Шараның эпиграфы: 

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, 

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. 

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- 

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар. 

Шараның  барысы: 

Жүргізуші-

1.Кіріспе. 

-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу. 

Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады.Тапсырма саны-9,әр кезең сайын бір оқушы (аз ұпай жинаған) сайыстан шығады. Соңғы кезеңге 2 оқушы шығады, солардың арасынан жеңімпаз анықталады. Біздің сайысының  әділ қазылар алқасылары болады. Олар, осы сайысының кезеңдеріне дұрыс жауаптар берген оқушылардың ұпайларын бақылап қосады да, соңында жеңімпаз оқушыны анықтап,  марапаттайды. 

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 

1. «Бәйге» .Сұраққа жауап бер-5 ұпай;  /ответь на вопрос -5 баллов за каждый/

2. «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу-10 ұпай; /найди ответ, алфавитные загадки-10 баллов/

3. Полиглот-10 ұпай;  /10 баллов за каждый ответ/

4. Сөз құру-1 ұпай; /составь слова -1 балл на каждое слово/

5. Тақырыптық әңгіме құру-10 ұпай; /составить рассказ по теме-10 баллов/

6. Тестілеу- «Қай септік?»-1 ұпай; /тест- «Какой падеж?» - 1балл за правильный ответ/

7. Сөздердің антонимдерін тап және аудар-1 ұпай; /если правильно-1 балл/ 

8. Мақалды аяқта-5*3- 5 ұпай;  /закончи пословицу – за каждую пословицу 5 баллов/

9. «Жорға»-әр жауапқа 5 ұпайдан. /за каждый ответ по 5 баллов/

3.Сайыстың жүруі: 

1-кезең «Бәйге». 

Сайыскерлердің қолында  оған берілген өз саны.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер өз сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.Ең аз ұпай жиналған сайыскер ойыннан шығады. 

1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев) 

2.Абайдың шын аты? (Ыбырай) 

3.Қазақ тілінде неше септік бар? (7) 

4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы) 

5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден) 

6. «Главные члены предложения» қазақша қалай болады? (тұрлаулы сөйлем мүшелері) 

7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан) 

8.Қыста не жауады,не сөғады? (қар,боран) 

9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда) 

10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?) 

11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?) 

12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер) 

13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім?

 (Әл-Фараби) 

14.Есімдік дегеніміз не? (Местоимение-правило, полный ответ) 

15.Бір жылда неше күн бар? (365) 

16.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін атаңдар?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) 

17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24) 

18.Етістіктің неше шақтары бар, атаңдар? (нақ осы шақ, ауыспалы келер шақ, өткен жедел шақ) 

19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100) 

20.Қазақ тілінің қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар? (дауысты-15, 

дауыссыз-25)

2-кезең «Шешуін тап». 

Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады. 

1.Тұзда бар,суда жоқ. 

Мұзда бар,буда жоқ. (ұ) 

2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ. 

Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ) 

3.Үйде бар,шиде жоқ. 

Күйде бар,биде жоқ. (ү) 

4.Қазда бар,үйректе жоқ. 

Құрда бар,шілде жоқ. (қ) 

5.Дәнде бар,елде жоқ. 

Сәнде бар,селде жоқ. (ә) 

6.Бірде бар,үште жоқ. 

Екіде бар,бесте жоқ. (і) 

7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ. 

Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ) 

8.Шөлде бар,далада жоқ. 

Көлде бар,теңізде жоқ. (ө) 

9.Қайсы әріп қасарып, 

Көнбейтін болуға бас әріп? (ң) 

3-кезең «Полиглот». 

Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 10 ұпайдан,жиыны-20 ұпай беріледі. Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам. Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды- ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ және орыс тілдеріне аударыңдар. 

1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок) 

2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ. 

Қыста жер бетін басады, 

Жазда сайға қашады. 

Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег) 

3.Қаласы бар,үйі жоқ. 

Өзеңі бар,суы жоқ. 

Орманы бар,бүрі жоқ. 

Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта) 

4.Қабат-қабат қаттама, 

Ақылың болса аттама! 

Немесе- 

Көп әңгімем,өлеңім, 

Күнде ақыл беремін. 

Жақсы көрсе мені кім, 

Соған тиер көмегім. ( кітап-книга) 

5.Түк білмей барасың, 

Тәлім аласың. 

Есейіп кетсең де, 

Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа) 

6.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед) 

7.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи) 

8.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник) 

4-кезең. «Қазақстандықтар» сөзінен сөз құрулары қажет,ең аз сөз құрған сайыскер ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі. 

5-кезең Қалған ойыншы өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды. 

Ұсынылған тақырыптар: 

1.Менің отбасым; 

2.Менің досым; 

3.Менің мектебім; 

4.Менің күн тәртбім; 

5.Менің ауылым; 

6.Қыста. 

6-кезең «Қай септік?»

 -ойыншылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады.Қалған 5 сайыскер өздері таңдап алған парақтары бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа берілетін ұпай саны-5.Ұпай аз ойыншы шығарылады. 

1.Барыс септікті сөз тіркесін тап: 

А)қаладан келді; 

ә)қаланың адамы; 

б)қалаға барды; 

в) қалада тұрада 

2. Жатыс септікті сөз тіркесін тап: 

А)мектепке келді; 

ә)мектептен қайтты; 

б)мектепті бітірді; 

в)мектепте оқиды; 

3.Табыс септікті сөз тіркесін тап: 

А)ауылдың малы; 

ә)ауылға бардым; 

б)ауылдан келдім; 

в)ауылды жақсы көремін; 

4.Шығыс септікті сөз тіркесін тап: 

А)оқушымен келді; 

ә)оқушыдан сұрады; 

б)оқушыны көрді; 

в)оқушыға қарады; 

5.Көмектес септікті сөз тіркесін тап: 

А)қаламды алдым; 

ә)қаламның сиясы; 

б)қаламмен жаздым; 

в)көп қалам 

7-кезең 

Сайыскерлер сөздердің антонимдерін жазып айтады. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін және олардың  аудармасын айту қажет. /участники находят и озвучивают антонимы данных им слов, с переводом/

1.Сөздердің антонимдерін табыңыз 

1.жаңа –ескі  /новый –старый/

2.бүгін  - кеше  /сегодны-вчера/

3.жақсы –жаман  /зороший-плохой/

4.тар – кең  /узкий-широкий/

2.Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.аз – көп /мало-много/

2.биік  - аласа /высокий-низкий/

3.кішкентай – үлкен /маленький-большой/

4.ерте –кеш /рано-поздно/

3. Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.күн-түн /день-ночь/

2.алыс-жақын /далеко –близко/

3.аш-жап  /открой-закрой/

4.қысқа-ұзын  /короткий-длинный/

4. Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.кедей – бай  /бедный-богатый/

2. үстінде –астында  /наверху-внизу

3.ақ – қара /белый-черный/

4.жақсылық –жамандық  /добро-зло/

1. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз 

1.новый -жаңа

2.расписание –кесте

3.дедушка -ата

4.хлеб -нан

2.Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз 

1.время -мезгіл

2.год -жыл

3.август -тамыз

4.лето –жаз

3. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз

1.класс –сынып

2.сахар-қант

3.класс -сынып

4.сахар-қант

4. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз

1.старый –ескі

2.врач-дәрігер

3.независимый-тәуелсіз

4.учебник-оқулық

8 –кезең. «Мақалды аяқта» 

кезеңінде қалған 3 сайыскерге мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі. Әр мақал үшін 5 ұпай есептеледі.

№1.

1.Өмір-үлкен ..... (мектеп)                                           

2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз) 

3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)

№2. 

1. ... бір күні,қыстың ...айын асырайды (күздің,бір) 

2.Ұстаздан шәкірт .... (озар) 

3.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)

№3. 

1.....жолдастан таяғым артық (жаман) 

2.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта) 

3.Кітап- ....,тілсіз мұғалім (ғалым)

9 –кезең. «Жорға» 

Қалған екі сайыскер минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Көп ұпай жинаған оқушы сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады. 

1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 

1.Тілдер күні (22 қыркүйек) 

2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт) 

3.Республика астанасы (Астана қаласы) 

4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ) 

5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ) 

6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі) 

7.Кабинет истории (тарих кабинеті) 

8.Біздің аудан атауы (Атбасар) 

9.Бала оқытатын адам (мұғалім) 

10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).

2-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 

1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) 

2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы) 

3. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы) 

4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз) 

5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір) 

6. Аптаның соңғы күні (жексенбі) 

7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті) 

8.Адамды кім емдейді? (дәрігер) 

9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен) 

10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков).

Қазылар алқасыларға сөз беріледі.  Жеңімпаз  «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады. Қатысушылар қатысқандары  үшін «Сертификат» алады .

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ "Сиқырлы қазан"

Автор: Наралиева Гулнур Казбековна

Дата: 25.07.2017

Номер свидетельства: 424464

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ашық сабақ "Сиқырлы қазан""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk_sabak_sik_yrly_k_azan"
    ["file_id"] => string(6) "424458"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1501001280"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""Жемістер.Алма" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(28) "zhiemistier_alma_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "421316"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1497169050"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашық сабақ "Ойыншықтар әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk_sabak_oiynshyktar_lemine_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "483095"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541064515"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "ашы? саба? "Мені? Отаным-?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "315323"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459863205"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "№2 педагогикалық кеңеске "Гүлдер" атты ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(47) "2_pedagogikalyk_keneske_gulder_atty_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "543249"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1584524576"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства