Есік қағылады, -Балалар бізге қонаққа қуыршақ келді, алдымен оған есімін қойып аламызба? Қуыршақтың есімін кім деп қоямыз? Ендеше бәріміз қуыршақ Данаман амандасайық
Дана қуыршағымыз бізден көмек сұрап келіпті. Қуыршақ Дананың үйі жоқ екен, бізден үй жасап беруге көмектесулеріңді сұрайды, үй жасап беремізбе? Суретке назар аударайық. Суреттен не көріп тұрсыңдар? Қандай үйлер ? Үлкен үйдің қабырғасының түсі қандай ? Дұрыс айтасыңдар, төртбұрышты ақ екен. -Ал балалар үйдің шатыры қандай түс? Дұрыс айтасыңдар, үшбұрышты қызыл екен. Кім үйді құрастыруға шығады? 1-ші үйдің қабырғасын тұрғызамыз, содан кейін шатырын қондырамыз. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Педагог балаларға түрлі түсті қиылған үйдін бөлшектерін береді. Осы бөлшектерден үйдің қабырғасын ақ қылып, шатырын қызыл қылып үй жасайық. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз, Алақанды соғамыз. Жоғары-төмен қараймыз, Топылдатып басамыз. Орнымызға жайғасып отырайық. Полилингвальный компонент: - екі тілде қайталайық. Ақ –белый, қызыл – красный, үй –дом, қуыршақ –кукла. Үлкен үй – большой дом, кішкентай үй – маленький дом. Балалар қиылған қағаздардан жасаған үйімізді қуыршақ Данаға берейік. Қуыршақ Дана балаларға рахмет айтып шығып кетеді. |