kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: "Қуыршаққа арналған шананы жинап құрастыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға шананы жасау әдістерін үйрету.

                                      ә)Технологиялық енбектің көмекші құрал саймандарын

                                          дұрыс қолдана білуді үйрету.

                                      б)Ағаштың қасиеттеріне қарай дұрыс, өз орнымен

                                         білуді үйрету.

                                          Шананың түрлерімен таныстыру, оның жасалу    

                                          жолдарын  түсіндіру, ағаш шикізатын тиімді      

                                         пайдалануға, дұрыс жұмыс істей білуге үйрету.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға шананы жасау әдістерін үйрету.

                                      ә)Технологиялық енбектің көмекші құрал саймандарын

                                          дұрыс қолдана білуді үйрету.

                                      б)Ағаштың қасиеттеріне қарай дұрыс, өз орнымен

                                         білуді үйрету.

                                          Шананың түрлерімен таныстыру, оның жасалу    

                                          жолдарын  түсіндіру, ағаш шикізатын тиімді      

                                         пайдалануға, дұрыс жұмыс істей білуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Қуыршаққа арналған шананы жинап құрастыру"»

«Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
















Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі: Ү.Т.Бастаубай







Тараз қаласы - 2017 жыл

19.01.17ж.

7 “ә” сынып

Сабақтың тақырыбы: Қуыршаққа арналған шананы жинап құрастыру.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға шананы жасау әдістерін үйрету.

ә)Технологиялық енбектің көмекші құрал саймандарын

дұрыс қолдана білуді үйрету.

б)Ағаштың қасиеттеріне қарай дұрыс, өз орнымен

білуді үйрету.

Шананың түрлерімен таныстыру, оның жасалу

жолдарын түсіндіру, ағаш шикізатын тиімді

пайдалануға, дұрыс жұмыс істей білуге үйрету.

Дамытушылық: Ағашты өңдеудің қыр-сырын меңгеру, өз беттерінше

жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Еңбекқорлыққа, шеберлікке, ұқыптылыққа,

ұйымшылдық пен жинақылыққа тәбиелеу.

Түзету жұмысы: Ой сана сезімін ояту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау,

қол саусақ қимылын жетілдіру, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап, теориялық және сарамандық.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу бейнелеу өнері ӘТБ.

2.Керекті құрал саймандар: Нұсқау карта, плакаттар жиынтығы, ағаш

тақтайлар, шеттік лента, сызғыш, бұрғы,

қаңылтыр, компромат, кілт шеге, құмқатаз ж/е

т.б.

Сабақтың барысы: :

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Оқушыларды тыныштыққа шақыру, жоқ оқушыларды белгілеу, назарларын сабаққа аудару, сабаққа керекті құрал- жабдықтарын алдыру, жұмысты орындауға қажетті арнайы киімдерінің бар болуын қадағалау.

2. Өткен сабақты қайталау.

Біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Шана не үшін қажет?

Шаналарды қандай материалдан жасайды?

Шана бөлшектерін жасап әзірлеу кезінде қандай құралдан қолданылады?

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз:

«Қуыршаққа арналған – шананы жинап құрастыру»

Қазір қыс мезгілі. Қыс мезгілінде көліктің қандай түрі қолданылады?

Шана – жүк тасуға,адам тасуға арналған қатынас құралы. Шананы көбінесе қайың, емен, метал және алюминий сияқты шикізаттардан жасайды.

Біздің еліміздің территориясы кең байтақ болғандықтан Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде қар көп жауатындықтан шананың атқа, бұғыларға, итке жегілетін түрлері қолданылады. Міне осы аталған аймақтарда қыс мезгілінде әртүрлі жүктер мен адам тасу үшін ең негізгі көлік түрі болып табылады. Ағаштан жасалған шананың табанын металл қаптамамен табандайды, ол шананың жеңіл қозғалуына септігін тигізеді. Біз бүгін шананың қатты ағаш тақтайдан жасалатын түрін, яғни, қол шананы жасап әзірлейміз. Қуыршаққа арналған шананы жасау кезінде сызба нұсқау картада көрсетілген өлшемдерге сүйеніп жұмыс атқарамыз.Нұсқау карта бойынша карта бойынша жұмыс жасау оңай әрі тез болады. Жұмыс басталар алдында өткір құрал- саймандар пайдаланылатын дықтан қауіпсіздік еске саламыз.

Араның, бұрғының, бұрама шеге, қыспақ, үтік, темір қайшы, щүрүптердің қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалаймын.

Белгілі өлшемдер бойынша кесіп дайындалған шана бөлшектерін өз орнына дұрыстап қойып, бұрама шегенің көмегімен бұрап бекітеміз. Бекіту жұмыстары кезінде бұрғылап тесеміз.

Шананың үстіңгі бөлігі, артқы қабырға және екі жоқтау қабырғалардың шеттеріне лентаны үтіктеп жапсырамыз және шана табанын металл қаптамамен табандау жұмытарын атқарамыз.

Осымен біздің қуыршаққа арналған шанамыз дайын болды. Сендер жаңа сабақтан түсінбеген жерлерің болса сұраңдар.


4. Жаңа сабақты бекіту

- Сендер шаналардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Шананы ағаштан басқа тағы қандай материалдардан

жасайды?

- Шана қандай бөліктерден құралады?

- Қазіргі кезде шаналардың қажеттілігі бар ма?

5.Сарамандық жұмыс:

Оқушылар жұмысты екі топ болып орындайды.

А) Шананың табандары: ұзындығы: 40см, ені: 42см 4 дана

Ә) Үстіңгі бөлігі: ұзындығы: 42см, ені: 23см 2 дана

Б) Арқалық қабырғалар: ені: 23 см 2 дана

В) Жақтау қабырғалар: ұзындығы 22 см 4 дана

6. Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбын ата?

Біздер өзімізге керекті шананы жасап алуға бола ма екен?

Оқушылардың екі топ болып жасаған бұйымдарының сапасын тексеріп, жасаған жұмыстарының нәтижесін және кеткен кемшіліктерін көрсетіп шығамын. Міне балалар ағашты дұрыс өңдеп небір әсем бұйымдар жасауға болатынына көздерің жетті. Енді сендер өздерің ізденіп көріңдер, осыны естеріңнен шығармаңдар.

7. Оқушылардың еңбегімен білімін бағалау.

8. Жұмыс орнын жинау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ: "Қуыршаққа арналған шананы жинап құрастыру"

Автор: Бастаубай Үмітәлі Тұрсанұлы

Дата: 30.05.2017

Номер свидетельства: 419487


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства