Білімділік: Орман аңдарына байланысты түсініктерін толықтыру және бекіту.
Дамытушылық: Балалардың тілдік белсенділігін, қиялын, байқағыштығын дамыту. Бейнелеу өнері, мүсіндеу арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялау, аңдарды қорғауға тәрбиелеу. Балалардың қамқорлық, жанашырлық, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Орманға саяхат"»
Тақырып: Орманға саяхат
Мақсат:
Білімділік: Орман аңдарына байланысты түсініктерін толықтыру және бекіту.
Дамытушылық: Балалардың тілдік белсенділігін, қиялын, байқағыштығын дамыту. Бейнелеу өнері, мүсіндеу арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялау, аңдарды қорғауға тәрбиелеу. Балалардың қамқорлық, жанашырлық, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Әдіс тәсілдер: Әңгімелеу, ізденіс, проблемалық жағдаятты шешу. Табиғатты қорғау, аялау, мөлдір суды ластамау.
Сөздік жұмыс: Аю – қонжығы Түлкі – күшіктері
Қасқыр – бөлтірігі Қоян – көжегі
Дайындық жұмыс: Орман туралы әңгіме өткізу. Орман ішінде тәртіп сақтап ережелерін қайталау.
Сабақтың барысы: (Балалар топқа кіріп шеңберге тұрады)
Балалар, бізге қонақтар келіп қалыпты. Қонақтармен жарқын жүзбен амандасып, көтеріңкі көңіл сыйлайық.
(Балалар шеңбер құрып отырады)
Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа барамыз. Кәнеки, саяхатқа
дайынсындар ма? (Дайыңбыз)
Балалар орманда қандай аңдар тұрады, білесіңдер ме? (Білеміз:
Түлкі, Қасқыр, Аю, Қоян)
Дұрыс балалар, орманда қасқыр, түлкі, қоян, аю басқада аңдар
тұрады. Саяхат барысында олармен кездесіп танысатын боламыз. Жолға шығардың алдыңда бәріміз қуаныш шеңберге тұрып, күнмен, аспанмен, достарымызбен амандасып жолға шығайық.
Қуаныш шеңбері:
Сәлеметсіз бе алтын күн,
Сәлеметсіз бе көк аспан.
Сәлеметсіздер ме достарым,
Сендерді көргеніме қуаныштымыз.
Ал, балалар, жолға шығайық!
Тосың сый: (музыкамен ішке сауысқан кіріп келеді)
Біздің орманда бір қызық жағдайлар болып жатыр.
Көмектесіңдер балалар, құтқарыңдар. Аңдардың бәрі улап-шулап жүр. Көмектесіңдер! Асығыныңдар, балалар!
Тәрбиеші: Сауысқанға не болды екен? Орманда не жағдай болды екен. Түк түсінбедік, балалар хатты ашып оқиық. (Тәрбиеші хатты ашып оқиды)
Құрметті балалар, сендерге хат жолдап отырған орман иесі.
Біздің орманда ғажайып өзгерістер болып жатыр. Аңдар байқаусыздан үйлерін ауыстырып алыпты. Енді, үйлерінен адасып таба алмай жүр. Орман аңдарына өз үйлерін табуға көмектесіңдерші. Сендерді күтудеміз.
Сәлеммен: Орман иесі.
Балалар көмекке барамыз ба? (Барамыз)
Ендеше, жолға шығайық, бір-бірімізден кейін тұрып жол
бойымен орманға барайық. Абайлап жүріңдер, өйткені алдымызда кез-келген кедергіге тап болуымыз мүмкін. (Балалар музыкамен келе жатады)
Кедергілер:
Ал, балалар, жолымыздағы бірінші кедергі кездесті. Бәріміз бірге
осы тапсырманы орындап шығайық. (Балалар үңгірге кіріп шығады)
Жарайсыңдар, балалар. Саяхатымызды жалғастырайық.
Қараңдаршы, балалар, тағы кедергіге тап болдық, мына саз балшықтан өтіп кетуіміз керек. (Балалар ойнап тұрады)
Жарайсыңдар, балалар, көрдіңдер ме! Білімді – мыңды жығады –
дегендей бәріміз бірігіп, бұл тапсырманы да орындап шықтық. (Музыка
ойнап тұрады)
Сауықтыру, демалы гимнастикасы:
Балалар сендерге табиғи қарағай иісін сезесіңдер ме? (Сеземіз)
Бұл – орманға жеттік деген сөз. Орманның таза ауасымен
Білесіңдер ме, балалар, орман - өсімдіктер мен аңдардың үйі. Ал,
біз орманда өзімізді қалай ұстау керек екенің білеміз бе? (Білеміз: шуламаймыз, айғайламаймыз)
Ормандағы ағаш бұтақтарын сыңдыруға бола ма? (Болмайды,
табиғатты қорғап, аялауымыз керек)
Кәнекки, тақтамызға жақындап мына карточкаларды алып,
аңдарымызға көмектесейік.
Дидактикалық ойын: «Кім қайда тұрады?»
(Әр бала карточканы алып, өз орындарына қояды, тәрбиеші мен балалар жасаған жұмыс туралы әңгімелеседі. Пікір-талас өткізеді)
Балалар, қараңдаршы аңдарға үйлерің табуға көмектестік. Біз
дұрыс жасадық па? (Дұрыс жасадық, өйткені әр аңның өз үйі болу керек)
Тақпақ
Аюға – қожығы,
Құланға – қодығы,
Бөлтірік – қасқырға,
Құралай – киікке,
Жас лағы – елікке,
Құлыны – биеге,
Ботасы – түйеге,
Қоянға – көжегі,
Анаға – бөбегі,
Бәрінен сымбатты,
Бәрінен қымбатты.
Балалар біздің орындалмаған бір тапсырмамыз бар. Ендігі жұмысымыз балықтың үйін табу. Кім біледі, балықтар қайда тұрады? (суда, өзенде, көлде.)
Ал, балалар, жолға шығайық. Қараңдаршы, біздің жолымызда тағы бір кедергі тұр. Көпірді өтуіміз қажет. (Балалар көпірді өтеді)
Балалар өзенімізге де келіп жеттік, балығымызды суға жіберейік. (Өзеннің іші қоқс)
Не болды? Неге балықты суға жібермейсіңдер? (Су лас, судың іші қоқс)
Дұрыс, ластанған кір суға балықты жіберуге болмайды. Ондай болса, не істеу керек? (Суды қоқыстан тазалау керек)
Дұрыс балалар, ең алдымен өзенді тазалау керек. (Қоқысты жинайды)
Енді, балығымызды жіберуге болады. Балалар біздің
балығымыздың көңіл-күйі болмай тұр. Себебі ол жалғыз өзі ғана. Достары да жоқ, сондықтанда көңіл-кұйі де жоқ. Балығымызға ермексаздан дос балықтарды жасап берейік. (Тәрбиеші мен балалар жұмыс жасайтын үстелдің қасына барып жұмысқа кіріседі)
Ермексазбен жұмыс: «Балықты жасау»
Рефлексия: (Тәрбиеші мен балалар отырып, пікірлеседі, сұрақ-жауап арқылы)