Технологиялық карта
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: Пішінді тап.
Мақсаты: Балаларға пішіндер туралы айту.
Міндеттері :1.Дөңгелек, төртбұрыш заттарды ажырату арқылы салыстыра білуге үйрету.
2.Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Балаларды пішіндерге деген қызығушылықтарын үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Тапсырма бойынша суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: Тапсырма бойынша суреттер.
Сөздік жұмыс: пішін
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбер
Балалар кәне шеңберге тұрамыз. Бір- бірімізге жылы лебіздерімізді білдіреміз. Дұрыс өте жақсы. Балалар шаттық
Шеңберін дұрыс жасай алады.
Дөңгеленіп тұрмыз.
Ұйымдастырушылық ізденістік Балалар айтыңдаршы қандай пішіндерді білесіңдер?
Мынау қандай зат?Дұрыс өте жақсы. Бәріміз көзімізді жұмып Орманға саяхатқа барамыз.
Орманда біз алма ағашына кезіктік. Қараңдаршы ағаштар қандай әдемі? Алмалардың түстері қандай? Ал пішіндері қандай? Олардың пішіні не себепті дөңгелек?
Сергіту сәті:
Алма кетті домалап,
Көше бойын аралап,
Кім алманы табады?
Сол ойыннан шығады. Сурет бойынша балалар заттарды атайды. Шар, доп және т/б.
Балалар алма ағаштарына таңырқай қарайды.
Олардың бұрыштары жоқ
Балалар сергіту сәтін дұрыс орындай алады.
Рефлексивті түзетушілік кезең Бүгін сабақта не істедік?
Сабақта не қызықты болды? Балаларды мадақтап сабақты аяқтау. Балалар пішіндермен танысты. Түстерді атай біле алады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Пішіндерді атай алады.
Игереді: Түстерді игерді.
Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап бере алады.